«Д.И.Менделеевті? периодты? за?ы,периодты? ж?йесі ж?не атом ??рылысы»


«Д.И.Менделеевтің периодтық заңы,периодтық жүйесі және атом құрылысы»
Қажетті құралдар:Д.Мендеелев периодтық жүйесі,Д.Мендеелев портреті,дидактикалық материалдар,тірек-сызбанұсқасы,тақта,бор.
1.Сабақ барысынды оқушыларға тест сұрақтары беріледі.
1. Алмасу реакциясы
A) K2O+SO3→K2SO4
B) CaCO3→CaO+CO2
C) CuCl2+Fe→Cu+FeCl2
D) CuO+H2SO4→CuSO4+H2O
E) Zn+2HCl→ZnCl2+H2
2. Тотықсыздандырғыш қасиеті басым элемент
A) Фосфор
B) Хлор
C) Магний
D) Күкірт
E) Натрий
3. Оң зарядты иондарA) оксидтерB) электролиттерC) бейэлектролиттерD) катиондарE) аниондар 4. Диссоциацияланғанда алюминий катионын түзетін зат
A) AlCl3
B) NaOHC) HClD) K2CO3
E) NaCl 5. VII А топ элементтерінің ұшқыш сутекті қосылысының формуласы
A) R2H
B) RH2
C) RH4
D) RH
E) RH3
6. Күкірт атомындағы сыртқы қабатындағы жұптаспаған саны
A) 2
B) 4
C) 8
D) 6
E) 16
7. Na2SO4 қосылысындағы күкірттің валенттігіA) 3
B) 6
C) 2
D) 1
E) 4
8. Мөлшері 0,3 моль болатын оттектің молекула саны
A) 0,301∙1023
B) 6,02∙1023
C) 0,901∙1023
D) 1,806∙1023
E) 1,204∙1023
9. 2H2O = 2H2 + O2 – Q реакциясының сипаттамасы
A) айрылу, экзотермиялық
B) айрылу, эндотермиялық
C) орынбасу, эндотермиялық
D) тотығу, эндотермиялық
E) қосылу, экзотермиялық
10. Тұз қышқылымен әрекеттеспейтін металл
A) Fe
B) Ca
C) Ag
D) Mg
E) Zn
11. Құрамында 45 г тұз бар, 200 г ерітінді дайындау үшін қажет судың массасы
A) 155г
B) 225г
C) 245г
D) 205г
E) 185г
12. Айналымдағы Х→HХ NaХ, „Х” заты
A) күкірт
B) көміртегі
C) фосфор
D) калий
E) хлор
2.Сабақ барысында оқушыларға сұрақтар беріледі.
Д.Мендеелев периодтық заңды қай жылы ашты?Заң қалай тұжырымдалады?
Д.Мендеелев элементтерді қалай орналастырады?
Период деген не?Ол нешеге бөлінеді?
Топ деген не?Ол нешеге бөлінеді?
II периодқа сипаттама беріңіз?
Элемент атомының құрлысы қандай?
Сынып оқушыларына кестедегі бірінші бағанадағы оксидтердің жалпы формуласына сәйкес келетін қосылыстарды теріп,олардың аттарын атау тапсырылады.
R2O3 RO Na 2O Al 2O3 B 2O3 CaORO2 R 2O FeO SO2 K 2O SnO2