Авторлы? ба?дарлама «Химиядан к?рделі есептерді шешу»



Мамырканова Лира Нұксиқызы
№56 мектеп-лицей
Химия пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі
Авторлық бағдарлама
«Химиядан күрделі есептерді шешу»Түсінік хат
(аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат)
Түсінік хат
Бұл бағдарлама химияны оқытудың маңызды бір құрамдас бөлігі – олимпиадалық есептер шығару әдістемесіне арналған.
Бұл бағдарлама мазмұны олимпиадалық есептерді шешу тәсілдерін меңгертуге, химия ғылымының негізгі түсініктері мен заңдарын көп дүркін қайталауға, оларды түсіну және есте сақтауға арналған.
Жұмбақталған есептердің шығарылу әдістемесінен басталып,деңгейлері күрделі есептердің шығарылу әдістемесімен аяқталады.Бағдарламадағы есептер органикалық және бейорганикалық химия курсына арналған;сапалық реакция теңдеулеріне арналған есептер жүйесі де берілген.
Бұл курстың мақсаты:
Оқушылардың химия пәніне қызығушылықтарын дамытып, химиядан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру. Химия пәні бойынша алған теориялық білімдерін бекітіп,дамытып, іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілдікке, бастаған ісін аяғына жеткізуге, тиянақты болуға тәрбиелеу.
Курстың міндеттері:
1.Химия пәнінен оқушылардың жалпыға бірдей білім стандартын меңгеріп және алгоритмдік деңгейге жетулеріне мүмкіндік жасау.
2. Химия пәнінен есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгерту.
3.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылық деңгейлерін көтеру.
4.Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету.
5.Оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру.
Өзектілігі
Оқушы әртүрлі ғылым салаларынан алған білімін өзара ұштастырып, білім мен әрекеттің тұтастығы, ойлаудың әртүрлі әдістерін (пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу, қорытындылау)қалыптастырады.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Химияның негізгі түсініктері мен заңдылықтарды,химиялық терминдерді білу;
Беорганикалық және органикалық заттардың жіктелуі мен олардың арасындағы генетикалық байланыстарды білу;
Заттардың алыну тәсілдері мен химиялық қасиеттерін білу;
Есептердің шығару алгоритмдерін білу;
Есеп шартын дұрыс жаза білу;
Есептердегі физикалық шамаларды білу;
Химиялық реакциялар теңдеулерін жазу және коэффиценттер қоя білу;
Оқу-әдістемелік құралдар:
Есептер жинақтары,кестелер,периодтық жүйе,
диаграммалар,таблицалар,электрондық оқулықтар,ғаламтор материалдары,қызықты химиялық реакциялары.
Пән аралық байланыс:
Биология,математика,физика,география.
Курстың уақыт көлемі
10 сынып: аптасына – 3 сағат, жыл бойы- 102 сағат.
Курстың ұйымдастыру формасы:
Лекция, есептер шығару, шығармашылық жұмыс, пікірталас.
