1937-1938 жылдары репрессия?а ?шыра?ан ?айраткерлер


Тақырыбы: 1937-1938 жылдары репрессияға ұшыраған қайраткерлер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық  қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: Қазақстанның  картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аударуСергіту сәті:
ІІІ. Жаңа тақырып.
Жоспары:
1.1937-1938 жаппай жазалау шаралары.
      2. Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлеріа)  Сабақты бастамас бұрын  жаңа сабақты өту барысында кездесетін термин сөздерге тоқталу.
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына  қолданатын қатаң жазалау шаралары.
Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің  барлық саласымемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.
Топтарға бөлу: түстер арқылы
б) Топтық жұмыс ( ой дамыту)  сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу.
1. Қазақстанда тұңғыш жазалау шаралары қай жылдары  басталды?
2. И.В.Сталин мен Ф.И.Голощекиннің фотасын қойып қандай байланыс бар екенін анықтау.
3. Ф.И. Голощекиннің саясаты қандай болды?
4. Жаппай жазалау шараларының себептері?
     Мұғалімнің кіріспе сөзі
1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.
1.Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз
Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігедіТұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.
Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.
Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
2. Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.  Видеоролик арқылы  түсіндіру.
Слайд арқылы жеке – жеке тоқталу.
Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қортындылай келе Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубатқа мәңгі лағынет айтамыз!
Сабақты бекіту:
Топтарға сұрақ беру арқылы  өздерінің ойларын  плакаттка түсіріп, қорғау керек.
Зиялы қауымды жаппай қудалау.
Халық жауларын жазалау.
Қазақстан аумағындағы лагерьлер.
1937-38 жылдардағы репрессияның тарихи маңызы.
Бағалау: өзін – өзі
Рефлексия:
Үйге тапсырма: Саяси – қуғын сүргін құрбандарына байланысты эссе жазу.