?аза?стан аума?ында?ы мемлекетті? пайда болуы, ?алыптасуы


«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК

Тақырыбы: Қазақстанаумағындағы мемлекеттіліктіңпайда болуы,
қалыптасуы, дамуы.
Пәні : Қазақстан тарихы
Тобы : МБ-91
Оқытушы : Рзабаева Г.
2014-2015 оқу жылы
Бөлімі Сабақ саны Сабақтың мазмұны Уақыты
Кіріспе 1-сабақ
1. Қазақстан аумағында мемлекеттік тарихының зерттелуі, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.
2. Қазақстан жеріндегі ерте және орта ғасырлардағы, ХІV-XV ғ І – ші жартысындағы мемлекеттер.
3. Қазақ хандығының қалыптасуы, қазақхандары. Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары. 45 мин.
Диалогтық бөлім 2- сабақ
3-сабақ
4-сабақ 1.«Брейн-ринг» жарыс –сабағы
2. Білімділер сайысы
3. «Бақытты сәт» ойын сабағы 45 мин.
45 мин.
45 мин.
Қорытынды 5- сабақ
6-сабақ 1.Тест жұмысы.
2.Шығармашылық жұмыс.
45 мин.
45мин.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Қазақстан жеріндегі алғашқы бірлестіктіктердің пайда болуы. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы туралы, Қазақ хандығының негізін салушы хандар тұсындағы тарихи жағдайлар жайлы білімдерін қорытындылау, бекіту.
Дамытушылық.Есте сақтау, өз ойларын жүйелі жеткізу қабілеттерін дамыту. Оқиғаларға анализ, синтез жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік.Өз елінің тарихын зерделей білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын технология:М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының «Бақытты сәт» ойыны.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:слайдшоу, шарлар салынған бөшкі, бағалау парағы, жалаушалар, видеоролик, фишкалар, үй тапсырмасы (әр командаға).
Пәнаралық байланыс:әдебиет, география.
Сабақтың эпиграфы: Өзтарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру. Студенттермен сәлемдесіп, сабақта жоқ студенттерді түгендеу. Жаңа сабақтың мақсатын айқындау.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Видеороликке назар аударайық.
Сіздерді «Бақытты сәт» ойынның шартымен таныстырып өтейін. Ойынымыз 5- геймнен тұрады.Осыдан кейін студенттер 2 топқа бөлініп, сайысқа түседі, әр команданың өз капитаны және атауы болады. Екі командаға бағалау парағы беріледі.
1-топ – «Хантау»(Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібектің тұрақтаған өңірі.)
2-топ- «Қозыбасы»(Мұмаммед Хайдар Дулатидың айтуы бойынша осы Қозыбасы тауы маңында хандық құрылған. Осы жерде Керей мекендеген.)
1-гейм. «Бой сергіту»
1.Қазақ хандығы қай ғасырда, қай жылы өмірге келген?
XV ғасыр, 1960 жылы
2.Қазақ қоғамына байланысты міндетті мойнына алғандар кімдер?
Жәнібек пен Керей
3.1556 жылы Қазақ хандығына қай ел көзін сала бастайды?
Ресей
4.1573жылы Қазақ хандығының кім өз елшісін жіберді?
Орыс патшасы IV Иван Грозный
5.Құрылтай дегеніміз не?
Бұл Шыңғыстықтар мен Монғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы
6.Әбілхайыр хан мемлекеті қай жылы құрылып, қай жылы ыдырады?
1428жылы құрылып, 1468жылы ыдырады.
7.Барақ хан қай жылы қаза болды?
1428жылықаза тапты.
8.Орта ғасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында кімдер сайланатын болған?
Хандар
9.Ең жоғарғы сот билігін хан иемденген болса,төменгі сот билігін кімдер иемденген?
Билер
10.Есім хан қай қаланы биледі?
Түркістан
11.«Икта» қай тілден алынған, қандай мағынаны білдіреді?
Араб тілінен «кесінді жер»
12.Көшпелілерде билеушінің бас ордасы қалай аталады?
Мемлекеттік және әкімшілік басқару ордасы
13.Түрік қағанатында билік лауазымы қанша сатыдан тұрды?
20-дан астам
14.Жоғары билік қандай жолмен беріліп отырды?
Мұрагерлік жолмен
15.Түрік қағанатының негізін салушылар кімдер?
Бұмын қаған, Істеми қаған, Мұқан қаған
16.Мемлекеттік нышаны не болды?