Курсты аяқтау формасы:
Тест , есептер нұсқаулары,шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау формасы:
«5» - балдық жүйе
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың теориялық және практикалық білімдері қалыптасады;
Оқушылар есептерді шығарудың алгоритмдерін үйренеді;
Оқушылар есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін меңгереді;
Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілеттері дағдыланады;
Оқушылардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық деңгейлері көтеріледі;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
Химиядан күрделі есептерді шешу
1 тақырып Жиі кездесетін бейорганикалық заттардың қасиеттері (4 сағат)
Газдардың қасиеттері. Түсті газдар. Сұйықтықтардың қасиеттері. Өзіне тән түсі бар ерітінділер. Түссіз сұйықтықтар. Ауада түтіндейтін түссіз сұйықтықтар.Өздеріне тән түстері бар қатты заттар.Жалын түсін өзгертетін жай заттар мен иондар. Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
2-тақырып Химиялық формулалар бойынша есептеулер (8 сағат)
Күрделі зат құрамындағы элементтің массалық қатынасы, массалық үлесі. Күрделі заттың массасы бойынша оның құрамындағы элементтің массасын есептеу. Массалық үлес және массалық қатынас бойынша заттың формуласын табу. Жұмбақталған есептер шешу. Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
3-тақырып Зат мөлшері. Молярлық масса. Авогадро заңы.(8 сағат)
Моль. Молярлы масса. Моль. Молярлы массаға арналған есептер. Авогадро заңы. Авогадро заңына есептер шешу. Массасы бойынша зат мөлшерін есептеу.Зат мөлшері бойынша зат массасын есептеу.Заттың белгілі массасы бойынша атом санын,иондар санын, молекула санын есептеу. Жұмбақталған есептер шешу.Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
4-тақырып. Газдардың тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынастары. (14 сағат)
Моль, мольдік көлем туралы түсінік беру. Мольдік үлес. Мольдік үлеске арналған есептер.Көлемдік үлес. Көлемдік үлеске арналған есептер.Газдың белгілі көлемі бойынша (қ.ж) зат мөлшерін есептеу.Зат мөлшері бойынша заттың көлемін есептеу. Газдың белгілі массасының көлемін есептеу. Газдың тығыздығын есептеу. Газдар қоспасының басқа газ бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеу.Газдың салыстырмалы тығыздығын, газдың тығыздығы бойынша бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. Заттың біреуінің белгілі массасы бойынша басқа заттың массасын, көлемін есептеу.Химиялық реакция кезінде газ көлемдерінің ара қатынастарын есептеу. Жұмбақталған есептер шешу.Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
5 тақырып. Ерігіштік. Ерітінділер.(12 сағат)
Ерітінділер, ерігіштік туралы түсінік. Заттың ерігіштігіне байланысты есептер. Молярлық концентрация. Молярлық концентрацияға есептер.Ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін, ерітіндінің тығыздығын пайдаланып есептер шешу. Ерітінділерді араластыруға арналған есептер. Жұмбақталған есептер.Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
6 тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулері. Электролиз.
(12 сағат)
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру. Ортаның реакцияның жүру жағдайларына әсері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын жүйелеу.Электролиздің мәні. Электролизге арналған есептер. Жұмбақталған есептер. Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
7 тақырып.Эквивалент заңы бойынша есептер. (6 сағат)
Элементтің эквиваленттік массасын есептеу.Қосылыс құрамындағы элементтердің массалық үлестері бойынша элементтің эквиваленттік массасын есептеу.Күрделі заттардың эквиваленттік массасын реакция теңдеуі бойынша анықтау.Тотығу тотықсыздану реакция теңдеулері бойынша заттардың эквиваленттік массаларын анықтау. Жұмбақталған есептер.Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
8 тақырып Атом құрылысы және периодтық жүйе (6 сағат)
