Конспекті та?ырыбы Екінші сынып о?ушыларына арнал?ан психологиялы? саба? (2 сынып)


Тақырыбы: Екінші сынып оқушыларына арналған психологиялық сабақ
Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен байланыстыру . Өз ойын жеткізебілуге үйрету.
Психолог: Саламатсыңдарма балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Келіңдер барлығымыз ортаға шеңбер болып тұрамыз, жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айтайық: Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бәрекелді, балалар!
Ал енді әр түрлі әдістермен амандасайық, мұрнымызбен, иығымызбен, аяғымызбен,басымызбен.
Жарайсыңдар балалар, көңілімізді көтеріп алдық.
1.Орнын тап!
Өтірік айтпа, үйрен шынға
Қарсы келмей әдепті бол
Ата-ана, мұғалімге
Тілейтінім сенен сол
2.“Гүл” ойыны. Балалар әр жерде отырады.Жүргізуші: балалар біз
Бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды).
Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің
үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан
күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
3.Бұлар мәтіннің қай түріне жатады?
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Қар сияқты аппақ,
Өзі сондай тәтті-ақ.
Отанның ұланын
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын
Ертеде бір кедей болыптаы. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы мен құла аты бар екен...
4.«Дыбыстық жаттығу» жаттығуы
Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын,жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді: өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
А – барлық ағзаға жайлы әсер береді;
Е – қалқанша безге әсер етеді;
И – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
О – жүрекке, өкпеге әсер етеді;
У – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
Я – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
М – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
Х – ағзаның тазаруына көмектеседі;
ХА – көңіл-күйді көтеруге көмектеседі;
5.“Байланысын табу” ойыны
Балаға қандай да бір жануардың суреті бейнеленген корточка беріледі, бала оның
қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа корточканы таңдап алады. Мысалы, ит және
иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.
6. Сергіту сәті «Менімен бірге қайтала»
7. “Әр түсті заттар” ойыны
Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан, т.с.с
8. Тілек ағашы: Өздерінің тренингке деген пікірлерін қағазға жазып тілек ағашына жапсыру .