Бауырса?атты спортты? мерекелік іс-шара


"Бауырсақ"атты спорттық мерекелік іс-шара
Мақсаты: Түрлі физикалық жаттығулариен балаларды таныстыру.
Жылдамдық сияқты қасиеттерін дамыту.Балалардые секіру мүмкіншіліктерін дамыту.
Құрал жабдықтары: жануарлардың бет пердесі,түрлі-түсті шығыршықтар.
Мерекенің барысы:Балалар музыканың сүйемелдеуімен спортзалға кіреді және өз орындарына отырады.Осы кезде "Бауырсақ" ертегісінің декорациясы қойылады.
Жүргізуші: Ертеде ауылда атай мен әжей өмір сүріпті.Олардың балалары болмапты.Бір тамаша күнде ата жалғыздықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады.Ол үстелдің үстін жұдырығымен соғып қалып,былай дейді:
-Әй кемпір,өзімізге бір көңілді немере пісіріп алайықта.
-Жарайды,пісірсек пісіріп алайықта.
Жүргізуші: Әже сол күні қамыр илеп,бауырсақ пісіреді.Оны терезенің алдына суытып қояды.Бірақ бір сәтте бауырсақ тіріліп,сөйлей бастайды.
Бауырсақ:Сәлесетсіздер ме,атай мен әжей!Бұл-мен,сіздердің немерелерініз боламын.Атым-Бауырсақ.Мен бір соқпақпен жүріп,орманда не болып жатқанын біліп келейін.
Жүргізуші:Бауырсақ жолдын бойымен домалап келеді (әуенмен)Ол домалай келе,қоянды кездестіреді.
Қоян: Қоян үшін жүз метр деген не?Жаттығу дегеніміз сол.Бауырсақ,бізбен жарысып көр.
Бауырсақ: Мен әжемнен кетіп қалдым,мен атамнан кетіп қалдым,сенен де қашып кетемін.
Жүргізуші: Сонымен Бауырсақ әрі қарай Аюмен кездесуге домалап кетеді.
Аю: Мен маймақ Аюмын.Бөренелер маған түк емес.Кәне ,Бауырсақ,бөренелерден аттап жүруге дайынсын ба?(Бірнеше кедергілерден (бөрене)аттап жүру).
Бауырсақ:Мен әжемнен қаштым,мен атамнан қаштым,мен қояннан қаштым,сенен де қашып кетемін.
Жүргізуші: Осылайша бауырсақ әрі қарай жолдың бойымен домалап кетеді.Сонымен Бауырсақи әрі қарай домалап кете барады.Жолда оған Түлкі кездеседі.Түлкі былай әндетеді:
-Көңілді қоңырау оятады таңертең
Қояндар мен аюларды,
Тоқылдақ пен Түлкілерді!
Бауырсақ,мен сені жеймін?
Бауырсақ: Түлкі ,сен мені жеме,біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көр!
Түлкі: Жарайды,мен тыңдап көрейін.(Балалар шығып,Е.Өтетілеуұлының өлеңдерін оқиды).
1-бала:
Акробаттар-маймылдар:
Кәрісі де,жасы да
Ойнайды емен,қайындар-
Турникте ағаш басында.
2-бала:
Пілге біткен зор дене-
Алып күштің айғағы.
Штангасы-бөрене
Жай көтеріп алғаны.
3-бала:
Бадминтоншы қос мысық,
Мың бұралған қос пысық.
Допты қағып ойнайды,
Түсірмеуді ойлайды.
4-бала:
Қалтасы бар кенгуру
Велосипет тебеді.
Рөлді қиын менгеру-
Алыс жолдан келеді.
5-бала:
Дойбы ойнайды көк есек
Екінші бір есекпен.
Қажет мұнда көп есеп,
Жүрер кезде кезекпен.
6-бала:
Жүйрік пе екен,сақ па екен,
Жүгіргенде ақбөкен-
Делебесі қозады,
Бәрін басып озады.
Жүргізуші: Сен де Түлкі,көбірек шынықсаң,мықты боласын,біздің Бауырсақты жеме.
Түлкі:Жарайды,ал бүгін біз ойнаймыз ба?
Жүргізуші: Әрине ,ойнаймыз.
1-сайыс:"Гүлдерді жина".
Командалар бір-біріне қарсы сап түзеп тұрады.Ал ортаға гүлдерді шашады.Белгі бойынша екі команда гүлдерді жинайды.Гүлді көп жинаған топ ұтысқа ие болады.
2-сайыс: "Төбешіктер"ойыны.
Балалар екі топқа бөлінеді.Екі текшені және кегельдерді белгілі бір қашықтыққа қойып қояды.Кегельдерге жетіп,текшелерді алып,сонан соң кері қарай жүгіреді.
3-сайыс:"Шарды қасықпен жеткізу!".
Қасыққа шар қойылады.Кім бірінші шарды жеткізсе,сол ұтысқа ие болады.
4-сайыс: Қапшықпен жүгіру".
Екі команда қатысады.Қаптың ішіне кіріп,секіріп жүреді.Жарыстың қорытындысы шығарылады.Жеңімпаз топ және жарысқа жақсы қатысқан балалар марапатталады.