Д.И. Менделеевтің атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық жүйесі және заңы. Элементтердің қасиеттерінің өзгеру периодтылығы. Атомды құрайтын бөлшектердің санын анықтау. Элемент атомының орташа атомдық массасын анықтау.Радиоактивтік ыдырауға байланысты есептер. Жұмбақталған есептер.Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
9 тақырып Реакция теңдеулері бойынша есептеулер (10сағат)
Химиялық теңдеулерді құру және химиялық теңдеулерді оқу ережелері.Реакцияға қатысушы заттардың біреуінің зат мөлшері, массасы, газдар үшін көлемі белгілі болса, реакция нәтижесінде шыққан заттардың зат мөлшерін, көлемін, массасын есептеу. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде алынғандазаттың массасын есептеу. Реакцияға тұскен заттар таза күйінде болмағанда реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасын, көлемін, зат мөлшерін есептеу. Тіркес теңдеулер бойынша есептеулер. Жұмбақталған есептер. Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
10 тақырып Химиялық реакциялардың энергетикасы (8 сағат)
Реакцияның жылу эффектісін анықтау. Реакцияның түзілу жылуын анықтау. Реакцияға қатысқан заттың массасы бойынша реакция нәтижесінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды анықтау. Бөлінетін жылудың шамасы бойынша әрекеттесуші заттардың массасын, көлемін, мөлшерін есептеу. Жұмбақталған есептер.Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
11 тақырып Химиялық реакциялардың жылдамдығына арналған есептер. (5сағат)
Химиялық реакциялардың жылдамдығы және жылдамдықты есептеуге арналған есептер. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар. Вант-Гофф ережесіне арналған есептер. Химиялық тепе-теңдікке арналған есептер. Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
12 тақырып Қоспаның құрамын анықтауға арналған есептер (9сағат)
Қоспадағы заттардың біреуі ғана реакцияға түскенде түзілетін заттардың массасын, көлемін, зат мөлшерін анықтау. Қоспаның құрам бөліктері түгелдей реакцияға түскенде түзілетін заттардың массасын, көлемін, зат мөлшерін анықтау. Берілген қоспа бинарлы емес одан күрделірек болғанда қоспаның құрамын анықтау. Құймалардың құрамын анықтау. Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер. Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
13 тақырып Жыл бойы өтілген тақырыптарға арналған есептерді қайталау. (3 сағат)
Химиялық формулаларға және моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро санына арналған есептерді қайталау. Химиялық реакция теңдеулері және ерітінділерге арналған есептерді қайталау. Жыл бойы өтілген оқу материалдарын қайталау, қорытындылау.
Химиялық күрделі есептерді шешу
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1
1-тақырып. Жиі кездесетін бейорганикалық заттардың қасиеттері (4 сағат)
Газдардың қасиеттері, түсті жалынмен жанатын газдар, түсті газдар. 1 2
Сұйықтықтардың қасиеттері. Өзіне тән түсі бар ерітінділер. Түссіз сұйықтықтар. Ауада түтіндейтін түссіз сұйықтықтар. 1 3
Қатты заттар. Жалын түсін бояйтын жай заттар мен иондар.Өздеріне тән түстері бар заттар. 1 4
Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
1 5-1
2-тақырып Химиялық формулалар бойынша есептеулер (9 сағат)
Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынасы. 1 6-2 Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлесі. 1 7-3
Күрделі заттың массасы бойынша оның құрамындағы элементтің массасын 1 8-4
Күрделі заттың массасы бойынша оның құрамындағы элементтің массасын есептеу.
есептеу. 1 9-5 Массалық үлес бойынша заттың формуласын табу. 1 10-6 Массалық қатынас бойынша заттың формуласын табу. 1 11-7 Электролизге арналған есептер. 1 12-8 Жұмбақталған есептер шешу. 1 13-9
Тақырып бойынша білімдерін тексеру.
1 14-1 3-тақырып Зат мөлшері. Молярлық масса. Авогадро заңы.(10 сағат)
Моль. Молярлы масса туралы түсінік. 1 15-2 Моль, молярлы массаға арналған есептер. 1 16-3 Авогадро заңы.Авогадро заңына есептер шешу. 1 17-4 Массасы бойынша зат мөлшерін есептеу. 1 18-5
19-6 Зат мөлшері бойынша зат массасын есептеу.
