Урок по физике на тему Атом ядросыны? ??рамы.Ядролы? к?ш (9 класс)


Бекітемін:
Сыныбы: 9, Пәні: Физика Қысқа мерзімді жоспар
Омарова Ақнұр Байтұрсынқызы Шиелі ауданы, №155. Д. Шыныбеков атындағы мектеп
Сабақтың тақырыбы §55. Атом ядросының құрамы.Ядролық күш
Сілтеме Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар.9- сынып .Физика оқулығы, әдістемелер
Жалпы мақсаты 1. Атом ядросының құрамы, ядролық күш туралы ақпарат беру
2.Оқушылардың алған ақпараты бойынша өздігінен талдау жасап мазмұнды меңгеруіне жағдай жасау
3.Топпен жұмыста ынтымақтастыққа баулу
Күтілетін нәтиже 1. Тақырыптағы ақпаратты білетін болады.
2. Ақпаратты түсінеді, салыстырады және талдай алады
3. Ынтымақтастықта болады
Негізгі идеялар Атом ядросының құрамы, ядролық күш жайлы жан-жақты талдау жүргізіп, ой түйіндейді.
Тапсырмалар 1. Тақырып мазмұнын (жеке)оқу және талдау(топта) жұмыстары
2. Топпен жұмыс
3. Жұппен жұмыс
5. Жеке жұмыс
Көрнекілігі Интербелсенді тақта, слайдтар, кеспелер
Мотивациялық кезең 1. Топқа бөліну. Радиактивті сәулелерді ретпен айтайық (α-сәуле, β-сәуле,γ-сәуле)
( 2минут)
2. Зейіндерін шоғырландыру. ( Сандар көрсету арқылы ) (3минут)
Топ басшыларына бағалау парақшасы таратылады.
Үй тапсырмасын сұрау Тақырыбы: §52-53.Атомның күрделі құрылысын айғақтайтын құбылыстар.Радиактитік. Атомның планетарлық моделі
І. Лездік тапсырма (5 минут)
1. Сурет бойынша ХІХ ғасырдың аяғы 1896 жылы қандай жаңалық ашылды?Кім ашты?
2. Сурет бойынша 1898 жылғы жаңалық.Кім ашты?
3.Радиактивті элемент дегеніміз не?
4.Радиактивті сәулелену дегеніміз не?
5.Суретте не көріп отырмыз?
6.α-сәулесі дегеніміз не?
7.β-сәулесі дегеніміз не?
8.γ-сәулесі дегеніміз не?
9.Радиактивтілік дегеніміз не?
10.α-, β-, γ-сәулелер қандай сәулелер
11.Сурет бойынша 1911 жылы физика ғылымындағы жаңалық, кім ашты?
12.Сурет бойынша атомның планетарлық моделі қандай?
Бағалау(30 секунд)
Топ көшбасшылары топ мүшелерінің белсенділігін ұпай арқылы бағалап отырады
1 сұраққа жауап – 1 ұпай,
2 сұраққа жауап – 2 ұпай,
Сурет бойынша жауап-3 ұпай
Жаңа сабақ Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз- §55. Атом ядросының құрамы.Ядролық күш
1.Тақырыпты жеке оқу(5 мин) және топта талдау (3 мин)
2. Топпен жұмыс. ( жалпы 10 мин)
1 топ тапсырмасы: Атом ядросының құрамы
2 топ тапсырмасы: Массалық сан және изотоптар
3 топ тапсырмасы: Ядролық күш
Бағалау (30 секунд)
Тапсырмалар 4. Жұппен жұмыс. Физикалық диктант ( 3минут+ тексеру, бағалау 2 минут)
Оқушы аты-жөні:
1-2 сұраққа жауап берсе-1ұпай, 3-4 сұраққа жауап берсе-2 ұпай, 5-6 сұраққа жауап берсе- 3 ұпай
І жұп тапсырмасы:
1. 1932 жылы Резерфордтың шәкірті Д.Чедвик ядро құрамына кіретін жаңа бөлшек-нейтронды ашты.
2.Кез келген элемент атомының ядросы екі түрлі бөлшектен протондар мен нейтрондардан тұрады.
3.Бұл екі бөлшекті жалпылап нуклондар деп атайды, ал тұтас ядроны нуклид дейді.
4.Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын А әрпімен белгілейді.Оны массалық сан деп атайды.
5.Массалық санды A=Z+N өрнегімен есептейді.
6.Әрбір протоннның массасы электронның массасынан 1836 есе, ал нейтронның массасынан 1841 еседей үлкен
ІІ жұптың тапсырмасы:
1.Нақты бір элементтің ядроларындағы протондар саны (Z) өзгермейді, ал нейтрондар саны әртүрлі болып кездеседі.
2. Z саны, яғни элементтің реттік нөмірі, сол элемент атомының ядросындағы протондардың санына тең.
3. Ядроның заряды q=+z*e теңдігі арқылы анықталады.
4. А массалық санмен Z заряд санын біле отырып, ядродағы N нейтрондар санын мына өрнекпен таба аламыз: N=A-Z
5.Бір элемент атомының ядросындағы нейтрондар саны әр түрлі болып кездессе де, ондағы протондар саны өзгермейді.
6.Бір-бірінен тек нейтрондардың санына қарай ажыратылатын бір элементтің әр түрлі ядроларын изотоптар деп атайды.
5. Жеке жұмыс. Шығармашылық тапсырма Есептер шығару
( 5 минут)+тексеру, бағалау 1минут
Жеке жұмыс тапсырмасы әр оқушыға әртүрлі тапсырма беріледі.
1.Менделеев кестесін пайдалана отырып, төмендегі ядроның қандай химиялық элементке жататынын анықта. (1ұпай)
2.Осы элементтің ядросының құрамы қандай? (2 ұпай)
Бағалау 1. Бағалау парағы
Аты жөні Үй тапсырмасы 2.Топпен жұмыстағы белсенділік 3.Жұппен жұмыс 2. Жеке жұмыс Барлық ұпай саны
Сұрақтар 1. 2. 3. 4. 5. 10- ұпайдан жоғары-« өте жақсы»,
8-9 ұпай- «жақсы»,
7 ұпайдан төмен- «қанағаттанарлық»
Ұпайларды жинақтау- 1минут
☺ Рефлексия( Сиқырлы қалам) (5 минут)
- Бүгінгі сабақ бойынша бір-бір сөйлемнен өз ойымызды айтып шығайық.
Кейінгі тапсырма §55Атом ядросының құрамы.Ядролық күш
42-жаттығу