Саба? жоспары: Таза б?ла? ?дебиеттік о?у


Күні:10.03.15ж
Сабақ:ана тілі
Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»
Мақсатымен міндеттер: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: М. Дулатов, Ы. Алтынсарин портреттері, қоян, жылан суреттері, тест сұрақтары
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: әңгімелеу,
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгін сабақта Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» Ш. Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт»- шығармаларымен танысамыз.
Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889)


Педагог, ағартушы
Костанай өңірінде туған

ақын

жазушы

үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
бұлақ сипатын оқы
мәтіннен қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқы
сөздік жұмыс: зор-үлкен, ділдә-алтын ақша, тақыр- қатты жер.
Әңгімені тағы қалай атауға болады?
Мәтіндегі ақыл сөзді дәптеріңе жазып ал.
Мәтінді түсініп оқы.
Сергіту сәті
3.Жаңа білімді бекіту:
- мәтіндерді мәнерлеп тұтас оқу
- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
-бірінші жолаушының сөзін оқы
-екінші жолаушының сөзін оқы
- үшінші жолаушының сөзін тауып оқы.
Шығармашылық жұмыс: топпен жұмыс «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ.»- осы пікірмен келісесің бе?-ойыңды дәлелде.
4. Үйге тапсырма: 178-179 бет оқу.