Компьютерді? ?осымша ??рыл?ылары,?осымша ??рыл?ыларды орнату,драйверлер (8 сынып)


№10 сабақ
Сыныбы: 8а, 8ә, 8б,8в. Күні:13.11,16.11.
Сабақтың тақырыбы:  Компьютердің қосымша құрылғылары,қосымша құрылғыларды орнату,драйверлер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға   компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.;
Тәрбиелігі: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
-Оқушылармен сәлемдему;
-Оқушыларды түгендеу;
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-Компьютердің дайындығын бақылау,техника қауіпсіздігін ескерту.
IY.Сабаққа дайындық кезеңі.
Компьютердің негізгі құрылғыларына қандай құрылғылар жатады ?
Неліктен бұл тізімге тышқан кірмейді ?
Өткен сабақта құрылғылардың бәрін оқыдық па ?
Құрылғылардың қайсысын компьютерге қосуға болады ?Y.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі  
Компьютерге қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады. Оларды атайық. Құрылғының қайсысы ақпаратты енгізуге қызмет етеді ? Қайсысы шығаруға?
Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.
Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.
Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.
Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .Ақпарат тасығыштар :·         қатты диск (винчестер) ;·         жұмсақ диск (дискета ) ;
·         лазерлік дискілер ;·         флеш –жады.
Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.
Жұмсақ дискі – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.
Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшамдискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады. Ал DVD дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар – флеш – жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш –жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан –жылға артып келеді.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
1.Компьютердің қосымша құрылғыларын ата.
2.Драйверлер дегеніміз не?
3.Флеш-жадылар дегеніміз не?
4.Ақпарат тасығыштарды ата.
5.Принтердің неше түрі бар?
YII. Сабақты бекіту кезеңі
Компьютерде тәжірибелік жұмыс:
YII. Үйге тапсырма беру кезеңі: §10 оқу,тест сұрақтарына жауап беру.
Тексерілді:_________________
№14 сабақ
Сыныбы: 8а, 8ә, 8б,8в. Күні:11.12,14.12.
Сабақтың тақырыбы : Күрделі шарттарға есептер шығару
Cабақтың мақсаты:
Білімділігі: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелігі: Әр оқушыны жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1)Сәлемдесу
2)Түгендеу
3)Назарын сабаққа аудару
IY.Сабаққа дайындық кезеңі
Паскаль программалау тіліндегі шартты операторПаскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. армақталған алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады. Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі: {Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}IF THEN ELSE ; Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады. Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз: = Тең= Үлкен немесе тең<> Тең емесМысал: program j;var x,y:real;beginread(x);if xb THEN write('max a') else write('max b');end.YII. Сабақты бекіту кезеңі
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
І деңгейМұғалімнің көрсеткен мысалына ұқсас есептерді шығару.ІІ деңгейОрташа есептерді шығару.Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құрыңыз.PROGRAM ERKEZHAN;VAR a: real;BeginWrite('vedite a');read(a);if a>=0 THEN write('a он сан') else write('а терис сан');end.ІІІ деңгейКүрделі есептерМысал:Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға шығару керек.program h;var t:real;beginread(t);if t>=50 then write(' ыстык ') elseif t>=25 then write(' калыпты ') else write('суык ');writeln('t=',t);end.Оқушыларды бағалау.
YIII.Үйге тапсырма беру кезеңі. Өткенді қайталау
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу.
program nik,tur;var L,R:integer;const pi=3,14;beginread(R);L:=2*3,14*R;writeln('L=',L);end.
program nik,tur;var L,R:integer;const pi=3,14;beginread(R);L:=2*3,14*R;writeln('L=',L);end.

Тексерілді:__________________
№15 сабақ
Сыныбы: 8а, 8ә, 8б,8в. Күні:18.12,21.12.
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер.Тура және кері есепшоты бар циклдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға   Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру; ондағы циклдармен жұмыс жасауды үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
-Оқушылармен сәлемдему;
-Оқушыларды түгендеу;
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-Компьютердің дайындығын бақылау,техника қауіпсіздігін ескерту.
IY.Сабаққа дайындық кезеңі.
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Y.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі  
Тілдің алфавитіТілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).
Тура есепшоты бар циклдер:Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
Цикл дегеніміз не?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
YII. Сабақты бекіту кезеңі
Компьютерде тәжірибелік жұмыс:
YII. Үйге тапсырма беру кезеңі: §
Тексерілді:__________________
№16 сабақ
Сыныбы: 8а, 8ә, 8б,8в. Күні:25.12,28.12.
Сабақтың тақырыбы : Циклдік алгоритмдерді программалау
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Циклдік алгоритмдерге программа құруды үйрету. Оның қызметші сөздерімен таныстыру.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1)Сәлемдесу
2)Түгендеу
3)Назарын сабаққа аудару
IY.Сабаққа дайындық кезеңі
Паскаль тілінде операторлар қанша бөліктен тұрады?2. Қарапайым оператор дегеніміз не?3. Күрделі оператор дегеніміз не?4. Меншіктеу операторы дегеніміз не?5. Goto операторының міндеті қандай?6. Қарапайым операторларға қандай операторлар жатады?
YII. Сабақты бекіту кезеңі
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
№1. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек. Program kosindi;Var I, s:integer;BeginS:=0;For i:=5 downto 1 doS:=S+I;Writeln (‘s = ‘, s);End.№2. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар. Program san;Var i: integer;Begin Wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’);Writeln;For i:=1 to 100 doWrite (i:4);End.№3. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар. Program jup;Var i: integer;Begin Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);For i:=30 downto 10 do If I mod 2=0 then Writeln (i);End.№4. 1- ден 100 –ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек. Program tak and jup Var I, s, s1: integer;S:=0; S1:= 0;For i:=1 to 100 doBeginIf I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;Writeln (‘ s=’, s, ‘ , ‘ , ‘s1= ‘, s1);End;End. Оқушыларды бағалау.
YIII.Үйге тапсырма беру кезеңі. Өткенді қайталау
Тексерілді:_____________