Бірі?ді бауыр, бірі?ді дос …


Тақырыбы: «Біріңді бауыр, біріңді дос...».
Түрі: Танымдық, эстетикалық кеш
Мақсаты: Оқушының өзіндік жүйелі дамуына әсер ету, эстетикалық көзқарастарын дамыту. Шын адал достыққа баулу. «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу.
Міндеті: Тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қаблеттерін дамыту. Ой өрістері мен тіл байлықтарын дамыту. Көпшілік ортада ой-пікірін еркін жеткізіп, нақты дәлелді сөйлеуге үйрету. Ұлттық рухққа, жылдам шешім қабылдауға, тосыннан ой айтуға, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қиылған сөздер, суреттер, слайдтар,бейнетүсірілімдер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Релаксациялық жаттығу:
« Жүрек үні... »
Мақсаты: Тыныштықта өз жүректерінің соғысына құлақ түре отырып, сезім құшағына ену арқылы жүрек үнін тыңдай білулерін қамтамасыз ету, алақандардың айқасуы барысында бір-бірінің жылуын, жүректерінің үнін сезінуге, адамдарға деген бауырластық шынайы риясыз достық, туыстық, сүйіспеншілік, адалдық, сенім пейілдерінің пайда болуына ықпал ету.
Мұғалім: Алдымен барлығымыз алақандарымызды тоғыстырып, бір бірімізге жалғасайық. Алақан жылуымызбен бәріміз бір бірімізге дос, бауырдай екендігімізді сезінейік. Енді өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстаңыз да, терең тыныс алып осы күйімізде көзімізді жұмайық. Денеңізді босатыңыз. Тыныштыққа құлақ салыңыз. Өзіңіздің жүрек үнінізді тыңдап көріңіз. (1мин тыныштық) Енді оң қолыңызды жүрегіңізге қойып, жүрегіңіздің соғысын алақаныңызбен сезініп көріңіз. (Тағы да 1 минут тыныштық). Осы тұрған күйімізде көзімізді ашайық, қолымызды түсірмейміз. Енді қасыңыздағы жанды ең жақын, ең қимас жандай сезініп, сол алақанымызды көршілес бауырымыздың оң алақанына қойып тұрып, жүрек жарды лебізімізді кезектесіп білдірейік. (бір-біріне тілектер айтылады).
ІІ Негізгі бөлім.
Рахмет балалар! Шынайы пейілмен айтылған тілектер тек періште құлағына жетсін деп тілейміз. Енді айтыңызшы адамның шын ықыласпен істеген іс әрекеттері қандай сезім тудырады? (оқушылар пікірі тыңдалады)
Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философияда Махаббат – бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді. Платон болса оны Сезімдік және рухани деп екіге бөлді. Сезімдік – сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төменгі сатысы, ал рухани – адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бқлағы деп қарады. Абай атамыз махаббатты – имандылықтың негізі деп санады. Ал, кейбіреулер махаббат – жүрек танымының азығы, күш – қуаты, жебеушісі дейді. Ал, қазіргі жастар сендерсіңдер. Сендер қалай ойлайсыңдар?
Олай болса балалар, бүгінгі танымдық кешіміздің тақырыбын «Біріңді бауыр, біріңді дос...» деген атаумен алуды ұйғардық. Сабақ соңында неліктен бұлай алынғандығын әбден көз жеткізіп өзіңіз тұжырымдарсыз деген ниетпен, ары қарай жалғастырайық.
Жаңа, балалар, сіздер бір-бірімізге деген тілекті жүректен шыққан махаббатпен айттық дедіңіз, олай болса ендігі орайда сіздердің замандастарыңыздың «Махаббат» туралы айтқан пікірлерін тыңдап көрелікші. Экранға назар аударалық.(экраннан шағын бейне түсірілім тамашаланады)
Ендігі кезекте сіздердің пікіріңізше махаббаттың қандай түрлері болады екен?