Мөр,таңба
17.Қазақтар-жартылай жабайы,көшпелі халық деп кімдер айтқан?
Патша шенеуніктері
18.Өркениетке тән белгілердің бірі
Мемлекеттік
19.Ғұндар еліндегі 3 айлық неше әкімшілікке бөлінді?
24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасы, жүзбасы, онбасы, билер, кіші бектер т.б лауазымды қызметтерлер тағайындалды.
20.Скифтердің сыртқы ерекшелігі қандай?
Ерекше қалпақ киюі.
2-гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Бөшкеде номерлері бар шарларды алып сұрақтар қойылады. Жауап берген студентке фишка беріледі.
1.Әбілхайыр хан қай жылы және қай жерде қаза тапты?
1468 жылы Моғолстанға жорық үстінде қаза тапты.
2.Мұсылман діни мекемелер мен дінбасыларының жекеменшігі қандай жерлер болды?
Вакфтық жерлер болды
3.Сойырғал дегеніміз не?
Көшпелі ақсүйектердің малшылар мен отырықшы егіншілікпен айналысатын тұрғындарға үстемдігінің бір түрі, сайға берілетін шартты жер бөлігі.
4.Әрбір жүздің ерекшелігін ескере отырып, үш би не үшін сайланған?
Басқарып және бақылап отыру үшін
5.Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары қай ғасырларда болды?
XVI-XVII ғасырларда.
6.Б.з.д ІІІ-ІІ-б.з. V ғасырларда Шығыстан Батысқа қарай алғанда,Іледен Талас өзеніне дейін, Солтүстіктен-Оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстық көлге дейінгі аумақты қай мемлекет жайлады?
Үйсін мемлекеті
7.Үлестік тайпалық басқару жүйесі қалай қалыптасты?
Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте орта-ғасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда екі қанаттан (бөліктен) тұрды
8.Егер билеуші қайтыс болса, таққа кім отыра алатын еді?
Тікелей оның баласы емес жасы үлкен інісі отыра алады
9.Мемлекет өз қазынасын қалай толтырып отырды?
Жергілікті халықтардан, сондай ақ қол астындағы бағынышты аймақ халықтарынан алынатын салық есебінен толықтырып отырды
10. XV-XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығында қандай үш орда деп есетеген?
«Қырғыз-қайсақтардың үш ордасы»
11.Еуроцентризм қай халықтың тарихына деген көзқарасы
Еуропа мен Ресей
12.Қазақ хандығының, тайпа одақтардың пайда болуы мен құрылымы туралы М.Қозыбаев қандай тұжырым жасады?
Ұлы далада мемлекеттік құрылымдар тайпа одақтары мен қағанаттар Еуропадан ерте пайда болған. Қазақ хандығында мемлекетке тән негізгі белгілер болған,-деп кім тұжырымдаған
13.Мемлекет дегеніміз не?
Өте күрделі құбылыс,біртұтас табиғи этно-мәдени және әлеуметтік организм
14.Сақтар патшаны қалай сайлады?
Бір рудан
15.Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын кімдер?
Әскери тайпалық ақсүйектерден болатын
16.Антикалық авторлардың деректері бойынша Сақтарды кімдер басқарған?
Патшалар мен патшайымдар
17.Скифтер мен Сақтардың патшалығы неше бөлікке бөлініп басқарылды?
3 бөліктен
18.Ғұндардың діні тәңірлік дін болды, олар патшасын кім деп түсінді?
Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы деп түсінді
19.Үйсін мемлекетінің Астанасы қай қала?
Қызыл Аңғар
20.Ғұндар мемлекеттілін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға
Мөде Тәңірқұты
21. XX ғасырдың 30 жылдарының ортасына қарай Б. Я. Владимирцевтің қандай тұжырымы ұсынылды?
Көшпелі феодализм
22.Б.Я. Владимирцевтың зерттеуі бойынша көшпелілерде қандай қоғам болды?
Феодалдық немесе патриархаттық-феодалдық
23.Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәріленген халық
Ғұндар
24. Ақ Орданың Орыс хан, оның баласы Барақ билеген жылдарда қандай мемлекетке айналды?
Шығыс Дешті Қыпшақтағы қуатты мемлекетке айналды
25.Жайық, Ырғыз, Тобыл, Сарысу өзендері Арал өңірі қандай Орда деп аталды?
Ақ Орда
26.Қай жылдары және нешінші ғасырларда Ақ Орда мемлекеті ыдырай бастады?
XV ғасырдың, 20 жылдарында
3-гейм. «Жұмбақтас»Екі камандағар сұрақтар ортақ, бірінші жалауын көтерген команда сұраққа жауап береді.
