?аза?стан тарихынан ?аза?стан аума?ында?ы са? тайпасы (5 сынып)


«Қазақстан аумағындағы сақ тайпасы»
Исаева Жанаргуль Аманжаевна
Астана қаласы №57 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Темір дәуірінде Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттің негізін қалаған сақ тайпалы одақтың құрылу тарихымен, қоғамдық құрылысымен, тұрмысы, шаруашылығы, мәдениеті және тәуелсіздік үшін жүргізген күрестерімен таныстыра отырып оқушының жан-жақты дүние танымдық ойлау қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық: Сақ тайпалы одағының тарихын біле зерттей отырып оқушылардың есте сақтау, саралау, талдау, өмірмен байланыстыру дағды біліктілігін дамыту және деректер мен зерттеулерді өз бетімен оқып, қажетіне сай пайдалану, ғылыми бағыт бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің зиялыларын құрметтей, қадір-қасиетін қастерлей білуге, ұлтжандылық пен сүйіспеншілікке отансүйгіштікке өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Әдістері: Шығармашылық, зерттеу, оқулықпен және қосымша кітаптармен жұмыс, топтасу, іздену. Пед шеберхана элеметтерін қолдану.
Көрнекіліктер: Интерактивтік тақта, Бейне таспа (сақ мәдениетінің мұражайы), археологтардың, тарихшылардың, этнографтардың суреттері, карточкалар, тірек сызбалар және қосымша кітаптар, карта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар өз қалаулары бойынша үш топқа бөлінеді. Осылайша үш дөнгелек ортаға орналасады.
1 стол – қызыл түс
2 стол – сары түс
3 стол – жасыл түс
Бірінші тапсырма: «Іздеп тап»
Әр топқа отырған бөлменің сызба нұсқалық картасы беріледі. Осы сызба карта арқылы олар бүгінгі сабақтың бірінші тапсырмасын тауып алады. Ол үшін әр топ өздеріне ұнаған түсті таңдайды. Сол түс арқылы көне қыш құмыралар мен сандықтарда жасырылынған тапсырманы тауып алады. Үш топ осы тапсырма арқылы үш түсті топқа және өздерінің топтарының атымен танысады.
19
Жасырылған тапсырмалар:
1 топ қызыл түс – «тарихшылар»
2 топ – сары түс – «этнографтар»
3 топ – жасыл түс – «археологтар»
Осылайша бүгінгі сабақ барысында әр топ кім ретінде жұмыс атқаратындығымен таныс болады және әр топ өздерінің мамандығы қандай қызмет атқаратындығымен және қысқаша шығу тарихымен танысады.
Екінші тапсырма: «Сенде ғалым болып көр»
Келесі тапсырма енді оқушылар тарихта өшпес еңбек қалдырған ұлы тұлғалармен танысады. Бұл үшін әр топқа осы тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылады. Оқушылар өздерінің қалауы бойынша таңдау жүргізіп, алдымен өзі танысып сонан соң біздерді таныстырады.
1 топ - тарихшылар

Ермұхан Ілияс Хайдар Тоныкөк Жалайри Бекмұханов Есенберлин Дулати
2 топ- этнографтар

Шоқан Мырзатай Ыбырай Қожа Ахме Жүсіп Уәлиханов Жолдасбеков Алтынсарин Йассауи Баласағұн
20
3 топ - археологтар

Әлкей Қаныш Кемал Зейнолла А.П.Горбунов
Марғұлан Сәтбаев Ақышев Самашев
Үшінші тапсырма: «Өткенге көз шолу»
Интерактивті тақта арқылы қазақ даласындағы темір дәуіріне жататын қорымдарды картадан көрсетіп, қысқаша мәлімет беру
Бесінші тапсырма: «Ой қозғау»
Оқушылаға Жетісу өңірінде Есік обасында тадылған «Алтын киімді адамның» суреті көрсетіледі.
Оқушыларға қойылатын сауалдар:
а) Өткен 5 сыныптаға білімдеріңізді еске түсіре отырып осы «Алтын адам» туралы не білесіздер және ол қай қорымнан табылды?
б) Бұл «Алтын адам» қай тайпалы одақа жатады?
Осыдан оқушыларды осы сабақта Қазақстан жерінде темір дәуірінде алғашқы мемлекеттің негізін қалаған сақ тайпалы одағының тарихымен танысатындығымыз туралы айту.
(оқушылардың ойлары ортаға салады, тыңдалынады, толықтырылады)
Жетінші тапсырма:«Танымдылық»
(Әр топ сақ тайпалы одағының тарихын тану мақсатында жұмыс жүргізеді)
1 топ – тарихшылар ретінде сақ тайпалы одағының тарихын зерттейді
2 топ – этнографтар ретінде қоғамдық құрылымын, тұрмысын, шаруашылығын зерттейді
3 топ – археологтар ретінде «Есік » қорғанын, «Бесшатыр» қорымы және «Берел» қорымы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
21
тарихшылар
Сақтар туралы алғашқы мәліметтер
Сақ тайпарының қоныстануы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі (Кир әскерімен)
Ескендір Зұлқарнайдың сақ еліне жорығы
Шырақтың ерлігі
Оқушыларға дұрыс бағыт беру және көмек ретінде атқаратын жұмыс жоспарлары кесте ретінде беріледі.
Мәдениеті
этнографтар
Сақ қоғамы
Тұрмысы
Темір өндіру
Шарушылығы

-15119352863215
археологтар
Бесшатыр қорымы
Берел қорымы
Есік қорғаны
Аралтөбе қорымы

(Әр топ өздерінің зерттеген жұмыстарын ортаға шығып қорғайды)
Жетінші тапсырма: Сұрақ: «Біз не істедік және не білдік?» - атқарылған жұмысқа әр топ қорытынды береді. Ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды. (3 минуттан)
22
8.Қорытындылау. «Ой қорыту»
1тапсырма: Картамен жұмыс. Әр топқа сақтардың орналасу картасы беріледі. Картаны алдымен топта оқушылар зерттейді, сонан соң тақтадағы картаға дұрыстап орналастырады.
785495147955
43300652952752139315180975
786765251460
2 тапсырма: Әр топтаң ортаға бір оқушыдан шығып тесттік тапсырма арқылы бүгінгі алған білімдерін қорытады.
3 тапсырма: « Мен өзіме қандай жаңалық аштым?» Сұрағына оқушылар жеке параққа жауап беріп, ортада ілініп тұрған суретке оқып іледі.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 12 параграф. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.