Поурочное планирование по казахскому языку на тему Астана ?аласы (6-сынып)


Сынып: 6 «Б» сынып
Мұғалім: Абильтаева Айсулу Темирболатовна
Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Астана қаласы туралы мәлімет беру, білім деңгейлерін арттыру, біріккен сөздер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшандыққа, әдептілікке, Астана қаласын мақтан түта білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласына байланысты суреттер, сызба, кеспе карточкалар, «Инсерт» стратегиясы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен сәлемдесу
Ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Бүгін сабақта кезекші кім?
-Оқушылар сыныпта түгел ме?
- Қазір қай жыл мезгілі
-Аптаның қай күні?
-Бүгін нешесі?
-Қазір қай сабақ?
Б) Журнал толтыру
В) Сабақтың тақырыбын хабарлау
Г) Өтілген тақырыпты қайталау
ІІ. Қайталау, білімді бақылау
ІІІ. Үй жұмысын тексеру. «Сауал-бізден,жауап-сізден»
-Сыйлықтар қандай болады? (Сыйлықтар әр түрл болады: күнделік, ұялы телефон, түрлі ойыншықтар т.б.)
-Досыңа туған күніне қандай сыйлық сыйлар едің? (Мен досыма.... сыйлар едім)
-Туған күн иесіне не сыйлайды? (Туған күн иесіне сыйлық сыйлайды)
-Сенің туған күнің қашан? (Менің туған күнім.......)
-Сенің туған күніне кімдер келді? (Менің туған күніме туыстарым, сыныптастарым, достарым келді)
-Туған күнге қандай сыйлық алғын келеді? (Мен туған күнге...............)
ІV. Жаңа материалды түсіндіру.
Астана қаласында болдыңдар ма? Қандай қала? Несімен сендерге ұнады?
Жаңа сөздермен таныстыру.
Тұрғын- житель
Орталық -центр
Ғимарат -здание
Бой көтерді- выстроились
Қасиетті- священный
Танымастай- неузнаваемо
Ұлт өкілдері -представители наций
Болашақ- будущее
дұрыс айтуға дағдыландыру
жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру
сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру
1.«Бәйтерек», «Ханшатыры» қиылғанқимадан, оқушылар өз топтарын табады.
қайда орналасқан екен?
-Дұрыс айтасыңдар, Астанада. Олай болса, бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін еліміздің бас қаласы, асатанасы, жастардың, болашақтың қаласы «Астана қаласы» туралы болмақ.
- Астана туралы не білесіңдер?
2. «Мен не білемін?» (білгендерін топтастыру)
3. «Астана айшықтары» астанаға саяхат.
-Енді балалар, сендермен бірге, Астанаға саяхат жасаймыз. Астана қаласы туралы суреттермен қатар мәліметтер беріледі. Бүгін біз Астана қаласы туралы біршама деректер алдық. Оқушылар сұрақтарға суреттердің көмегі арқылы жауап береді.
-Отанымыз қалай аталады?(Қазақстан)
-ҚР Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
- 1 желтоқсан қандай мереке? (Президент күні)
-Сонымен, біздің ҚР астанасы қай қала? (Астана)
-Астана ҚР нешінші астанасы? (4-ші астанасы)
-Астана қаласының рәмізі болып не табылады деп ойлайсыңдар?
-Астанамыз Ақмола қаласы болып қашан ауыстырылды?
4. «Сиқырлы сандар не дер екен?» (Ой қозғау)
1920-1924 жж. Орынбор қаласы.
1924-1929жж. Қызылорда қаласы
1929-1997жж. Алматы қаласы
1997ж. астана Ақмола қаласына көшірілді.
1998ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. – Сонымен бұл сиқырлы сандардың сырларын ашып бердіңдер. Әр елдің, мемлекеттің, републиканың басты қаласы-астанасы болады. Қазақстан Ресбубликасында-Астана қаласы, тарихта 4-ші астанамыз.
5.Мәтінмен жұмыс. (72-бет,2- тапсырма) Астана.
Тәуелсіздік Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интеркониненталь» қонақ үйі. Жастар сарайы,көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында без жұлдызды «Алатау»қонай үйі салынды. Астана қаласында 100ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана- болашағы үлкен адам.
А) Мәтінді оқу, орыс тіліне аудару
Ә)Мазмұндау
5.«Астана» сөзіне фонологиялық (фонетикалық) талдау жасаңдар.
Астана
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына
қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы
дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
2. Бұл сөз: Ас-та-на болып 3 буынға бөлінеді Себебі
сөздің құрамында 3 дауысты дыбыс бар. Ас-буыны
ашық буын. Себебі буын дауысты дыбыстан басталып,
дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.Та-на-ашық буын.
Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып,
дауысты дыбысқа аяқталып тұр.
Ас-та-на
1.б.б. ( ) 2-3 а.б. ( )
3. Бұл сөз: Ас- болып 2 жағдайда тасымалданады.Себебі
тана сөз үш буыннан тұр.
Аста-
на
4. Бұл сөзде екпін –на буынындағы а дауысты дыбысына
түсіп тұр.
х х /
Астана
5. Түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі жоқ.
Себебі түбір сөз

6. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі түбір сөз
6. Шығармашылық жұмыс. (Музыка қосу)
«Астана-арман қала» топпен жобаны жасауды бастау.
7. Сергіту сәті. (Поэзия минуты)
«Астана» тақырыбына байланысты өлеңдер оқыту
V. Сабақты бекіту
«Инсерт» стратегиясы
Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін?
VI. Сабақты қорытындылау
Сонымен, бүгінгі сабағымызда еліміздің елордасы Астана туралы көп мағлұмат алдық.
-Еліміздің астанасы қай қала?
-Астана қандай қала?
- Қала қай жерде орналасқан?
-Астан қаласының рәмізі болып не табылады?
-Қандай әсем ғимараттар бар екен?
Үй тапсырмасы
2 сөзге фонологиялық талдау жасаңдар
Бағалау