Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар атты интелектуалды сайысы (4-сынып)


Қазақстан Республикасының әнұранының орындалауы

Жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін!
Жүргізуші: Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді
Жасында оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді,
Өртіңе ол күймейді
Ұрылар да тимейді
Жатып ішер жанбастап
Жалқауды ол сүймейді– демекші тілдер мерекесіне арналған интелектуалды сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер

Жүргізуші:Бүгінгі сайысымызда 4 топ жарысады, қарсы алыңыздар: «Жас қыран» тобы, «Достар» тобы, «Бестік» тобы, «Көңілді оқушылар» тобы
Жүргізуші: Ал осы топтарымыздың білімдерін сараптап- бағалайтын әділқазы мүшелері
Қазақ тілі кафедрасының бірлестік жетекшісі: Рысқалиева Ақмарал Ермекқалиқызы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Битемирова Балжан Бескемпірқызы
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары : Ибраева Лязат Гажданбекқызы
Жүргізуші: Сайысымыз бес бөлімнен құралған: 1.таныстыру, 2. оратор, 3.полиглот, 4.кім жылдам?,5. капитандар сайысы. Бағалау реті 1-5 балға дейін бағаланады
Жүргізуші: Ондай болса іске сәт!
1.Әр топ өздерін таныстырады

2.Берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырады, оған уақыт беріледі
Жүргізуші: топтар ойланғанша ортада әсем биді тамашалайық. Қарсы алыңыздар! 3 «Б» сынып оқушысы Болат Амира «Аққу» биімен
3.полиглот ойыны:
1.Мен төртінші....... оқимын. (сынып)
2.менің ..... 5 адам бар. (отбасы)
3.Мектепте ...... оқиды. (оқушы)
4.Қазақ .... 42 әріп бар. (әліпби)
5.Мынау қазақ ... сабағы. (тіл)
6. Мектеп- кеме,
....- теңіз. (білім)
7. Біздің ..... ҚР (Отан)
8.балалар кітапханадан .... алады. (кітап)

4.КІМ ЖЫЛДАМ? ӘР ТОПҚА 5 СҰРАҚТАН ҚОЙЫЛАДЫ
1.ҚР мемлекеттік гимнің авторлары кім?
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2 ні 2ге қосса неше болады?
«Қ» қандай әріп
Әкеңнің әкесі саған кім болады?
2.неше буын түрі бар? Қандай?
Сенен үлкен ұл саған кім болады?
ҚР рәміздерін ата
Бір жылда неше күн бар?
Апта күндерін ата
3.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?
Әкеңнің анасы саған кім болады?
Бір айда неше күн бар?
«Ә» қандай дыбыс?
4.ҚР астанасы қай қала?
1 қыркүйек қандай күн?
1ала мысық,1қара мысық, 1 тарғыл мысық, ақ мысықта біреу екен сонда барлығы неше мысық?
Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар?
Сенен үлкен қыз саған кім болады?
Капитандар сайысы
Берілген суретті капитандар атауын айтпай өз тобына түсіндіру керек ал топтар қандай сурет жасырынғанын атаулары керек
Жүргізуші: Бүгінгі мерекемізбен бізді құттықтап 4 «А» сынып оқушысы Рахимжанова Валерия «Латино» биімен келіп отыр қарсы алыңыздар

Марапаттау І орынды- «Жас қыран» тобы
ІІ орынды «Достар » тобы
ІІІ орынды «Бестік», «Көңілді оқушылар» топтары иеленді.


Қаныш Сәтбаев атындағы №56 гимназия
Тілдер мерекесіне арналған
атты интелектуалды сайысының сценариі
Өткізген мұғалімдер: Амантай Н.Ө.
Сабатаева А.С.
Сеңкібаева Л.С.
Алматы 2016жыл