Компьютерді? сырт?ы ??рыл?ылары (5 класс)


«Компютерлік графика» 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік: Енгізу-шығару құрылғыларына жалпы шолу жасау, монитор, пернетақтаның
жұмысымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін көтеру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
Сабақтың өту барысы:Қызығушылығын ояту
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Компьютердің негізгі құрығыларын ата.
Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?
Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.
Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:
Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхемаидентификациялайтын скан-код жіберіледі.
Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.
Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:
басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер)
функционалды пернелер: Ғ1 -Ғ12
арнайы операциялар пернелері: Епtег, Еsс, Таb6, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе
меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы
сандық пернетақта.
♦♦ Функционалдық пернелер - олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар коипьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларда әр түрлі қызмет атқарады.
♦♦ Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
♦♦ Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
♦♦ Цифрлық-қосымша пернетақта. Nam Lоск арқылы қосылып ажыратылады.
♦♦Еntег -енгізу пернесі-белгілі бір әреккетті аяқтағанда басылады.
♦♦ Бос орын-символдарды бір-бірінен ажыратады.
♦♦ немесе ВаскSрасе пернесі алдыңғы символды өшіреді.
♦♦ Shift бұл кіші әріптерді үкен етуге және керісінше орындауға болады.
♦♦ Сарs Lоск - үлкен әріптер енгізіледі.
♦♦ Dеlеtе - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
♦♦ Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын
пайдаланады-Сtгl Аlt.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?
Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз
Мониторға сипатта бер
Монитордың қандай түрлері бар?
Пренетақтаның блоктарын айт
Негізгі пернелердің қызметі қандай?
Үйге тапсырма: Сыртқы кұрылғыларды оқу, сөзжұмбақ, ребус құрастыру