Т?л?аны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыруда?ы диагностикалы? ж?мыстарды? р?лі


Тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы диагностикалық жұмыстардың рөлі
4000514605
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Шаиева Алия Сайфеденқызы
Қазіргі уақытта қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға сын көзбен қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу – 12 жылдық білім беру мәселесі. Осыған орай, оқушының ой-өрісін дамытып,алған білімдерін өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдану біліктілігін арттыра отырып, ізденімпаз,шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырудың бірден – бір жолы да осы 12 жылдық білім беруге байланысты болмақ.
12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беру жүйесі моделінен айырмашылығы төмендегідей:
Оқушының функционалдық сауаттылығы ( оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, ғылыми сауаттылығы) .
Көп варианттылығы.
Деңгейлі және бағдарлы сараланғандығы .
Аймақтық білім беру.
Жеке тұлғаға бағдарланғандығы.
Бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді.
12 жылдық оқытудың педагогикалық – психологиялық аспектілеріне тоқталатын болсақ:
Дара тұлғаға бағытталған білімді ұйымдастыру, білім беруді гуманизациялау, дифференциялау, көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.
Оқу –тәрбие жұмысын ұйымдастыру кез-келген ситуацияны шешуге дайын өмірдің сан алуан жағдайына бейімделе алатын дара тұлғаның негізін қалауға бағындыру.
Баланың қызығушылығы мен ынтасына сай білім сұраныстарын қанағаттандыру процесін өзіне лайық кәсіби бағдарлаумен ұштастыру.
Қорыта келгенде, 12 жылдық білімдегі басты талап – жеке тұлғаның даралығын ашу және оқу әрекетін ұйымдастыру .
Ал білім беруде жаңа технологияларды кеңінен қолданып, сапалы оқытудың нәтижесі – оқушылардың функционалдық сауаттылығы болып табылатыны сөзсіз.
Мектепке келген баланың даралық қабілетін анықтауға арналған жұмыстардың ең маңыздысы – жеке тұлғаға бағдарланған оқыту болып табылады. Осы тұста диагностикалық зерттеу жұмыстары балаларды жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін бағдарлы оқытуда жағымды әсерін тигізетіндігі сөзсіз. Диагностикалық зерттеу жұмыстарының ерекшелігіне тоқталатын болсақ, олар:
Бала денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын алу.
Баланың мектепке жылдам бейімделуін қамтамасыз ету.
Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.
Соңғы жылдары педагогикалық ғылымда диагностика ұғымның мән – мағынасын ашуға арналған бірқатар зерттеулер жүргізілді. Мәселен, Я.Коломинский, А.Кочетов, И.Прокопьев диагностиканы дидактикалық үрдістің нәтижесін дәл анықтау үшін сол үрдістің барысының барлық жағдайларын айқындау құралы ретінде қарастырады.
Диагностика оқушының ақыл – ой қабілетінің дамуына оң әсер етеді, жүйелі еңбектену әдетін қалыптастыруға және өзін – өзі бақылауға, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етеді.
Мұғалім баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау үшін, төмендегі үлгі бойынша, арнайы картаны толтырылады:
Баланың мектептегі оқуға даярлық картасы:
Мектепке психологиялық және әлеуметтік даярлығы:
а) мектепке оқуға тілегі;
б) оқу мотивациясы;
в) қарым-қатынас жасай білу іскерлігі, жағдайға байланысты әрекеті;
г) іс-әрекетін ұйымдастыра алуы.
