Ашы? саба? «Ана тілім — дана тілім, ба? тілім!» 4сынып


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!»
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.Міндеттері:Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;ой – өрісін кеңейту;Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.Түрі: Әңгіме, сұрақ — жауап.Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.Барысы: Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!»  атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
НуркенСҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді:
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді.
Әдібай ТабылдыАсемгулАНА ТІЛІ САБАҒЫНДА
-Ана тілі тым оңай!
Деп Күлдірген тыңдамай
Терезеге қарады,
Теректерді санады.
Оны көріп мұғалім,
Қойды кенет сұрағын:
-Айтшы, тұрып сен ендіАнықтауыш дегенді.
-Анықтауыш … Әрине …
Анықтайды бәрін де …
Күбір сөзі ұзарып,
Күлдірген тұр қызарып.
Ана тілін білмесең,
Аһ ұрасың күнде сен.
Әдібай ТабылдыСанатАНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!                                     Қ.МырзалиевӘлинұрАНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай бізӨзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
М.Әлімбаев
Ақарыс
АНА ТІЛІ
Ақыл-ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
 
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін  терең білуді.
Ә.Табылды 
ҚанатАНА ТІЛІМ
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмасаМықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмасаБүтінделмес кемдігім.                                              С.Кәттебайұлы
 
Нұрлыхан
АНА ТІЛІ
Мейірі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.                                         Ш.Сариев 
АзаматТуған  тілім – бабам тілі — өз тілім.
Туған тілім – анам тілі — өз тілім.
Туған тілім – далам тілі — өз тілім.
Туған тілім – адам тілі — өз тілім.
Д.Әбілев
Динара
АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдырет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!
 
Тағдырым, даралама тілден мені,
Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі.
Тіл – елмен табыстырар алыстағы,
Аспандатар жердегі жүрген мені.
 
Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,
Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?
Тілер едім таусылса ақтық демім,
Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де…Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ — жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.Оқушыларға сұрақтар қою.1. А. Байтұрсынов кім?2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)2. Бал тамған тілден…(у тамған)3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар). 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)10. Тіл қылыштан… (өткір)11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)12. Тілден артық…(қазына жоқ)13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)16. Өнер алды – ( қызыл тіл)17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)18. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)19. Басқа пәле -…(тілден)20. Білім кілті -… (тіл)21. Тілге құрмет –(елге құрмет)Жүргізуші: «Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылады сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет.