Сайыс саба? «Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар» (3-4 сынып)


«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Уақыты: 21.10.2016ж
Мақсаты: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілікті арттра отырып, ой-өрістерін кеңейту.Сабақта алған білімін, білік дағдыларын шығармашылықпен пайдалану, тіл байлықтарын молайту, жаттығу жұмыстары арқылы білім дағдыларын өз беттерінше еркін қолдануын қалыптастыру. Адамгершілік қасиеттерін дамыту, ізгілікке, ынтымаққа, өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойын- жарыс сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: іздену, талдау, сұрақ-жауап, логикалық сұрақтар, жедел жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар, әзіл тапсырмалар.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
«Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!«Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» - деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатасыздар. Сайысымыз 3-сыныптар арасында 6 топ сынға түседі.
Олай болса, сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді,озат оқушыларымызды шақырайық.
3«а» сыныбынан «Жасұлан» тобы, сынып жетекшісі Пиржанова Қамар
3«ә» сыныбынан «Тұлпар» тобы, сынып жетекшісі Орақова Алмагүл
3«б» сыныбынан «Болашақ» тобы, сынып жетекшісі Чамунова Жансая
3«в» сыныбынан «Болашақ» тобы, сынып жетекшісі Биданова Алтын
3«г» сыныбынан «Жалын» тобы, сынып жетекшісі Жайылғанова Балсұлу
3«ғ» сыныбынан «Сұңқар» тобы, сынып жетекшісі Қошанова Гүлбану
Құретті ұстаздар, ата-аналар сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Мектебіміздің басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы
Мектеп әдіскері Тілеумағамбетова Сара Мырзабекқызы
МЖО Утебаева Жаннат Арыстанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі Тоқбаева Жұпар апай
Қазақ тілі мұғалімі Сакауова Нұржамал

Олай болса сайысымыздың барысына тоқтала кетейік. Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
I бөлім: Таныстыру ( 6-8 минут)
ІI бөлім: « Жедел жауап»III бөлім: «Кім шапшаң»
IV бөлім: «Тіл- өнер»
V бөлім: Әу, баста! Командалық жазбаша тапсырма (7 инут)
VI бөлім: Капитандар сайысы
VII бөлім: «Бәйге»
Сайыс соңында озып шыққан топты марапаттау
Құретті әділ қазылар алқасы әр бір тапсырманы 3,4,5 ұпай сандарымен
бағалап отыруыңызды сұраймын. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
I бөлім: Таныстыру ( 6-8 минут) Әр топ өздерін таныстырады.
ІI бөлім: « Жедел жауап» Бұл бөлімде 20 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі. Топ жауап бере алмаған жағдайда келесі, топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.

