Елін с?йген, елі с?йген елбасы! ашы? сынып са?аты


«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»
Мақсаты:
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қазақстан, Астана туралы слайдтар, коллаж «Менің Отаным»,интерактивтітақта, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Түрі:ашық тәрбие сағаты
Сынып сағатының барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі.
Мұғалім:Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір , қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Оқушылар тақпақ айтады:
Нариман: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Мадина: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Тамирлан: Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Айаулым: Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Мақсат: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Мұғалім келесі сұрақтар қояды:
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар, қалай ойлайсындар, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
Наргиза: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Мұғалім: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
ІІІ. Сұрақ- жауап:
Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоксан 1991 ж.)
Осы жылы мемлекеттің тәуелсіздігіне неше жыл ? (23 жыл )
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
Теңге қай жылы еңгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы деп қашан жарияланды? (10 желтоқсан 1997 жылы)
Оған Астана деген ат қашан берілген? (1998 жылдың 6 мамырында)
Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)
Отан қорғаушы күні? ( 7 мамыр )
Атазаң күні? (30 тамыз )
(интеративті тақтада слайдтар көрсетіледі)
Бұл аталған күндер біздің мемлекетімізде ресми мерекелік күндер болып саналады. Бір неше жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді.
Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан республикасының тұнғыш президенті.
ІV. Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
Самат:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Айаулым:
Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Наргиза: Елбасының өзгеше мінез-бітімі, сөзге қамшы салдырмас шешендігі, кісіні бірден баурап алар ашықтығы Әлжан анасына тартқан. Ауылдың бас көтерер азаматы өзі екенін сезінген Әбіш,соғыс біткенше ат үстінде бел шешпей,елге қызмет етті. Демалыс,ұйқы дегенді ұмытты. “Мен,тіпті,әкемнің қай уақытта жатып ұйықтайтынын көз алдыма елестете алмаймын”,-дейді Елбасы, балалық шағын есіне алғанда. Н.Ә.Назарбаев ата-анасы және інілері Сатыбалды, Болат және қарындасы Әнипамен бірге өскен.
(Н.Ә. Назарбаев туралы слайдтар көрсетіледі)
Мұғалім:Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты.
V. «Ой қозғау» Болашаққа саяхат«Егер де мен Президент болсам….»(оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазады және оқиды)
Мұғалім:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосып жүрсіңдер?
2. Басшыадамқандай болу керек? (оқушылар сұрақтарға жауап береді)
Қ- қазаққа қызмет ететін - НаргизаА- арманына жететін - НаргизаЗ- заңды жақсы білетін - НариманА- алға қарай жүретін - МадинаҚ- қайырымды елімнің - СаматС- салтанатты жерімнің - ТамирланТ- толықтырам сенімін – МаксатА- абыройын,жігерін - АйаулымН- намысын қолдан бермейтін -АйаулымБәрі:Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!
Қортынды:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.