Та?ырыбы: Ядролы? жарылысты? за?ымдау ?рекетіні? сипаттамасы.


Сынып 11. Негізгі тараудың аты: 8 тарау. Азаматтық қорғаныс.
Сабақтың тақырыбы: т.8.3. Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (45 мин.) Өтілу күні: 11А _____

Сабақтың түрі: хабарлама- таныстыру.
Сабақтың мақсаттары:
Оқытулық: Ядролық жарылыс, зақымдауына мен әсер ету факторлары туралы туралы түсінік.
Дамытулық: Химия, физикалық ұғымдар арқылы ядролық жарылыстың болу себептерін анықтау, қалай әсер ететіндіктерін білу.
Тәрбиелілік: Жарылыс бола қалған жағдайда одан қорғану, басқаларды қорғау, қауіпсіз орындарға көшіру, құтқару, қорғану орындары мен киімдерін дұрыс пайдалануға үйрету.
Пән аралық байланыс : физика, химия, биология.
Көрнекіліктер: диофильмдер, плакаттар
Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті
Қолданылатын әдебиеттер: 11 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға ескертулер жасау) қаралады. Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау. Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды
2. Қайталау сұрақтары: Жаппай жою қаруына(ЖЖҚ) қарулардың қандай түрлері жатады? ЖЖҚ мен мен қарапайым қарудың айырмашылығы қандай? Ядролық қару дегеніміз не? Зақымдаушы факторларын атап бер. Ядролық қарулардан қалай қорғануға болад?
3. Жаңа материалмен таныстыру: Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқынына, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта айтарлықтай әсер етуі, адамдарға, әскери техникаға, қару-жарақ пен құрылыстарға ядролық оқ-дәрілер зақымдау әрекетінің араластығымен сипатталады.
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары (Поражающие факторы ядерного взрыва) — ядролық жарылыс кезінде пайда болатын соққылы ауа толқыны, сәуле зақымы, өткір радиация, электрмагниттік импульс . Бесінші зақымдаушы факторға жердің радиоактивтік элементтермен улануы кіреді.

Жеке құрамның аралас зақымдану кезінде соққы толқыны әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға, зиянды сәулеленуге шалдығудан пайда болған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін. Кейбір әскери қару-жарақтармен әскери техника түрлері, құрлыстар мен мүліктерді соққы толқыны әсерінен қирап, бір уақытта зиянды сәулегешалдығу арқылы жанып кетеді. Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптар электромагниттік импульс және ядролық жарылыстың ионданған сәулеленуі әсерінен қатардан шығуы мүмкін, бұл нейтронды оқ-дәрілер жарылысына тең.
Аралас зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы, сәуле ауруы жаралар мен күйіктердің жазылуын қиындатады. Ол өз кезегінде, сәуле ауруын асқындатады, жұқпалы ауруларға адам ағзасының иммунитетін төмендетеді.
Зақымдауды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл болып бөлінеді. Өлтіретін мен өте ауыр адам үшін өте қауіпті, көбнесе өлімге әкеледі. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне әдетте қауіпті емес белгілі бір уақытта жеке құрамның ұрысқа қабілеттігінен айырады. Жеке құрамның соққы толқынның немесе зиянды сәулеге шалдығу әсерінен қатардан шығу жеңіл зақымдану, ал орташа зақымданудан кейін арнайы медициналық орталықтарда жатып емделуге тура келеді. Ядролық жарылыс өткенен кейін не біраз уақыт өткеннен кейін жеке құрам қабілетсіздік танытуы мүмкін, соққы толқын мен өткір сәулелену адамға бірден әсер етеді, ал өткір радиация біраз уақыттан кейін, айлар өткенен кейін ауруға шалдығудың белгілері білінуі мүмкін. Ядролық жарылыстан кейінгі зақымдану факторларының әсерінен жарақат алу қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді.

Қайтарылмайтынға медициналық көмекке дейін қаза тапқандарды, емделу мекемелерінде не емделуге жататын ауруларды санитарлық деп атайды. Ал қару-жарақ пен әскери техникалардың істен шығуы әдетте соққы толқынның әсерінен болады. Олар жеңіл және орташа бүлінуі мүмкін. Күшті зақымданғандар жөндеуге келмейді, не күрделі жөндеуді талап етсе толық зақымдану мүлдем жарамсыз болғандары. Құрлыстардағы зақымдану: әлсіз, орташа және толық болып келеді. Ядролық жарылыс кезінде үйінділер мен өрт аймағы пайда болады.
Зақымданудың координаталық заңы. Ғимараттарға ядролық жарылыс кезіндегі келтірген шығынына қарай мынандай факторлар түсіндіріледі:
Жарылыс орталығына (эпицентріне) қатысты нысана коорд.ның мақсатымен;
Оқ-дәрінің зақымдау әсері қарқындылығымен;
Нысананы жою шамасының деңгейімен;
Нысананың әлсіздігімен;
Жарылыс орталығына қатысты алғандағы жергілікті жер нысандарының орналасуы мен бағдарының айырмашылығымен.
Зақымданудың координаталық заңы ядролық оқ-дәрі жарылысының орталығымен салыстырғанда нысанның зақымдалу мүмкіндігінің ауырлығы оның көрсетілу орнынан төмен емес жерімен байланыстылығын көрсетеді.
Зақымдау нысандарын топтастыру. Нысан зақымдалуда ядролық соққының әсер етуі төмендегідей факторларға байланысты:
- нысанның түрі, өлшемі және жылжымалылығы;
- нысанның қарапайым зақымданудағы беріктігі;
- жарылыстың күші, түрі, саны;
- соққы кезіндегі жергілікті жердің бедері мен метеорологиялық жағдайы.
4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Аралас зақымданулар неге енгізіледі? Ядролық жарылыстан зақымдану дәрежелеріне қыысқаша сипаттама бер. Қару-жарақ пен нысандар зақымдануы туралы не айта аласыңдар?
5. Бағалау. Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Ядролық жарылыстардың әсер ету факторлары мен қиратқыштық қасиеттері туралы толық мәліметтер алу, жарылыс ортасынан бастап таралу кезіндегі болатын әрекеттер мен жағдайлар, олардан сақтану мен жою жолдарын білу.
6. Үйге тапсырма. 243-249 беттер. Т. 8.3.
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы:
Тексердім: