О?ытуды? жаратылыстану-математика ба?ыты бойынша информатика п?нінен 10 «а» сынып о?ушыларына арнал?ан «А?паратты? технологиялар» ?олданбалы курсыны? ба?дарламасы


Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қарғалы №3 орта мектеп коммуналды мемлекеттік мекемесі
Оқытудың жаратылыстану-математика бағыты бойынша
информатика пәнінен 10 «а» сынып оқушыларына арналған «Ақпараттық технологиялар»
қолданбалы курсының бағдарламасы
 
аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат
Нурсапаева Макпал Алмасовнаинформатика пәнінің  мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
 
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Курстың мақсаты – ақпараттық қоғамның талаптарына жауап бере алатын оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылар ақпараттар ағынымен жұмыс тәсілдерін – қажетті ақпаратты іздеу, оны өңдеу, ақпараттың мәтіндік және мультимедиалық түрлерін құру және қайта жасау, оларды оқу және өмірлік мәселелерді шешуде қолдана білулері тиіс.
  Міндеттері:
оқушылардың бейнелік  ойлау  қабілетін  дамыту, ақпараттық технология маңыздылығын терең түсіну, танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;
оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
жоба қорғау барысында, жарыс сөздер жəне ауызша жауаптарда сөйлеу мəдениетін дамыту
оқушыларды ақпараттық мəдениетке жəне техникаға ұқыпты болуға тəрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.
Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.
Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.
 
Оқушылар мыналарды білуі тиіс:
ақпараттық технология ұғымын;
графиктік, мәтіндік редакторлармен жұмыс жасай білуі;
компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;
презентация құра алуы, талдай алуы және түсіндіре алуы.
ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық жабдықтарын білуі;
адам және қоғам өміріне ақпараттық технологияның тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;
жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;
слайд – фильмдерді  жасау жолдарын
 
 Бағдарлама  мазмұны:
 
1-бөлім: Кіріспе (3 сағ.)
Техника қауіпсіздік ережесі. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
2-бөлім: Презентация. Мультимедиалық презентация
конструкторы (18 сағ.)
Power Point бағдарламасымен танысу, презентация  жасау. Movie Maker бағдарламасымен жұмысты үйрену.Фильм жасау, өңдеу.
3-бөлім: Телекомуникациялық желілер(10 сағ.)
Телекомуникациялық желілермен жұмыс. Интернет ауқымды желісінің қызметтері, мүмкіндіктері.
 
4-бөлім: Microsoft Excel кестелік процессор ( 10 сағ.)
MS Excel-мен танысу. MS Excel бағдарламасы. Берілгендерді енгізу және редакциялау. Ұялар ішіндегі мәлімет. Сандар мен формулалар енгізу. Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу. Excelдің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды құру. Excel жұмыс кітабы. Кестелер байланысы
5-бөлім: Мәліметтер базасының жүйесін басқару (6 сағ.)
Excel-дегі мәліметтер базасы. Мәліметтерді реттеу және сүзу .
6-бөлім: Microsoft Access редакторы (14 сағ.)
Microsoft Access мәліметтер базасының негізігі  түсініктері.Кестелермен жұмыс істеу. Сұраныстармен жұмыс істеу.
7-бөлім: Қорытындылау (8 сағ.)
Курс бойынша тест жұмысы. Тақырыптық жоба жұмыстары. Жобаларды қорғау. Қорытынды қайталау.
 