1.Қ Р өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16 желтоқсан)
2.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
3.Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
4.Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
5.1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
6. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
7.Абайдың шын  аты кім? (Ибраһим)
 8. Жеті атаны ата? (Ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
9.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
(1991 жылы 1-желтоқсан)
10.Ұя салмайтын құс? (Көкек)
11. Үш байлықты ата. (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
12.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
(1991 жылы 1- желтоқсан)
13.Үш арсыз не? (Ұйқы, күлкі, тамақ)
14.Күй атасы (Құрманғазы)
15.Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғалары тең төртбұрыш)
16.Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
17.6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
18. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?(Ыбырай  Алтынсарин)
19. Аяғын жаңа басып жүрген балаға жасалатын қазақ халқының салт – дәстүрі
(Тұсау кесу) 
20. Бір заттың көлемін кішірейтіп көсету қалай аталады? (Машстаб)
21.Уақыт бірліктерін ата? (Секунд, минут, сағат)
22. Сәуле дегеніміз не? (Бір нүктеден таралған түзу сызық)
23. Үш жүзді ата? (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
24.Миллион санында неше нол бар? (Алты)
25.Абайдың азан шақырып қойған аты? (Әбілмансұр)
26.Кел балалар оқылық өлеңінің авторы кім? ( Ы. Алтынсарин)
27.Ұзындық өлшем бірліктерін ата? ( мм, см, дм, м, км)
28. Х + 12 = 120 не деп аталады. ( Теңдеу)
29.Сұлба дегеніміз не? (Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрініс)
30.Әдептілік ережесі яғни әдептілікке нелер жатады?
( Үлкенді сыйлау, әділ болу, өтірік айтпау,жалқау болмау,
кішіге қамқор болу)
III бөлім: «Кім шапшаң» Бұл бөлімде әр топқа сөз беріледі, сол сөзден сөз шығарады.
1.Сақтандырғыш
2. Қайырымдылық
3. Ұйымдастыру
4.Қанағаттанарлық
5. Жолаушылар
6.Шаруашылық
IV бөлім: «Тіл- өнер» Мақалдың жалғасын табу керек. Топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топтың жауап беруге мүмкіндігі бар.Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.1. Отан (отбасынан басталады) 2. Тұз астын дәмін келтіреді, мақал (сөздің сәнін келтіреді) 3. Ине көзінен сыналады, шешен (сөзінен сыналады) 4. Оқу білім бұлағы, (білім өмір шырағы) 5. Сөз тапқанға (қолқа жоқ) 6. Жеті жұрттың тілін біл, ( жеті түрлі ілім біл) 7. Шебердің қолы ортақ, (шешеннің тілі ортақ) 8. Ақыл - тозбайтын тон, (білім – таусылмайтын кен)9.Айтылған сөз (атылған оқ) 10. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 11. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті.) 12. Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын) 13. Жақсы байқап сөйлер, жаман (шайқап сөйлер) 14. Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді) 15. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ( ой өсіреді) 16. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен) 17. Көре – көре көсем боласың, сөйлей – сөйлей (шешен боларсың) 18. Әдепті бала - арлы бала,(әдепсіз бала – сорлы бала.) 19. Оқусыз білім жоқ, білімсіз (күнің жоқ) 20.Көп жасаған білмейді, (көп көрген біледі)
21.Біліп тұрсаң да, (сұрап ал)
22.Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды)
23.Ойнап сөйлесең де, (ойлап сөйле)
24.Білімдінің күні жарық, (білімсіздің күні кәріп)
25.Қыз елдің көркі, (гүл жердің көркі)
26.Ер жігіт елі үшін туады, (елі үшін өледі)
27.Шебердің қолы ортақ, (шешеннің сөзі ортақ)
28.Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол)
29.Қына тасқа бітеді, (ақыл жасқа бітеді)
30.Жүзігің жарқын болғанша, (жүзің жарқын болсын)
V бөлім: Әу, баста! Командалық жазбаша тапсырма (7 инут) Бұл бөлімде логикалық тапсырмалар беріледі.
Логикалық есеп
1).Қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап.
Шешуі: 1, 2, 3; 1+2+3=1•2•3
2). 1,2,3,4,5 цифрларының орнын ауыстырмай «-» және «+» таңбаларын пайдаланып мәні 54-ке тең болатын теңдік құрасты Шешуі: 12-3+45=54
3) 4 * 12 + 18 : 6 + 3 өрнегіне мәні 50-ге тең болатындай етіп жақша қой.
Шешуі: 4 * 12 + 18 : (6 + 3) 4). Мәні 1-ге тең болатындай етіп 1 2 3 4 5 сандарының арасына амалдардың
белгісі мен жақша қой. Шешуі: (1 + 23) : 4 – 5 = 1 (12 – 3) : (4 + 5) = 1
VI бөлім: Капитандар сайысы. Тез ойлау дағдысына арналған қызықты әзіл тапсырмалар ( Капитандар ортаға шығады)
1.Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)
2.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады, ал 28 саны
қай айда кездеседі? Барлық айда
3.Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша
қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді 4.320 мен 1 дің көбейтіндісі қанша? (320)
5.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен) 6.Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара. (Жыл, ай, тәулік, күн мен түн).
7.0-ден бастап 5-ке дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең?
(0+1+2+3+4+5 = 15)
8.Балалар ән- би байқауы не деп аталады? ( «Айгөлек»)
9.Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай:
«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.»
Қарияның неше ұлы, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)
10. Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа
қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды) 11. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім
тоқтата алады? (Жол полициясы)12.Саны мен әріп санының бір-бірімен сәйкес келетін екі санды атаңыз.
( жүз-100, миллион- 1000000)
VII бөлім: «Бәйге» Бұл бөліде озып шыққан топтарға тапсырма беріледі.
Сөз құрамынан сан есімді тауып цифрмен жаз.
• Түбір ( Тү+ 1) • Кекіл (к+2+л) • Күшік (к+3+ік) • Дербес (дер+5) • Балтыр (Б+6+р) • Жетік (7+к) • Сегізкөз (8+көз) • Тоғызқұмалақ (9+ құмалақ)
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Біліммен өнер жұптаспай, Тәлім, тәрбие алар ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі. Кім жүйрік болса сол алда. - дей отыра келесі сайысымыз «Бәйге!».
Бұл сайыста әр топқа сұрақтар қойылады, топпен ақылдасып жауап беріледі. «Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы. 
«Бәйге» сайысыI топ сұрақтары: 1. ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады? ( 1991 ж 16 желтоқсан) 
. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) 3. Абайдың анасының есімі (Ұлжан) 4. Ы.Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық) 5. Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
әні: Ш.Қалдаяқов) 6. Күй атасы кім? (Құрманғазы) 7. «Отамалы» қай мезгілде және қай күндері болады? (Көктем, 11-17 сәуір) 8.  Орнынан қозғалмайды, бірақ жүреді. (Сағат)
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады? (тұсбағар,компас)
10. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай: «Ұл мен қыздарымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар.» Қарияның неше ұлы, неше қызы бар? (3 ұл, 3 қыз)
II топ сұрақтары: 1. ҚР Рәміздерін атаңдар? (Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту, Әнұран )2. Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев) 3. Елтаңбаның авторы кім? (Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков) 4. Ұя салмайтын құс? (Көкек)5. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж) 6. Қазақтың атақты үш биін атаңдар? (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би) 7. Аяғын жаңа басып жүрген балаға жасалатын қазақ халқының салт – дәстүрі (Тұсау кесу) 8. Бір заттың көлемін кішірейтіп көсету қалай аталады? (Машстаб)
9. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (Аспан суреті судан көрінген кезде) 
10. Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар? (33 асық)
Қорытынды
Мұғалім: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей келе сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін беріміз.
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын!
Өткізген: Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Избасарова Дина айладырқызы