?р о?ушыны? дербес о?у стилін ескере отырып, ?рт?рлі ідістерді саба?та тиімді ?олдану


Мисина С.А.
Өскемен қаласы
«№ 27 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Әр оқушының дербес оқу стилін ескере отырып, әртүрлі әдіс- тәсілдерді сабақта тиімді қолдану.
«Технология» дегеніміз не?Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы,оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Оқытуды дербестендіру дегеніміз оқушының дербес (жеке) ерекшеліктерін оқыту үрдісінің барлық формалары мен әдістерінде ескеру.
Дербес тәсіл-бұл оқыту ұстанымы,ал оқытуды дербестендіру осы ұстанымды өзіндік формасы мен әдістері арқылы іске асыру.Оқыту бірдей бағдарламамен жүреді,бірақ әр оқушыға дербестендіру формасы мен әдістері қолданылады.Сондықтан оқытуды дербестендіру деп әр оқушының дербес (жеке) ерекшеліктеріне сай оқу процесін ұйымдастыруды айтады.Бұл тәсіл оқушының потенциалды мүмкіндіктерін толық іске асыруға ықпал етеді.Нақты мектеп жүйесінде дербестендіру салыстырмалы түрде өтеді.Өйткені сыныптағы оқушылардың санының көп болуы, олардың оқуға қабілеттілігінің бірегейлілігі бұл технологияны толық өткізуге мүмкіндік бермейді.Дербес оқытуға тірек конспектісі арқылы оқыту технологиясы да жатады.Технологияның авторы-В.Ф.Шаталов.Оның технологиясының негізгі өзегі-тірек белгілері және оларды жинақтап тірек конспектісін құру.Тірек белгісі-ассоциативті символ(белгі,сөз,сызбанұсқа,сурет және т.б.)бір мағынаны білдіреді.Тірек сызбанұсқалары оқушылардың білім деңгейін жаттанды түрде емес, тыңғылықты оқып үйренуін,түсінуін жеңілдетеді,сонымен қатар олардан алған білімін оңай еске түсіруіне мүмкіндік туғызады,ой-өрісін кеңейтеді.
Бұл технологияны іске асыру тиімді болу үшін тірек белгілерін пайдаланудың кезеңдерін,тәсілдерін және прициптік түрде әдістемелік шешімдерін білу қажет.Олар мыналар:
1. Теорияны сыныпта оқыту:
- тақта алдында көрнекіліктерді,техникалық оқу құралдарын пайдаланып түсіндіру;
- түсті бояулармен безендірілген тірек конспектісі арқылы қайталау;
- оқушылардың өз жұмыстары бойынша дербес жұмыс жүргізуі;
- тақырыптарды блок түрінле жаппай баяндау.
2. Үйде орындалатын өзіндік жұмыс:
- жазған жұмысын пайдаланып мұғалімнің түсіндірген оқу материалын еске алу;
- оқулық арқылы материалдарды қайталау;
- кітапта оқығанды дәптердегі жазылыммен салысытру;
- дәптердегі жазылым арқылы оқулықтағы материалды айту;
- тірек сөздерді жатқа айту;
- жазбаша жазып, түпнұсқасымен салыстыру;
- қажет болған жағдайда ата-ананың көмегін пайдалану.
3. Алғашқы қайталау- бақылау арқылы меңгеру:
- барлық оқушылар есте сақтағанын қайталайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды тексереді;
- сол мезгілде магнитофонға жазу арқылы сұрау жүргізіледі;
- ауызша сұрау.
4. Тірек сөздерді ауызша айту:
5. Екінші мәрте қайталау,қорыту және жүйелеу:
- оқушылардың өзара бақылауы;
- бақылаудың барлық түрлерін қолдану;
- оқушылардың бір-біріне көмегі;
- ойын элементтерін пайдалану.
Осы технологияны қолдану барысында бақылауға көп назар аударылады,оқушының алған әр бағасы білім парағына ендіріледі және ол мәліметтер барлық оқушыларға белгілі болады.
Сонымен бұл технологияны оқыту өте тиімді,әрі ұтымды.Оқу материалын оқушының жүйелі есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыруға ерекше ықпал етеді,яғни танымдық маңызы зор. Бұл технологияның тәрбиелік мәні де ерекше:
- әр оқушыны күнделікті еңбекке баулиды;
- танымдық іс-әрекет қалыптасады;
- оқушыларда өз қабілеттілігіне сенімділік пайда болады;
- жауапкершілік,шыншылдық,жолдастық сияқты қасиеттер қалыптасады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазақстан жаңа ғасырға дүние жүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл-қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз – білім.
Қорыта келгенде,  «Білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын ,олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып,топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде- бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру оны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сын тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.
Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Астана хабары, 2004, 6 қаңтар
2/Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІI деңгей ІІІ басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж.
3. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.
4. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,Ә.Әмірова Мектептерде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану Алматы 2005ж.120б.
5.С.К. Исламгулова Білім берудегі технологиялар Алматы 2007ж. 13