1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?
Қырым хандығы,Қазан хандығы,Астрахань хандығы, Сібір хандығы,Қазақ хандығы мен Ноғай хандығы
2.Алым салықтың неше түрі бар және оларды атаңыз?
4 түрі бар: 1- Хараж, 2- Баж, 3-Жасақ, 4-Зекет
3. «Мардикар» сөзі қай тілден алынған,қандай мағынаны білдіреді?
Парсы тілінен «Мард»- адам «кар» - іс
4.Түрік мемлекеттерінің құрылымын ата?
1.Қаған хан-жоғары билеуші,әскери қолбасы
2.Бағынышты тайпаларды билейтін ұлықтар (Жабғу,шад,елтебер)
3.Жергіліктіжердегі ақсүйектер (Бектер,тархандар,басқақтар,сардарлар)
5.Шыңғысханның «Иасы» заңы негізінде әскери істі, азаматтық істі, салық жинауды кімдер атқарды?
Әскери істі-беклербегі,азаматтық істі-уәзірлер,салық жинауды –даруғалар мен басқақтар атқарды
6.Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс,Жетісу,Ертіс өңірі қандай Орда деп аталды?
Көк Орда
7.Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегі
Тарих-и- Рашиди
8.Қазақ хандығының ту көтерген жері?
Жетісудың Батыс бөлігі
9.Қасым хан өлген соң таққа кім отырды?
Ұлы Мамаш отырды
1
2 3
4 5
6
7 8
9
4-гейм. «Сен-маған, мен-саған» командалар бір-біріне сұарақ дайындайды. (үй тапсырмасы)
1-команда. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.
Мемлекеттік бірлестіктер Аумағы мен орталығы Мемлекеттің жоғарғы билеушілері, саяси құрлыстары Негізгі тарихи оқиғалар Тарихи салдары
Сақ тайпаларының бірлестігі (б.з.д VIIғ.-IIIғ.) Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыды. Тұрақты саяси орталығы туралы деректер жоқ. Жоғарғы көсем-патша (Тамирис). Әскери демократия. Б.з.д VIғ. парсыларға қарсы соғыс. Б.з.д IVғ. А.Македонский әскеріне қарсы соғыс. Гректерге қарсы Марафон ұрысына қатысу. Б.з.д. 490ж. Мемлекеттің алғашқы белгілерінің пайда болуы: жазуы, сақтардың «аң стилі», қолөнердің монументтік сәулет өнерінің дүниеге келуі.
Ғұндар мемлекеттік бірлестігі (б.з.д. IIIғ.- Vғ.) Орталық Азия, (Маңғолдық Алтай өңірі), Шығыс Қазақстан. Тұрақты саяси орталығы Тәңірқұты (Мөде, Чжи-Чжи, т.б) Әскери-әкімшілік басқару жүйесі. Б.з.д.І ғ.екінші жартысынан б.з.ІІ ғ. ортасына дейінгі ғұндардың Қазақстан жеріне қоныс аударуы Шығыс Қазақстандағы Юэбань мемлекеті. Көшпеліліердің алғашқы ірі және мықты мемлекеттік бірлестігі. Мемлекеттік басқару құрылымының қалыптасуы, түркілену үдерісінің басталуы.
Үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі (б.з.д. ІІІ- IІ ғғ.- б.з. V ғ.) Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу). Астанасы-Шығу (Чигучен). Ыстықкөл маңы (Қызыл аңғар қаласы). Күнби (Гуньмо) Б.з.д. 64-51 жж. Ұлы және кіші гуньмо. Қытаймен елшілік туысқандық байланыстар. Үйсіндердің Орталық Азиядан Жетісуға келуі. Ғұндарға қарсы үйсіндер мен қытай одағы. Үйсіндер Қазақстан жерінде ең алғашқы мемлекеттік бірлестік құрды, алғашқы тұрақты басқа-ру орталығы болды.
Қаңылылардың мемлекеттік бірлестігі (б.з.д. ІІІ- IІ ғғ.- б.з. V ғ.) Сырдария өңірі: Оңтүстік Қазақстан. Астанасы- Битянь қаласы. Мемлекет билеушілерінің қалай аталғандығы туралы дерек жоқ. Әскери-демократияның басталуы. Ұлы Жібек жолының Ферғанадан Аралға дейінгі бөлінгені үстемдіек үшін күрес. Қытай, Парфия , Рим, Кушан, империясымен байланысты. Күш – қуатының арқасында Қазақстанда сауда мен қала өркениетінің дамуы. Халық саны-600 мың адам.