Заттың белгілі массасы бойынша атом санын,иондар санын, молекула санын есептеу. 1 20-7
Заттың белгілі массасы бойынша атом санын,иондар санын, молекула санын есептеу. 1 21-8 Жұмбақталған есептер шешу. 1 22-9 Жұмбақталған есептер шешу. 1 23-10 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 24-1
4-тақырып. Газдардың тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынастары. (14 сағат)
Моль, мольдік көлем туралы түсінік беру. Есептер шығару. 1 25-2 Мольдік үлес. Мольдік үлеске арналған есептер. 1 26-3 Көлемдік үлес. Көлемдік үлеске арналған есептер. 1 27-4 Газдың белгілі көлемі бойынша (қ.ж) зат мөлшерін есептеу. 1 28-5 Зат мөлшері бойынша заттың көлемін есептеу. 1 29-6 Газдың белгілі массасының көлемін есептеу. 1 30-7 Газдың тығыздығын есептеу. Жұмбақталған есептер шешу.Тақырып бойынша білімдерін тексеру 1 31-8 Газдың салыстырмалы тығыздығын, газдың тығыздығы бойынша бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. 1 32-9 Газдар қоспасының басқа газ бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеу. 1 33-10 Заттың біреуінің белгілі массасы бойынша басқа заттың массасын, көлемін есептеу. 1 34-11 Химиялық реакция кезінде газ көлемдерінің ара қатынастарын есептеу. 1 35-12 Жұмбақталған есептер. 1 36-13 Жұмбақталған есептер шешу. 1 37-14 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 38-1
5 тақырып. Ерігіштік. Ерітінділер.(12 сағат)
Ерітінділер,ерігіштік туралы түсінік.
1 39-2 Заттың ерігіштігіне байланысты есептер. 1 40-3 Молярлық концентрация.Молярлық концентрацияға есептер. 1 41-4 Молярлық концентрацияға есептер. 1 42-5 Ерітіндідегі заттардың массалық үлестеріне есептер. 1 43-6 Ерітіндінің тығыздығын пайдаланып есептер шешу. 1 44-7 Ерітіндінің массасы бойынша массалық үлесті есептеу. 1 45-8 Ерітінділерді араластыруға. арналған есептер. 1 46-9 Ерітінділерді араластыруға. арналған есептер. 1 47-10 Жұмбақталған есептер 1 48-11 Жұмбақталған есептер 1 49-12 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 50-1 6 тақырып. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулері. Электролиз.
(11 сағат)
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы. 1 51-2 Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. 1 52-3 Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру. 1 53-4 Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру. 1 54-5 Ортаның реакцияның жүру жағдайларына әсері. 1 55-6 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын жүйелеу. 1 56-7 Электролиздің мәні. 1 58-8 Электролизге арналған есептер. 1 59-9 Электролизге арналған есептер. 1 60-10 Жұмбақталған есептер 1 61-11 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 62-1 7 тақырып.Эквивалент заңы бойынша есептер. (6 сағат)
Элементтің эквиваленттік массасын есептеу.
1 63-2
Қосылыс құрамындағы элементтердің массалық үлестері бойынша элементтің эквиваленттік массасын есептеу. 1 64-3 Күрделі заттардың эквиваленттік массасын реакция теңдеуі бойынша анықтау. 1 65-4 Тотығу- тотықсыздану реакция теңдеулері бойынша заттардың эквиваленттік массаларын анықтау. 1 66-5 Жұмбақталған есептер. 1 67-6 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 8 тақырып Атом құрылысы және периодтық жүйе (6 сағат) 68-1
Д.И. Менделеевтің атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық жүйесі және заңы. 1 69-2 Атомды құрайтын бөлшектердің санын анықтау. 1 70-3 Элемент атомының орташа атомдық массасын анықтау 1 71-4 Радиоактивтік ыдырауға байланысты есептер. 1 71-5 Жұмбақталған есептер. 1 72-6 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 9 тақырып Реакция теңдеулері бойынша есептеулер (10сағат) 73-1 Химиялық теңдеулерді құру және химиялық теңдеулерді оқу ережелері. 1 74-2 Реакцияға қатысушы заттардың біреуінің зат мөлшері, массасы, газдар үшін көлемі белгілі болса, реакция нәтижесінде шыққан заттардың зат мөлшерін, көлемін, массасын есептеу. 1 75-3 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде алынғанда заттың массасын есептеу. 1 76-4 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде алынғанда заттың көлемін есептеу. есептеу. 1 77-5 Реакцияға тұскен заттар таза күйінде болмағанда реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасын есептеу. 1 78-6 Реакцияға тұскен заттар таза күйінде болмағанда реакция нәтижесінде түзілген заттардың көлемін есептеу. 1 79-7 Реакцияға тұскен заттар таза күйінде болмағанда реакция нәтижесінде түзілген заттардың зат мөлшерін есептеу. 1 80-8 Тіркес теңдеулер бойынша есептеулер. 1 81-9 Тіркес теңдеулер бойынша есептеулер. 1 82-10 Жұмбақталған есептер. 1 83-11 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 84-1 10 тақырып Химиялық реакциялардың энергетикасы (5 сағат)
Реакцияның жылу эффектісін анықтау.
