Биология Ж?зден ж?йрік мы?нан т?лпар (7 сынып)


Пән: БиологияКласс: 7 « Ә Г В Д ».
Күні: 12.12.2013ж.Сайыс сабақ: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, класс белсенділерінің арасынан сегіз қырлы бір сырлы және үздік сыныпты анықтау мақсатында ұйымдастырып отырмыз, және де бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға баулу және патриоттық тәрбие беру.Барысы:Армысыздар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайысымыздың шарты мынадай:
І тур: "Таныстыру"
ІІ тур: Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
ІІІ тур: «Суреттерді сөйлету"
ІV тур: "Капитардар сайысы"
V тур: "Өсімдіктер эстафетасы"
ҮІ тур: Жұмбақ сайысы
VІ тур: Қорытынды «Марапаттау" кезеңі.
І – тур. ТаныстыруСайысымыздың бірінші шарты таныстыруға кезек берсек. Әр топ өздерінің топтарын таныстырып, топ ұрандарын жариялайды.
ІІ – тур: Сенесіз бе, сенбейсіз бе?
1 топ:
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе сегізаяқты сиқырлап ұйықтатуға болады.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе целом – алғашқы қуыс.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ең ірі мұхит – Үнді мұхиты.
2 топ:
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе айқұлақта ауыз бар.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жүзім ұлуы жүзімдікке пайда келтіреді.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300-500 жыл жасайды.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ең кіші материк - Аустралия
3 топ:
1.Сенесіз бе, сенбейсіз бе гидрада регенерация күшті дамыған.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жай жапырағы бар ағаштар кездеспейді.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе шаянтәрізділер желбезек арқылы тыныс алады.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ең ірі материк – Еуразия материгі.
4 топ:
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе планула латынша жалпақ дегенді білдіреді.
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе сексеуілдің жапырақтары жетілмеген.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – Эвкалипт.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе кальмар паразитті тіршілік етеді.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ең кіші мұхит – солтүстік мұзды мұхиты.
ІІІ тур: «Суреттерді сөйлету".
Шарты: Әр топқа конвертке салынған суреттер беріледі, онда ішкі, сыртқы құрылысы, ас қорытуы, жүйке жүйесі, зәр шығаруы және көбеюі туралы айтылуы тиіс.
1 топ: Ақ сұлама
2 топ: Шұбалшаң
3 топ: Тоспа ұлуы
4 топ: Өзен шаяны
ІV тур: "Капитардар сайысы"
Шарты: Әр топ капитандары шығып соларға интеллектуалдық жұмбақтар жасырылады, соларға жауап беріп көп балл жинаған оқушы «Үздік капитан команда» атағын алады.
1.Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. Бұл қандай құс? «Қораз»
2.Бұл үй жануары Библияда (Інжілде) аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. «Мысық»
3.Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы. Шығыс елдерінде киелі гүл деп саналған. Гүлінің майы алтынмен бағаланған.Ең алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл.Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған. «Раушан гүлі».
4.Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. «Киви».
V тур: "Өсімдіктер эстафетасы".
Шарты: 6 сыныпта өткен тақырыптар бойынша қайталау мақсатында әр топқа конвертке жасырылған сұрақтар беріледі.
1 топ: 1.Жапырақта күннің қатысымен қандай процес жүреді?
2.Сабақтың қызметі қандай?
3.Жапырақтар сабақта қалай орналасады?
2 топ: 1.Суреттегі гүл бөлімдерін ата.
2.Кіндік тамырдың шашақ тамырдан айырмашылығы қандай?
3.Суретте көрсетілген жүйкелену түрлерін ата
3 топ: 1.Мына жемістер қандай топқа топтастырылады?
2.Гүлдің көбеюге қатысатын мүшелерін ата
3.Шырынды жемістердің құрғақ жемістерден айырмашылығы қандай?
4 топ: 1.Тозаңдану дегеніміз не және қандай түрлерін білесің?
2.Дара жынысты гүлдің қос жынысты гүлден айырмашылығы қандай?
3.Тұқымның таралу жолдарын ата
ҮІ тур: Жұмбақ сайысы.
Шарты: Әр топқа конвертте жасырылған жұмбақтар беріледі, солардың жауабын тезірек табу керек.
1 топ:
1.Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні тұрады.
“Аяғының” саны көп,
Бірақ, жоқ оның құлағы
2.Левенгукке Алла сыйлап бір бақты,
Үлкейтетін құрал ойлап ол тапты.
Шынысы бар біреу ғана құрсаулы,
Бірнеше есе үлкейтеді ол затты.
3. Маса шағып, таратады адамға,
Адам қаны бүлінеді табанда.
Қозғалатын органоиды болмайды,
Ойланып көр не білесің ол жайлы?
4. Қалың қабық жасушаны қаптайды,
Сол арқылы тіршілігін сақтайды.
Желмен, сумен басқа жерге таралар,
Түпкілікті бір орнында жатпайды.
2 топ:
5. Көзшесімен жарықты ол сезеді,
Талшығымен судың ішін кезеді.
Ас қорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы.
6. Тұщы суда мекен етіп тұрады,
Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.
Табаны бар – бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі.
7. Жасушалар атпалы – өлтіреді өз жауын,
Бұдан басқа көп жасуша өз алдына бір қауым.
Неше түрлі жасушадан құралған,
Дәл тауып айт, сыртқы қабат атауын.
8. Тітіркену – тіршіліктің өзегі,
Сол арқылы бәріне де төзеді.
Денесіне тиіп кетсе бір нәрсе,
Бұл жасуша оны бірден сезеді.
3 топ:
9. Пішіні оның қолшатырға ұқсаған,
Еркін жүзу тән қасиет дәл соған.
Жиегінде бар көптеген шашағы,
Қуыстағы суын артқа шашады.
10. Ұқсайды ол бұтағы көп ағашқа,
Көрінеді көзге ерекше оғаш та.
Бірақ тағы ағаш емес жануар,
Ойлан-дағы шешуін сен тауып ал.
11. Бұл жасуша қорек ұстар құралы,
Сыртқы қабат оның-дағы тұрағы.
Жауы келсе жақын тартып жанына,
Жіпшесімен дәлдеп тұрып “ұрады”.
12. Қар емес –Қатты.
Мұз емес –Тәтті.
4 топ:
14. Түрі шар сияқты, түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты ол не?
13. Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су беріңдер шөлдеп жатыр.
15. Алма дерсін, түріне қарап,
Жүгері дерсін ішіне қарап.
16. Жайқалады өріліп шашы жасыл,
Топыраққа көміліп басы жатыр.
VІ тур: Қорытынды «Марапаттау" кезеңі.
Әділ қазылар жоғары балл жинаған топтарды айтып, жарыс қорытындысын жариялайды.