О?у ?дерісінде баланы? жас ерекшеліктерін аны?тау. (коучинг)


Орал облысы
Мемлекеттік камуналдық мекеме « Ақсай қаласының №2 Жалпы білім беретін орта мектебі»
Физика-информатика пәні мұғалімі: Карабаева Сауле Кенжегалиевна
Мерзімі
20.02.2014
Тақырыбы Оқу үдерісінде баланың жас ерекшеліктерін анықтау.
Коучинг
Мақсаты
Балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып ,
баланың дамуы мен тәрбиесінің нәтижелігін анықтау.
Оқыту
нәтижелері Мұғалімдер коучинг сабақтан баланың жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын түсіну.
Түйінді
Идея
Қалыптасу дегеніміз –адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтежесінде жетілуі.
Ресурстар
Интерактивті тақта, ақ қағаздар, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, оқулық, стикерлер.
Жүргізу барысы
Түсіну:
Қолдану:
Талдау:
І. Ұйымдастыру:
1. СЕРГІТУ СӘТІ.
Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, аз да болса денесі шынығады;
2. ТОПҚА БӨЛУ . « Тәтті тілектер» ойынымен ұжымды
4 адамнан 3 топқа бөлемін.
3 Коучинг тақырыбы мен мақсатымен таныстырып, 1-ші ведио көрсету.
Ұстаздарды сұхпатқа шақыру мақсатында бірінші мынадай сауалдар қойылады:
1 Адамның қалыптасуы дегеніміз –адамның жеке басының дауы мен тәрбиесінің нәтежесі бола ма?
2 Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері баланың бұрынғы даму кезеңіне байланысты ма?
3Жеткіншек шақта баланың тәрбиесіне оқуына көбірек ықпал беретін мектеп пе немесе ата-ананың ықпалы ма?
4 Жасөспірім шақ- жеке адамның толысуымен қалыптасады деген пікірге қосарың бар ма?
«Баланың белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді»
Топқа тексті бөліп, сол жөнінде баланың төрт кезеңіне тоқталып ,талқылап постерге түсіріп, әр топ өз ойларын ортаға салды.Басында қойылған сұрақтың жауабын , ұстаздар ашып көрсете білді. Бірінші кезең « мектепке дейінгі кезең балалық кезеңі» психолог маман Усербаева Марал Тилегеновна Элконим бойынша айтсақ ,адам өмірге келген соң,бала нәресте, бөбек ,балдырған ,бүлдіршін жолынан соң төменгі сынып кезеңіне аяқ басады .Төменгі сыныпта оқушы ,ойын арқылы оқу білімге бет бұруы ,өзіндік өмірдегі ,ұжымдағы беделі артып өзін іздейтін кезеңі болып табылады.Бұл жерде мұғалім басты тұлға ,ата-ананың ықпалы да көп.
Екінші кезең «жеткіншек шақ» Габдулова Замзагүл Ермековна баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі» , «бетбұрыс» кезеңі баланың әлеуметтік белсендігі жаңа әлемді тануға деген құлшынысы көп , бұл жаста бала өзі білем деп ұмтылатын ,үлкендердің айтқанын көп ұқпайтын үйрете отырып оқытуды талап ететін кезең.

Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.
Нәтижеге жетер жолдағы ішкі және сыртқы кедергілерді анықтау.
Теория Слайдты көрсету
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.
Балалардың өсіп жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес . Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуы жиі байқауға болады.
Оқушының сипаттамамасы
1 Қорғанатын Дейв
2 Дәрменсіз Ханна
3 Өте сақ Салли
Әр топқа үш оқушы туралы «оқушы сипаттамасы беріледі» топ мүшелерінің мақсаты осы жағдайдан шығу үшін оқушыға қандай көмек бере алады ?
7. Сауалнама алу
Сауалнама
1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
Иә Жоқ
Түсініктемелер
2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?
Иә Жоқ
Түсініктемелер
3.Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?
Иә Жоқ
Олар қандай болды?