Маңызды психофизиологиялық функциялардың дамуы
а) фонематикалық есту, артикуляциялық аппарат
б) қолдың майда бұлшық еті
в) кеңістікті бағдарлауы, қимыл координациясы, дененің оңтайлылығы
г) «Көз - қол» жүйесінің координациясы
д) көріп қабылдау көлемі (суреттегі бейнеленген объектілердің саны)
Таным әрекеттерінің дамуы
а) ой – өрісі
б) тілдің дамуы
в) таным белсенділігінің дамуы, өзбеттілігі
г) интеллектуалды дағдыларының қалыптасуы (анализ, салыстыру, қорытындылау, заңдылықтарды анықтау)
д) іс - әрекеттің еркіндігі
е) іс - әрекетке бақылау жасау
ж) іс - әрекеттің
Денсаулық жағдайы
Енді, бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық мінездемесіне тоқталып өтетін болсақ, ол;
Белсенді зейін пайда болады
Бала дамуында көптеген өзгерістер ;тілің дамуында, интеллектуалды дамуында,ой,зейін,ес,қиял салаларында байқалады
Бала белгілі тақырыпта әңгімелесуге қабілетті, сал әңгіме төңірегінде пікір – талас құра алады
Бала заттардың ұқсастығын басқа затпен салыстыра алады
Нақты жағдайда елестетуге, оны шешуге тырысады
Бейнелі ойлау осы жастағы бала ойлауының негізгі түрі болып табылады
Түрлі анықтамалар мен өзіне маңызды оқиғаларды тез есіне сақтайды
Рефлексия жақсы дамыған
Баланың өзін оқу әрекетінің субьектісі ретінде сезіну мен ортамен қарым-қатынас жасауда оқушылардың психикалық даму ерекшеліктерін ескеру маңызды рөл атқарады.Оқушылардың негізгі психикалық даму ерекшеліктерін ;есте сақтау қабілеті ,зейіннің дамуы ,ойлау қабілеті.Психологтардың зертеу негіздемелеріне сүйенсек , бала 1 жастан бастап жүйке жүйесінің дамуы жоғары көтеріліп ,3-5 сыныптарда тоқтайды да, ал 7 сыныпқа дейін төмендейді. 14-15 жаста жүйке жүйесінің дамуы 5 сынып оқушыларымен бірдей болады.
Есте сақтау қабілеті 1 жастан бастап 6 жасқа дейін өсіп келсе, 5 сыныпқа дейін төмендейді. 3-4 сынып оқушыларының көрсеткіштері 2 жастағы баланың көрсеткішімен бірдей болып келеді. Әрі қарай траектория жоғарылайды, тек 8 сыныпта 6 жастағы баланың деңгейіне жетеді.
Баланың зейінің дамуына тоқталсақ, 3 жасқа дейін зейін жақсы дамып, 3-4 жас аралығында тоқтайды, 4-5 жас аралығында қайта жоғарылайды. «Неге» - деген осы кезеңде баланың сұрақтары да нағыз көп беретін уақыты. Соның бәріне нақты, тиянақты, толық, түсінікті жауап беруге тырысу керек. Ал 1- сыныптан 5- сыныпқа дейін жоғары өрмелейді, 5- сыныптан 7-сыныпқа дейін күрт төмендейді. 6 жасар баланың есте сақтау қабілетіндей тек 8- сыныпта баланың қабілетімен бірдей болып келеді.
Кіші моториканың дамуы:
Жазу дағдысы қолдың кіші моторикасының дамуына байланысты. Бала өз киімінің түймелерін салып, аяқ-киімінің бауын өзі байлап, апликациямен жұмыстанған кезде қағазды өзі қиып, сурет салып,бояса , ермексаздан әртүрлі бұйымдар жасаса кіші моторикасы тез дамиды. Кіші моториканың дамуы оқушының каллиграфиясының жақсы болуына тікелей байланысты. 1 жастан бастап 3- сыныпқа дейін жоғары өрмелей түссе. 3-5 сынып аралығында тоқталысқа ұшырайды. Ал 5- сыныптан бастап 11- сыныпқа дейін жоғарылай береді. Г.А. Табардинов ( Ресей зерттеушісінің) ойлау қабілетіне , есте сақтау қабілетіне, зейініне байланысты негіздемелеріне сүйене жүргізілген 2 сынып оқушыларының диагностикасына тоқталсақ
Жыл басында

Қорытынды: ойлау деңгейлері 10 оқушы жоғары-34%, 7 оқушы орташа -56%, 3 оқушы төмен - 10%
Зейін: 11 оқушы жоғары – 36%, 13 оқушы орташа – 43%, 6 оқушы – 20%
Балалардың осындай физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушының сәтсіздіктеріне шыдамдылық көрсету, талпыныстарына қолдау көрсету, әрі қарай коррекциялық жұмыстар жүргізу мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері мен психологтың жұмысымен байланысты.
