Откырытый урок на тему Д.И.Менделеевті? периодты? за?ы ж?не периодты? ж?йесі


Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі.
Мақсаты:
1.Оқушылардың периодтық заң және периодтық жүйе тарауы бойынша алған бөлімдерін дамыту. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар бепу арқылы білімдерін жетілдіру. Үлестірме дидактикалық материалдары беру арқылы оқушылардың білімін тереңдету.
2.Оқушыларға периодтық заң-табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі екеніне және Д.И.Менделеевтіболжамдарының тәжірибеде расталуы арқылы оқушылардың мақтаныш сезімдерін ояту.
3.Оқушылардың перниодтық заңы арқылы ғылымикөзқарастарын, яғни осы заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымдарының жедел дамуын негізге ала отырып олардың ойлау қабілеттерін тереңдету.
Сабақ түрі: Білімді жан-жақты дамыту сабағы. (Аралас сабақ).
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жарыс.
Сабақтың міндеті:
1)Оқушыларға химия ғылымының тілін меңгерту.
2)Оқушылардың танымдық әрекеттерін жандандыру.
3)Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
4)Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.
Сабақтың жабдықталуы:
1)Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы.
2)Дидактикалық материалдар.
Сабақтың ұраны: «Оқығаңды айтпа, тоқығаныңды айт»
Сабақтың құрлымы:
І.Ұйыдастыру(2мин)
ІІ.Өзіңді өзің тексер (тест тапсырма), (7мин)
ІІІ.Бетпе-бет (сұрақ-жауап),(10мин)
ІV.Периодтық жүйемен сырлас (топтық жұмыс), (10мин)
V.Басқатырғы (7мин)
VІ.Кім жылдам (7мин)
VІІ.Қорытындылау (2мин)
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Оқушыларды үш топқа бөлемін. Одан әрі сабақ сабақтың құрылымы бойынша жүре береді.
ІІ.өзіңді өзің тексер.
І-топ. 1.Периодтық жүйеде элементтердің орны немен анықталады?
а) атомдағы элоктрон санымен;
б) сырқы деңгейдегі электрон санымен;
в) ядросындағы нейтрон санымен;
г) атом ядросындағы протон санымен;
2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?
а) салыстырмалы атомдық масса шамасымен;
б)атом ядросының шамасымен;
в)сыртқы деңгейдегі электрон санымен;
г) атомдағы электрон санымен;
3. Кез-келген химиялық элемент атомындағы электрондық деңгей санын қалай анықтауға болады?
а) период нөмірі бойынша
б) топ нөмірі бойынша
в) қатар нөмірі бойынша
г) элементтің реттік нөмірі
4. галий атомының қанша электрондық деңгейі бар?
а) 5 б) 4 в) 3 г) 2
5.Негізгі топша элементтерінің сыртқы деңгейіндегі электрон санын қалай анықтауға болады?
а) период нөмірі бойынша
б) топ нөмірі бойынша
в) қатар нөмірі бойынша
г) элементтің реттік нөмірі
Жауаптары:
І-топ
Сұрақ 1 2 3 4 5
Жауап
ІІ-топ
Сұрақ 1 2 3 4 5
Жауап ІІІ-топ
Сұрақ 1 2 3 4 5
Жауап ІІ. Бетпе-бет
Период дегеніміз не? Периодтық заңның туған күні, айы жылы.
Периодтық жүйеге сипаттама бер.
Период қалай жіктеледі?
Кіші периодтарда қандай элементтер орналасқан?
Топ дегеніміз не? Ол қалай жіктеледі?
Деңгей дегеніміз не? Ол неге сәйкес келеді?
Деңгей неден тұрады? Әрқайсысына сипаттама бер.
Период бойынша элементтің я. з,т,д, м, б.м қалай өзгереді?
Период бойынша элементтің теріс электрлігі, тотықтырғыш қасиеті қалай өзгереді?
Период бойынша элементтердің оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?
s,p,d, f днңгейшеде неше электрон болады?
Паули принципін айтып бер.
d элементтерге қай элементтер жатады?
f элементтерге мысал келтір.
Т-с:
Ш. Периодтық жүйемен сырлас. Әр топ топтық жұмыс жасайды.
І-топ.
Хромның электрондық формуласын жаз.
Мына элементтерді анықтап атаңдар
а)Э+) ) )
2 х 2
ә) Э+) ) )
х 8 7
Байланысты жүзеге асыр.
ZnCL --- Zn(OH) --- K ZnO
ZnSO
ІІ топ.
Хлордың электрондық формуласын жаз.
2. Мына элементтерді анықта
а)Э+ ))) ә) э+ ) ) )
2х5 х83
3)Байланысты жүзеге асыр
Zn(OH) --- ZnO --- Na ZnO
ZhCl
ІІІ-топ
Мыс элементінің электрондық формуласын жаз.
Электрондық формуласы мынадай элементтерді анықта
Э+ ))) Э+ ))) Э+ ))))
282 284 2882
BeCl ---Be (OH) ---Be(NO )
Na BeO
ІV. Басқатырғы.
Үш элемент А, Б, В, бір периодта орналасқан. А элементінің деңгей саны, оның сыртқы деңгейдегі электрон санынан екі есе аз. Б элементі- табиғатта кең тараған. А элементімен ол АБ қосылысын түзеді. В элементі сумен күшті әрекеттесіп, сілті түзеді. Бұл элементтер В АБ деген тұз түзеді. Барлық элементтерді атап, тұздың формуласын жаз.
V. Кім жылдам?
Массасы 9г металл тұз қышқылымен әрекеттескенде, көлемі 11,2л (қ.ж) сутегі бөлінеді. Реакцияға түсіп тұрған қандай металл, ол қосылыста тұрақты валенттік көрсетеді.
Қосымша.
Мына сөзтуымды шешкенде бүгінгі сабақтың куәгерінің фамилиясы шығады.
Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым.
Электронмен толатын энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей элементтердің горизонталь қатары.
Ядроның бөлшегі.
Үш әріптен тұратын элемент
Алғаш күнде, сосын жерде табылған элемент
Лантанның тұқымдасына жататын элемент.
Атомның бөлшегі.
Фосфордың сыртқы эненргетикалық деңгейде неше электрон?
Сыртқы деңгей электронын қалай атайды?