Коучинг О?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыруда сын т?р?ысынан ойлауды ?йренуді? белсенді элементтерін пайдалану


Тақырыбы Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауды үйренудің белсенді элементтерін пайдалану.
Жалпы мақсаты Сабақ жоспарын жаңа бағдарлама ұсынған элементтерін қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
Күтілетін
Нәтиже Сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар беру арқылы танымдық қабілеттері қалыптасады.
Негізгі түйін СТО
Дерек көздер Презентация, бейнежазба , Сергіту сәті
Сабақта
қолданылатын материалдар Тапсырмаларды орындайтын қағаздар, фломастер-маркерлер, А4 форматындағы қағаздар.
Коучинг сабақты өткізу кезеңдері
уақыты коучтын іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ұйымдастыру 5 мин Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренинг ұйымдастырамын.
-Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
-Егер сіздің ұйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
-Егер сіз иттерді жақсы көрсеңіз, көршіңізді құшақтаңыз;
-Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз;
- Егер сіз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
- Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар. Рахмет!
Мұғалімдер берілген жаттығуларды орындайды.
Топқа бөлу 3 минут «Мен ұнататын әуен» ұнататын өлеңіне қарай топқа бөлінеді.
Мұғалімдер ұнататын өлеңіне қарай топқа бөлінеді.
Болжам стратегиясы 3 минут Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманың тақырыбы. «Аққу» Оларға тірек сөздер таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа. Осы тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыру керек.
Әңгіме құрастырады.
Бейнежазба 10минут «Анам айтқан жалған сөздер» Бейнежазба жауабын СТО арқылы ойланып шешеді.
Сергіту сәті 2 минут «Скилет» Мұғалімдер билейді
Ой толғау 3 мин Топтарға әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерді зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу мақсатында, рольдерді сомдады. Рольдерді сомдайды.
Бағалау 1 мин Бас бармақ арқылы бағалау Бас бармақ
Кері байланыс 3 мин Доп лақтыру арқылы, кері байланыс орнату. Доп лақтыру арқылы сабақтан алған әсерлерін бөліседі.