Өз іс – тәжірибемде танымдық педагогикалық іс-әрекеттерге бағытталған жұмыстарға тоқталсам: сабақ жоспарымды құруда түрлі интерактивті оқыту формаларын: жарыстар, тренингтер ұйымдастыра-мын. Себебі психологтардың дәлелдеуінше іс-әрекетпен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Іс-әрекетте болмаған нәрсе санада да қалыптаспайды. Оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс-әрекет арқылы ғана саналы білімдер қалыптастыруға болады. Мұндай технологияны ендіруге жұмыссыз отыратын оқушылар болмайды. Оларды қызығушылық жоғары болады, олар өздерінің даму динамикасын, жетілгендерін жақсы сезінеді.
Сабақ уақытында:
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
Логикалық ойлаудың дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар;
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
Қиялдау арқылы сурет салғызу;
Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамыту, өлең шығармаларын құрастыру;
Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;
Сабақтан тыс уақытта:
Мұражайға апару;
Әр түрлі кездесулер өткізу;
Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;
Балаларға арналған журналдарды үнемі пайдалану, өз шығармашылықтарын басылымға беру;
Әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатыстыру;
Психологтың жүргізген коррекциялық жұмыстарына қосымша өзімнің жоғарыдағыдай педагогикалық іс-әрекеттерімде ұстаздық позициямды жоғарлатпай, керісінще, оқушыны мотиватциялау, оған кеңес беру, білімді, ақпаратты алудың жолдары мен амалдарын беріп, оны түсіну мен тиімді пайдалануға үйрету, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен жетістіктерді білуге және олармен жұмыс істеуде, оқу материалдарын сұрыптау мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға жетекшілік ету, нәтижесінде көрсеткіштер төмендегідей өзгереді.
Жыл соңында

Қорытынды: ойлау деңгейлері 15 оқушы жоғары– 50%, 12 оқушы орташа – 40%, 3 оқушы төмен – 10%
Зейін: 14 оқушы жоғары – 46%, 14 оқушы орташа 46%, 2 оқушы төмен – 6%
Мұғалімнің диагностикаға қатысты мәселелерді жетік меңгеру оның кәсіптік – педагогикалық іс –әрекеттерінде оқу – тәрбие үрдісін үйлесімді басқаруына мүмкіндік береді.
Мұғалім диагностика көмегімен оқушылардың білім меңгеру барысындағы мүмкін болатын сәтсіздік себептерін, оқушыларды тек жеткен нәтижелері бойынша ғана емес, олардың
қолданған, пайдаланған таным әдіс- тәсілдері бойынша да бағалай және жеке оқушының оқу үрдісінде ілгері басу қарқынын, оның даму бағытын айқындай алады. Ол тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып, оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Қазақстан -2030» атты стратегиялық бағдарламасы
Әбдікәрімұлы.Б 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері. Ғылыми басылым – Астана 2008, Б 22-23б
Альмухамбетов.Б.А – Модернизация деятельностиметодическихслужбнаэтапеперехода 12 летнемуобразованию // Білімдегі жаңалықтар – 2005 № 3с 25-30
Усманова.Ә.Ә, Сәрсенбаев.М.Б. – Педагогика (әдістер жинағы) Оқу құралы –Алматы, 2005, 374
Бесьпалкова.В.П – Слагаемыепедагогическойтехнологии – М. Педагогика 1989.192с