Модульдік технологияны? химия п?ніндегі тиімділігі


Сабақ тақырыбы: Күкірт қышқылы
Мақсаты:
Оқушыларға күкірт қышқылының қасиеттерін өмірмен байланыстырып оқыту, есеп шығару дағдысын қалыптастыру; туралы білім бере отырып химиялық реакциялар көмегімен қасиеттерін жаза білуге дағдыландыру,қышқыл жаңбырдың түзілу себептері, қоршаған ортаға әсерлері жөнінде түсінік қалыптастыру
Негізгі идея: Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың күкірт қышқылы туралы толық мәлімет алып, реакция теңдеулерін жазып, есеп шығара білуі.Қышқыл жаңбырлар туралы біледі.
Оқыту формасы:
Топпен жұмыс, диалог әдісі, жұптық жұмыс, СТО, «Миға шабуыл», ізденіс, зерттеушілік, бірін-бірі бағалау, ойын элементтері, «Ия», «Жоқ» әдісі, АКТ
Ресурс
Электронды оқулық, интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, стикерлер, слайдтар,
Сабақтың бөлімдері мен мақсаттары Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Уа
қы
ты
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, топқа бөліп, топ ережесін құру. Топ басшысын сайлау. Мақсаты: Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру Оқушыларға топқа бөлініп, бір-біріне жақсы тілектер айтуды тапсырады Оқушыларға топқа бөлініп, бір-біріне жақсы тілектер айтады
3 мин
«Қызығушылықты ояту»
Мақсаты: Тақырыпты ашу және түсініп өз ойларын жинақтап айту. Қышқыл жаңбырдың түзілуі туралы слайд көрсетеді. «Болжау стратегиясы» бойынша сұрақтар қояды
Оқушылар реакция теңдеулерін жазып тақырыпты ашады 5 мин
«Мағынаны тану»
Мақсаты: Күкірт қышқылы туралы білімдерін одан әрі дамыту.
Қауіпсіздік шараларды сақтауға үйрету Күкірт қышқылы туралы не білеміз ? Оқушыларға ассоциация құруды тапсырады.
Формативті бағалайды.
-екі негізді, - ІІ- валентті - оттекті, күшті қышқыл - Сандық құрамы: екі атом сутек бір атом күкірт төрт атом оттек - Сапалық құрамы: сутек, оттек, күкірт атомдарынан тұрады -лакмусты қызыл түске бояйды - оксидтері SO2; SO3
- SO4 қышқыл қалдығы. 3 мин
«Ой толғау» кезеңі
Мақсаты: Реакция теңдеулерін жаза білуге дағдыландыру І тапсырма. Н 2SO 4 – тің физикалық,химиялық қасиеттері мен қолданылуына постер құру тапсырады. Күкірт қышқылының физикалық,химиялық қасиеттері мен қолданылу туралы постер құрады. Өзара талқылайды. 5 мин
Мақсаты: Практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру; ІІ тапсырма. Практикалық жұмыстар орындату.
Сырттарынан бақылайды Күкірт қышқылына сапалық реакция жұргізіп, тақтаға теңдеуін жазады 7 мин
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. ІІІ тапсырма. Әр топқа есептер жинағынан, оқулықтан есептер шығаруды тапсырады. Дәптерлеріне берілген жаттығуларды орындайды 7 мин
Мақсаты: Шапшаңдыққа, баулу ІVтапсырма. «Ия» «Жоқ» балама тест орындатады. Оқушылар кестені толтырады. Тақтадағы дұрыс жауаппен өзге топтың қатесін тексереді Сабақты бекіту
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Экологиялық тәрбие беру «Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері» эссе жазуды тапсырады.
Сырттарынан бақылайды, формативті бағалайды. «Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері» эссе жазады. 5 мин
Бағалау.
Өзара топпен бағалау, бірін – бірі бағалау Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап бағалау парақшасына толтыруды тапсырады. Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. 5 мин
Рефлексия. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша сабақтың ұнаған екі кезеңі мен бір ұсыныс жазуды тапсырады. Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады. 3 мин