1930-жылдарда?ы ?о?амды? саяси ?мір


Тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: 1920-30 жылдардағы Қазақстан қоғамында болған саяси және мәдени өзгерістер туралы, осы өзгерістердің нәтижелері және кейінгі дамуға тигізген әсері туралы алған білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: 30 жылдардағы тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану, ғылыми бағыт-бағдар беру. Ізденушілікке баулу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің зиялыларын құрметтеу, қадір - қасиетін қастерлей білуге ұлтжандылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тарауды қайталау, білімді жинақтау, қорыту.
Оқытудың әдістері: жеке жұмыстар, ой қозғау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, кестелер, интерактивті тақта.
 Сабақтың барысы:
І. Жолбастар     (ұйымдастыру кезеңі )
ІІ. Жолсапар     (дайындық кезеңі ) 
ІІІ. Аялдама      (тапсырмаларды орындау )
IV. Жолбекет    (қорытынды ) 
 «Ой қозғау»
Біз өткен сабақта «1930 жылдардағы қоғамдық саси өмір» бөлімін аяқтадық. Бүгін сол бөлім бойынша қайталау сабағы. 20-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірін 20-жылдардың соңында орныққан тоталитаризм жүйесінсіз көзге елестету мүмкін емес. 
- Тоталитаризм дегеніміз не? 
- Тоталитаризм – адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына мемлекет тарапынан қатаң бақылау мен белгілеуді ұйғаратын саяси режим. 
            30 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. 
- Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі қандай?
- Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.
- Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.
- Республикалардың заң шығару бастамасы болмады.
Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі»             деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:
- Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.
- Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.
- Әміршіл - әкімшілік жүйе қалыптасты.
            Қандай жазалау шаралары іске асырылды?
Кімдер «Халық жауы» қатарына  жатқызылды?
          Қазақстанда 30 жылдардың басында лагерлер жүйесі қалыптаса бастады. Қандай лагерлер жүйесі құрылды?
 «Қасіретті жылдар» 
                                                           (Кестені толтыр)
1. Қазақстан аумағында қандай лагерлер болды? Кімдер қамауға алынды?
2. Карлаг азабын көргендер арасында одақ көлеміндегі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері болды ма?
Олар: 
1. Ғалым А.Л.Чижевский – салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы.
2. В.Л.Пржецлавский – жылу техникасы жөніндегі ірі маман.
3. Нәдірбай Айтауов – түркімен КСР Орталық Атқару комитетінің төрағасы.
4. А.П.Безруков – спортқа еңбегі сіңген шебер.
5. П.С.Степанов – қарт большевик. Сталин заманының идеологиялық аппараты халықтың тарихи зердесін жоюға бағытталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы неде?
Сталиншілдіктің зардаптары қандай?
30 жылдары Қазақстан қоғамында көптеген саяси және мәдени өзгерістер болды. Мәдени революцияның мақсаты не?
Мәдени революция – қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамдарды тәрбиелеу мақсат қойды.
 
«20-30 жылдадардағы Қазақстандағы ғылым мен білім»
(Жылдармен жұмыс)
 Нәтижесінде 57 ғылыми мекемелерде  1700-ден астам ғалым еңбек етті.
- Өнерде қандай жетістіктер болды?
 «Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы»
 - Қазақстанның барлық жерінде театрлар жұмыс жасамағанменде өнер қайраткерлері, талантты актерлер өмірге келіп, қазақ мәдениетінің дамуына өзіндік үлестерін қосты.Енді сол кезде қазақ әдебиеті саласындағы майталмандардың, ақын-жазушылардың қандай еңбектері өмірге келді.Әдеби шығармалармен бірге, олардың авторларын сәйкестендірейік 
                                           Деңгейлік тапсырмалар 
1. «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» (қаулы, 1930 ж., мамыр)
2. «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» (декрет, 1919 ж., 26 желтоқсан)
3. «Қазақ АСКР-де халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» (қаулы, 1930 ж., 11 ақпан)
4. «Латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиі» (жоба, 1928 ж., күзде)
5. «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» (заң, 1940 ж., 10 қараша)
6. «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату туралы» (декрет, 1918 ж., 21 қаңтар)
7. «Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы» (қаулы, 1934 ж., 15 мамыр).
                                             Термин сөздермен жұмыс
1. Геноцид – 
2. Декрет – 
3. Ұлтшылдық –
4. Пантюркист – 
5. Степлаг – 
6. Гулаг – 
7. Тоталитаризм – 
ҮІІ. Бағалау.  Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын
ҮІІІ. Үйге тапсырма:  1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір туралы реферат жазу