Открытый урок по физику на тему Закон Архимеда (7класс)


Сабақ: Мектеп: №278 орта мектеп
Күні:03.03.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Қазыбекова Жұлдызай
Сынып:7 Ә Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың
тақырыбы:
Архимед заңы
Сабақ негізделген оқу мақсаты Оқушылар сабақ соңына қарай не үйренгенін қалайсыз?
Архимед заңын тұжырымдап, есеп шығара алғанын
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады:
Шамаларды, негізгі ұғым,анықтамаларды біледі.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Архимед заңын тұжырымдап, есеп шығара алады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Архимед заңын тәжірибе жүзінде көрсете алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
Ығыстырушы күш, тығыздық,көлем
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ығыстырушы күшті қай кезде байқаймыз?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Неліктен суда арқаңмен жүзген оңай?
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
Бағалау
критерийлері: Алдыңғы оқу Қысым, манометрлер,сорғылар
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз Ресурстар
Басы
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, топтастырып отырғызу.
Өткен тақырыптар бойынша мұрақтар:
Жерді орап тұрған ауа қабаты ? (Атмосфера)
Атмосфераның ең төменгі қабаты ? (тропосфера)
Жерден 10000км биіктікте орналасқан ауа қабаты? (экзосфера)
Жер бетіне және ондағы барлық денелерге қандай қысым түседі? (атмосфералық)
Атмосфера қысымын алғаш рет анықтаған ғалым? (Э.Торричелли)
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (барометр)
Барометрдің бір түрі ? (анероид-барометр)
Атмосфералық қысымның бірлігі қандай? (мм сын. бағ.)
1 мм сын. бағ. неше Па-ға тең? (133,3 Па)
Плакаттар
Видеожазба
Ортасы
Информатика айдары. Оқушылар жаңа тақырып бойынша мәлімет алмасады.
Бейнежазба тамашаланады (2 мин)
Бейнежазба бойынша сұрақтар қойылады
Әр топқа тапсырмалар беріледі(7 мин)
І-топ. Архимед заңының шығу тарихы
ІІ-Заңның қорытынды формуласы
ІІІ-топ. Қолданысы (тәжірибемен көрсетеді)
ІV-топ. Гидростатикалық өлшеу әдісі
Постер қорғайды( 6мин)
Архмед жайлы қосымша ақпарат беріледі.(2мин)
Архимед ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D1%80%D0%B5%D0%BA_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Ежелгі грек тілі" көне грекше: Αρχιμήδης, б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы – Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B5%D0%B4" \l "cite_note-1" [1]Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын (Архимед заңы) ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның “Эратосфенге жолдаған” хаты 1906 жылы ғана табылған. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарай бастаған. 1823 жылы Архимедтің “Шар мен цилиндр” және “Дөңгелекті өлшеу және леммалар” атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.
Математика айдары:
Есептер шығару(8 мин)
Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.
Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.
Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н.Тығынның көлемі қандай, егер ρтығын=240кг/м3 болса.
Физика айдары:
Оқушылар Архимед заңын түрлендіре отырып тәжірибе орындайды.(10мин)
Сөздікпен жұмыс(2мин)
Архимед күші- The strength of Archimedes
Тығыздық- density
Көлем- volume
Барлық оқушыларға сұрақ.
3 түрлі фигура берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?

Бейнежазба
Соңы
Сабақты бекіту тапсырмалары:
«Иә» немесе «жоқ» (2мин)
Суға батырылған денеге кері итеруші күш әсер етеді***
Денеге тек ауырлық күші әрекет етеді***
Дененің тығыздығы судың тығыздығынан жоғары болса, батып кетеді***
Тұзды судың тығыздығы жоғары***
Архмед заңы дененің көлемі мен тығыздығына тәуелді емес***
Бағалау.(3мин)
Үй жұмысы: Архимед күші, 23- жаттығу есептер шығару
Рефлексия: Тақтада ілінген «Жетістік баспалдағы» картасына меңгергенін түске қарай орналастырады