(Оқушылар пікірі тыңдала отырып тақтада «Махаббат» кластері құрастырылады)
Олай болса махаббатты бірнеше түрге бөлуімізге болады екен
Ананың махаббаты ( сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын )
Әке махаббаты(жауға қарсы кеткен ұлын мойнына бұрша салып, соқыр көзіненжас парлап күткен әкенің махаббаты )
Бауырға махаббат( басына іс түскенде «Әйел жолда, бала белде, бауыр белде, бауырды қайдаң табасың?» дегізген бауырмалдық махаббат)
Отанға деген махаббат( туған жерден, атажұрттан алыстап бара жатып бір уыс топырақты түйіп әкеттірген махаббат)
Достық махаббат (Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да,ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды.)
Өмірге махаббат ( Өмір деген – баға жетпес бақыт. Өмірге келген адам соны лайықты өткізу керек)
Табиғатқа деген махаббат ( Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ.)
Осы махаббаттың қайсысы сіздің бойыңызда бар?
Бұл айтып отырғанымыз жай ғана сөз емес, айналамызды қоршап тұрған шынайы өмірден алынған қорытынды екендігінің дәлелі ретінде, экраннан келесі шағын бейне түсірілімдерді тамашалаңыздар. Одан соң өз пікірлеріңізді ортаға саламыз.
(экранда бірнеше бейне түсірілімдер көрсетіледі: ананың балаға деген махаббаты, адамның жануарға деген махаббаты, оқушының ұстазға деген махаббаты, кемтар адамның өмірге деген махаббаты. Көрсетілген бейне түсірілімдерден алған оқушы әсері мен ой түйіндері ортаға салынып талданады.)
Енді оқушылар, келесі сұрақтарға жауап бере отырып ойымызды әрі қарай өрбітейікші
Махаббат адамның лауазымына, байлығына, жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе?
Махаббат әрқашанда жақсылық әкеле ме?
Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?
Адамға махаббат қаншалықты қажет?
Махаббат сезімдеріне адал ғашықтарды есімізге түсіріп, атап өтінізші.
Адам махабатсыз өмір сүре ала ма?
Неге махабатты қуаныш ,шаттық , бақыт деп ойлайды?
(Оқушылардың айтқан пікірлері негізінде интерактивті тақтада суреттер топтамасы көрсетіліп,осы махаббат түрлері адамға қалай ісер етеді? (соңында схема түрінде махаббат түрлері топтастырылып қорытындыланады.)
ІІІ Қорытынды бөлім.
Балалар, кәне қолыңызды жүрегіңізге қойып қараңызшы, жүрегіңіз қалай соғып тұр, сабағымыздың басындағыдан өзгеріс бар ма? Ендеше, балалар, келесі кезекте бүгінгі кештен алған әсерлеріңізді ой елегінен бір өткізіп, жүрегіңізбен сараптап, баршамызға жүректеп шығып жүрекке жетер тілектер арнасаңыздар... Бұл бөлімімізді «Жүректен жүрекке...» деген айдармен аталық. (тақтада үлкен жүрек бейнесі тұрады, әр оқушы өз жүрекжарды лебізін білдіріп қолдарындағы кішкене жүрекшелерді айналасына іледі.) Рахмет балалар!
Ендігі кезекте, кешімізді өзін-өзі тану бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызының «Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі. Бәрі де махаббаттан басталады....»делінген сөздері мен, орыс жазушысы Р.Рождественскийдің
«Махаббат шуағы»
Бәрінің бастауы – махаббат,
Жаныңа нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рахатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген,
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы - мейірін қандырған,
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы-махаббат!
Өлең сөдерімен жинақтағым келіп тұр.
Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді десек, бір-бірімізді қандай сезіммен қабылдауымыз керек?(достық, бауырластық). Демек олай болса, анамызды сүйгендей айналамызды сүйіп, бауырымызды қамқорлағандай қамқорласақ, досты сыйлағандай сыйлап, қадірлей білсек өмір сүру мен өмірдің мәні өзгермей ме? Міне тақырыбымыздың да ұлы Абай сөзімен «Біріңді бауыр, біріңді дос...» деп алынуының себебі де осында. Бүгінгі кеш сіздерге жүрек жылуын сыйлап өмірлеріңізге рухани азық болды деген үмітпен кешімізді аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!!!
Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты


Сыныбы: 9 «ә»
Өткізген: Кодарова Назгул
2015 – 2016 оқу жылы