?азіргі заман?ы дербес компьютер архитектурасыны? даму ?рдісі (8 сынып, саба? жоспары)


Информатика 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютер архитектурасының даму үрдісі.
Сабақтың мақсаты:
Дұрыс ойлай білуге, жауапкершілікке және адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Дербес компьютер архитектурасын сипаттай білуге үйрету, теориялық білімді тәжірибеде пайдалана білуге бейімдеу.
Ақпараттық мәдениетін дамыту және логикалық терең ойлай білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың өткізілу әдісі:  түсіндіру, көрсете баяндау, өзіндік жұмыстар орындату
Сабақтың өткізілу формасы: ұжымдық, жеке
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта және оның құралы, компьютер құрылғылары, тақырыпқа байланысты презентация, үлестірмелер.
Негізгі дереккөзі: 8-сыныпқа арналған оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысуын түгендеу.
- Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру
(Қысқаметражды қызықты бейнефильм көрсету).
ІІ. Жаңа сабаққа әзірлік.
Оқушыларға ДК қолданылу сипаттамалары туралы баяндау.
Дербес компьютерлердің кең таралуына және қолданылуына мынандай сипаттамалар ерекше әсер етті:
1) адамның компьютермен қарым-қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;
2) құнының арзандығы;
3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы (кез келген жерге орнатуға болады);
4) құрылымының «ашықтығы» нәтижесінде қолданушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және қомпьютер қуатын жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңейте алады;
5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі;
6) әр түрлі қолдану салаларына арналған программалық құралдарының мол болуы;
7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі.
IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірінен тәуелсіз жасалуы, тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.
-112660-259907Ақпаратпен қамтылуы
Программамен қамтылуы
Компьютердің конфигурациясы
Ақпаратпен қамтылуы
Программамен қамтылуы
Компьютердің конфигурациясы

Аппараттық бөліктер (компоненттер) арасындағы байланыс принциптері компьютердің архитектурасымен анықталады.
Компьютердің архитектурасы – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Егер компьютердің аппараттық бөліктері арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның архитектурасын стандарттық деп атайды. Архитектурасы стандарттық емес компьютерлер де бар, бірақ олар көбінесе басқа құрылғылардың құрамында қолданылады. Мысалы, ұшақтардың борттық компьютерлері мен тұрмыстық техниканы басқару жүйелері.
Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейман принципіне негізделген және құрастырудың модульдік принципін пайдаланады.
1946 жылы Артур Бёркс, Герман Голдстайн және Джон фон Нейман «Электрондық есептеу құрылғысын және логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады. Мақалада ЭЕМ-де деректерді бейнелеу үшін екілік санау жүйесін пайдалану негізделді, программа мен деректер үшін ортақ жадты қолдану идеясы ұсынылды. Джон фон Нейманның аты сол кезде ғылым кеңістігінде кеңінен танымал болатын. Сондықтан, онымен бірігіп жазған авторлар екінші қатарға ығыстырылып, бұл идеялар «фон Нейман принциптері» деген атауға ие болды.
Дербес компьютер архитектурасы – процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.
647700193040
Дербес компьютердің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол үш түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұяшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер шинасы арқылы деректер жеткізіледі. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Мысалы, Pentium процессорларының адрестік шинасы – 32 разрядтық, яғни процессор 232 жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.
Ең артық жүктелетін шина – ол видеодеректер тасымалданатын шина. Мұндай ағындар үшін жеке шина бөлінеді. Басқа барлық компоненттерге құрылғылар шинасы бөлінеді. Қазіргі компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USB (Universal Serial Bus) шинасы қолданылады.
Аналық тақша – қазіргі дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросхемадан тұрады:
1) Солтүстік көпір (North Bridge) – орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.
2) Оңтүстік көпір (South Bridge) – ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын және сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.
ІV. Білімді бекіту, пысықтау
1) «Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі
- Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын атап бер.
- ДК архитектурасы деп нені айтады?
- Жадтың қызметі қандай?
- Аналық тақша дегеніміз не?
- Жүйелік шинаның құрамы қандай?
- Ортақ жадты қолдану идеясы неліктен «фон Нейман принципі» деп аталады?
545465263525002) Сөзжұмбақ шешу және блиц-сұрақтарға жазбаша жауап беру:
3) «Көкпар» (ортақ сұрақтарды талдау).
Тұрақты жад пен сыртқы ақпарат тасымалдаушыларды салыстыра отырып, кестені толтыру жұмыстарын жүргізу.
46355020129500
4) «Ой қозғау» әдісі (суреттер бейнеленген кестені сәйкестендіріп толтыру).
89725539116000Оқушылар әр құрылғының тұсына оның қандай құрылғы екенін жазады және сол туралы мәліметтер айтады.
5) «Артығын тап»
187515543624500Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларынан артығын тауып, әр түрлі түске бояйды. Боялмаған ұяшықтарда орналасқан атауларға түсініктеме береді.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау
- Тақырып бойынша түйін.
- Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау және мадақтау.
VІ. Үйге тапсырма
§7, §8 қайталау