Информатика пәні бойынша 10 сыныптарға арналған
«Ақпараттық технологиялар» қолданбалы курсының
тақырыптық жоспары
№ Тақырып мазмұныСағат саны Өтілу мерзімі
  Кіріспе2 1 Кіріспе. Техника қауіпсіздік ережесі. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы. 2   Презентация. Мультимедиалық презентация конструкторы 18 2 Программа интерфейсімен танысу 2 3 Power Point  бағдарламасында презентация құру және жасау. Безендіру шаблондары 2 4 Кестелерді, бейнені және дыбысты енгізу 2 5 Анимация эффектілерін баптау. Презентация көрсету. 2 6 Movie Makerбағдарламасына сипаттама 2 7 Фильм жасау әдістері2 8 Фильмдерді  өңдеу әдістері2 9 Шығармашылық жұмыс2 10 Жоба жұмысын орындау, қорғау2 Телекомуникациялық желілер10 11 Компьютерлік байланыстар. Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. 2 12 Ауқымды желілер. Интернет ауқымды желісінің қызметтері 2 13 WWW. Іздестіру жүйелері2 14
  Интернетте жұмыс, ақпарат іздеу, алу. 2 15 Электрондық пошта 2 Microsoft Excel кестелік процессор 10 16 MS Excel бағдарламасы. Берілгендерді енгізу және редакциялау 2 17 Ұялар ішіндегі мәлімет. Сандар мен формулалар енгізу. 2 18 Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу. 2 19 Excelдің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды құру 2 20 Excel жұмыс кітабы. Кестелер байланысы 2 Мәліметтер базасының жүйесін басқару 6 21 Excel-дегі мәліметтер базасы 2 22 Мәліметтерді реттеу және сүзу 2 23 Шығармашылық жұмыс2 Microsoft Access редакторы 14 24 Microsoft Access мәліметтер базасының негізігі  түсініктері. Қарапайым мәліметтер  базасының құрылымы2 25 Microsoft Access мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері. Microsoft Access мәліметтер типтері2 26 Microsoft Access мәліметтер базасының объектілері. Microsoft Access мәліметтер базасының объектілері 2 27 Microsoft Access мәліметтер базасын жобалау 2 28 Мәліметтер схемасын даярлау2 29 Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу 2 30 Сұраныстармен жұмыс істеу2 Қорытындылау8 31 Тақырыптық жоба жұмыстары2 32 Жобаларды қорғау2 33 Жобаларды қорғау2 34 Тараулар бойынша қайталау2 Барлығы68  
 
Білімді   меңгеру дейгейлерінің   мазмұны:
-          әдіс – тәсілдері;
-           түрі;
-           құралдармен өзара байланысы Курсты ұйымдастыру формасы:
-      лекция
-      сұхбат – әңгіме-      топтау, жұптық оқыту-      өзіндік жұмыстар әдістерін пайдалануКурсты оқытуды аяқтау формасы:
Шығармашылық жұмыс Рефераттар
Өз бетінше іздену жұмыстары.
Тақырыптық жоба жасау, қорғау Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
— Тест тапсырмалары.
— Шығармашылық жұмыс
— Жоба қорғау
Рефераттар тақырыбы:
Жаңа ақпараттық технология
Power Point  бағдарламасыИнтернет ауқымды желісінің қызметтеріMicrosoft Excel кестелік процессор
Access  бағдарламасының мүмкіндіктері Қолданылатын әдебиеттер:
Мұғалімге:
1. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова – Алматы:         Жазушы, 2012.
2. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер – Астана, 2012-68 бет
3. Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі. 7-11 сынып материалдары негізінде. /Мұхамбетжанова С.Т. –Алматы, 2009/
4. «Информатика негіздері» әдістемелік журналы
5. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.  Алматы: 2008- 403 бет
6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж.  Алматы: Жазушы, 2012.
7.  Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова             – Алматы:           Жазушы, 2007
8.  Электрондық оқулық. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік  құрал /К.Б.Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиеваның редакциясымен-Астана: АСТ-Проект, 2008-136 бет
 9. ҒаламторОқушыға:
1.      Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 7-11 сыныбына арналған оқулықтар (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2012.
2.      7-11 сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова  – Алматы:           Жазушы, 2012
3.      7-11 сынып. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова – Алматы:         Жазушы, 2012.
4. 7-11 сынып. Оқушы анықтамасы С.Т.Мұхамбетжанова, «Арман-ПВ» баспасы, 2007ж.
5. Ғаламтор