2-команда. XIVғ соңы мен - XVғ І-жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.
Атауы және өмір сүрген кезеңі Аумағы және орталығы Мемлекеттің басқару жүйесі Билеушілер Мемлекеттің құрылымы Мемлекеттің ыдырауы
Ақ Орда (Көк Орда) XIVғ. екінші ширегі- XVғ. бірінші ширегі. Шығыс Дешті-Қыпшақ Оңтүстік, Орталық, ішінара Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Орталығы- Сығанақ Ұлыс басшылары мемлекет басшысы-ханға бағынышты тәуелділікте болды. Сасы-Бұқа Мүбарак хан, Ерзен хан, Орыс хан, Барақ хан. Хан билігі мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Алтын Орданың саяси тұтастығынан айырылуы нәтежесінде құрылды. Жошы әлеуметтері арасындағы күрес, Темір шапқыншылығы, Алтын Орда тағына таласушылық.
Моғолстан (XIVғ. ортасы- XVIғ. басы) Оңтүстік- Шығыс Қазақстан, Қырғыз жерлері. Орталығы-Алмалық Ұлыстық-үлестік жүйе. Шағатай ұрпағы Тоғылық –Темір хан, Ілияс қожа, Есенбұға, т.б. Шағатай ұлысының ыдырауы: Батыс бөлігі-Мәуереннахр, Шығыс бөлігі- Моғолстан. Темірдің шапқыншылық соғыстары, өзара қақтығыстар, ойраттардың шапқыншылығы.
Әбілхайыр хандығы (1428-1468жж) ( XIVғ. соңы- XVғ.) Ертістен Жайыққа(Еділге) дейінгі аймақ. Сырдарияның төменгі ағысы, Арал өңірі.Орталығы: Тура, Орда-Базар, Сығанақ Ұлыстық-үлестік жүйе. Шайбани ұрпақтары. Әбілхайыр хан. Шайх-Хайдар хан, мұхаммед Шайбани. Алтын Орданың күйреуі. Ақ Орданың әлсіреуі. Ұлыстар арасында берік байланыстардың болмауы, олардың арасындағы тартыстар.
Ноғай ордасы (Маңғыт жұрты) (XIV- XVIғғ) Жайық пен Еділдің арасы. Орталығы-Сарайшық. Ұлыстық-үлестік жүйе. Билеушілері- мырзалар. Едіге(1396-1411жж.) Нұр ад-дин. (1426-1440жж.) Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі. Ноғай билеушілері арасындағы қақтығыстардан және Ресейдің ықпалымен екіге ыдырап, дербес иеліктерге бөлініп кетті.
5-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Сұраққа екі топтың ойыншылары да жауап бере алады.
1.Екі жүз жыл бойы Қазақ хандығының құрамына қай қала енді?
Ташкент қаласы
2.Тұрсын хан өз тәуелсздігін көрсету үшін не шығарады?
Өз теңгесін
3.Алтын Орда Аймағының автономиялық басқарылған бөлігі не деп аталады?
Ұлыстар
4.Жер өндіруші егіншілерден алынатын салық не деп аталады?
Хараж
5.Салық салынатын мұсылман дін басымен мекемелеріне тиесілі жерді не деп атайды?
Вакуфтық
6.Шығай хан қай жылы қаза тапты?
1582 жылы қаза тапты
7.«Орда» сөзі неше түрлі мағына білдіреді және ата?
Екі түрлі мағынаны білдіреді:
1–көшпелілер билеушілерінің тұрағы, ханның резиденциясы,
2–мемлекет
8.XVIIIғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсырысы бойынша «Жеті жарғыны» қай билердің қатысуымен жазылды?
Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке бидің қатысуымен жазылды.
9.Баба сұлтанның әскерлерінің қолынан кімдер қаза тапты?
Хақназар хан екі ұлы және басқа сұлтандары.
10.Шыңғыс хан әскерлері 1219-1224 жылдары қай жерлерді жаулап алды?
Қазақстан мен Орталық Азияны.
Бағалау.Сайыстың әрбір кезеңі қорытындыланып, студенттердің фишкалары арқылы ұпай сандары анықталады, студенттер бағаланады.
Сабақты қорытындылау. Бүгінбіз Марал Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының «Бақытты сәт» ойыны арқылы сабағымызды өткіздік. Сіздерге ойын ұнады ма? Келесі сабағымызды да осы технологияға сәйкес жазбаша жұмыстар мен тест арқылы қорытындылайтын боламыз.