1 85-2 Реакцияға қатысқан заттың массасы бойынша реакция нәтижесінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды 1 86-3 Бөлінетін жылудың шамасы бойынша әрекеттесуші заттардың массасын,көлемін, зат мөлшерін есептеу. 1 87-4 Жұмбақталған есептер 1 88-5 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 89-1 11 тақырып Химиялық реакциялардың жылдамдығына арналған есептер. (5сағат)
Химиялық реакциялардың жылдамдығы және жылдамдықты есептеуге арналған есептер. 1 90-2 Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар. Вант-Гофф ережесіне арналған есептер. 1 91-3 Вант-Гофф ережесіне арналған есептер. 1 92-4 Химиялық тепе-теңдікке арналған есептер. 1 93-5 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 94-1 12 тақырып Қоспаның құрамын анықтауға арналған есептер (6 сағат)
Қоспадағы заттардың біреуі ғана реакцияға түскенде түзілетін заттардың массасын анықтау. 1 95-2 Қоспадағы заттардың біреуі ғана реакцияға түскенде түзілетін заттардың көлемін, зат мөлшерін анықтау. 1 96-3
Берілген қоспа бинарлы емес одан күрделірек болғанда қоспаның құрамын анықтау. 1 97-4 Құймалардың құрамын анықтауға арналған есептер. 1 98-5 Бейорганикалық заттар жұмбақталған есептер. 1 99-6 Тақырып бойынша білімдерін тексеру. 1 100-1 13 тақырып Жыл бойы өтілген тақырыптарға арналған есептерді қайталау. (3 сағат)
Химиялық формулаларға және моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро санына арналған есептерді қайталау. 1 101-2 Химиялық реакция теңдеулері және ерітінділерге арналған есептерді қайталау. 1 102-3 Жыл бойы өтілген оқу материалдарын қайталау, қорытындылау. 1 Пайдаланатын әдебиеттер:
Мұғалім үшін:
1.Бекішев Қ «Аудандық химиялық олимпиада есептері»
Алматы: «Білім » 2012ж
2.Усманова М.Б. Сақириянова Қ.Н. «Сандық есептер шығару әдістемесі»
Алматы: «Атамұра » 2004ж
3.Шамова М.О. «Учимся решать расчетные задачи по химий»
Москва: «Школьная пресса» 2002ж
4.Хомченко Г.Г. Хомченко Г.И. «Задачи по химии»
Москва: «Высшая школа» 1987ж
5.Рудзитис Г.Е. Фельдман Ф.Г. «Решения и ответы»
Висагинас: «Альфа» 2000ж
6. Врублевский А.И. «Задачи по химии с примерами»
Мн: «Юнипресс» 2002ж
7.Резяпкин В.И. «700 задач по химии с примерами решения»
Минск 2001ж
Оқушы үшін:
1.Бекішев Қ «Аудандық химиялық олимпиада есептері»
Алматы: «Білім » 2012ж
2.Усманова М.Б. Сақириянова Қ.Н. «Сандық есептер шығару әдістемесі»
Алматы: «Атамұра » 2004ж
3.Темірболатова Ә.Е. «Химия»
Алматы: «Атамұра» 2004ж