?арапайым математикалы? т?сініктерді ?алыптастыру цифры туралы ?ткенді пысы?тау. Затты? пішінін геометриялы? пішіндермен с?йкестендіру. «?лкен», «Кіші», «Кішкентай» ??ымдарын бекіту.


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: 5 цифры туралы өткенді пысықтау. Заттың пішінін геометриялық пішіндермен сәйкестендіру. «Үлкен», «Кіші», «Кішкентай» ұғымдарын бекіту.
Мақсаты:
Білімділік: 5 көлеміндегі сандарды санау қабілеттіліктерін жетілдіру; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету;
Дамытушылық: әртүрлі арақашықтықта орналасқан екі топтағы заттарды салыстыру; геометриялық пішінге ұқсас заттарды сәйкестей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, зейінді болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, практикалық
Көрнекілігі: Пойыздың вагондарының суреті, үлестірілмелі кеспе цифрлар, жемістердің суреттері.
Мотивациялық-қозғаушы кезең:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
 Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
(Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен бірге айтып, қимыл қозғалыспен көрсетеді)
Сәлеметсіңдер бе, балалар?
Здравствуйте, дети?
Неllo, children?
Балалар. Балалар үш тілде амандасады«Сан және цифр» ойыны
Тәрбиеші балаларға себеттегі барлық жемістердің санын алдарындағы кеспе сандар арқылы анықтауды ұсынады.
-Балалар көрсетілген заттың санына сәйкес цифрды көрсетеді.
Ұйымдастырушылық - ізденістік кезең:
Осы кезде топқа Мақта қыз қонаққа келеді.
Балалар Мақта қызды қарсы алып, амандасады.
Мақта қыз:
Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерден көмек сұрай келдім. Ата - әжеме ең әдемі деген шәркейімді кием деп жүріп, шәркейлерімнің сыңарларын шатастырып алдым. Маған шәркейлерімнің сыңарларын тауып бергендеріңді қалаймын.
Балалар. Мақта қыздың тапсырмасын мұқият тыңдайды.
Дәптермен жұмыс
Тәрбиеші:Балалар, қанекей олай болса, Мақта қызымыздың барлық шәркейлерінің сыңарларын тауып, барлық аяқ киімдерінің санын санап берейікші.
Балалар жұмыс дәптерінде берілген шәркейлердің сыңарларын тауып қосып, барлық аяқ-киімдердің санын санайды.
Мақта қыз: Балалар, мен ата-әжеме пойызбен барамын . Мен пойыздың 5-ші вагонына отыруым керек. 5-ші вагонды тауып беріңдерші!
Тапсырма. Балалар вагонға сандарды қойып, ретімен санайды.
Балалар дәптерде берілген вагондарға сандарды ретімен қойып шығып, вагондар санын санайды.
Мақта қыз: Жарайсыңдар! балалар менің вагонымның санын дұрыс таптыңдар. Сендерге разымын. Сау болыңдар!
(Балалар қонақпен қоштасады).
Сергіту сәті.
Тәрбиеші.Қане, балалар біріміздің артымызға біріміз пойыз болып тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық!
Кәне, кімнің бойы ұзын
Паравозы поездің
Пш-пш-пш-пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу-гу-гу гуілде
Қалып қойма біріңде.
Пш-пш-пш-пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу-гу-гу гуілде
Қалып қойма біріңде.
Балалар. Балалар бірінің артына бірі тұрып паровоз әнін бірге айтады
Тәрбиеші. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын . Жауабын, қане тауып көріңдер!
Бала бiткен соғады,
Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. 
Балалар жұмбақты тыңдайды.
Ол не, балалар?
Балалар: Балалар жұмбақты қызыға шешіп, жауабы доп болатындығын айтады.
Дәптермен жұмыс
Тәрбиеші: Балалар доп нешеу?
Доптардың көлемі қандай?
Олай болса, бұдан да кіші доптың суретін салайық 
Балалар. Балалар жұмыс дәптерінде берілген доптарды санын санай отырып,3-еу екендігін анықтап, көлемдерін салыстырады. Ең кішкентай топтың суретін салады.
Тәрбиеші. Ой, балалар мен Мақта қыздың сыйқырлы хатын ұмытып кетіппін ғой. Бұл хатта не бар екендігін білгілерің келе ме?
Сиқырлы хатты қызыға тамашалайды.
Ойын: «Геометриялық лото».
Шарты: геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып атау.
Балалар геометриялық пішінге ұқсас заттарды тауып, орналастырады.
Рефлекциялық – түзетушілік кезең:
Тәрбиеші.Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?
Балалар бүгін қонаққа Мақта қыздың келгенін айтады.
Тәрбиеші. Мақта қызға біз, қалай көмектестік?
Балалар. Мақта қызға қандай тапсырмаларды бірге орындауға көмектескендіктерін айтады.
Балаларды мақтау, мадақтау . Жұлдызшалар таратып беру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 5 цифрын, геометриялық фигураларды біледі.
Игереді: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды реттілігімен қоюды және заттың пішінін геометриялық фигураларға сәйкестендіре білуді игереді.
Меңгереді: Геометриялық пішіндер туралы түсінікті, «Үлкен» «кіші», «кішкентай», «ең кішкентай» деген көлем өлшемдерін ажырата алуды меңгереді.