Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар сайыс саба? (9 сынып)


Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «Болашақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі Тумабаева Жанардың 9 «Ә» сынып оқушылары арасында жүргізген білімдік іс-шарасы. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» танымдық сайыс Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 9 «Ә»- сынып оқушылары арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер! Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын, Білім –кен, қанша болса азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін: І топ- «Металдар»
ІІ топ – «Бейметалдар» Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам: 1. Мектебіміздің директоры: Ерманова С. 2. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Бектемисова Қ3. Физика пәні мұғалімі: Шекербекова Дина
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам: Жүргізуші: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады: 1 кезең «Таныстыру» 2 кезең «Химиялық элементтер адам өмірінде» Буклет жасау. Топ атына байланысты буклет жасау3 кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр» 4 кезең «жүйрік болсаң, шауып көр» 5 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»
6 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
7 кезең «Химик сараман»
Жүргізуші:
Тапқыр,білгір,дарынды Жарыс бар бүгін арынды Химия пәнін сүйсең сен Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ. 1 кезең. «Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз тобын таныстырады. «Металдар» тобы
«Бейметалдар тобы
Жүргізуші:
1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Жүргізуші: ІІ кезең «Химиялық элементтер адам өмірінде» тақырыбында үй тапсырмасы бойынша буклет жасау.
Жүргізуші: ІІ-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
ІІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде берілген сөздер бойынша мақал-мәтел құрастыру
І. 1) қағаз жауабы: Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай
2) шыны Темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай
3) су темір
4) ағаш
ІІ. 1) бас жауабы: Қолда барда алтынның қадірі жоқ
2) қол
3) аяқ алтын
4) шаш
ІІІ. 1) қой Жауабы: Қойдың сүті қорғасын
2) сиыр Қойды ұрған оңбасын
3) жылқы қорғасын
4) түйе
ІY 1) науа жауабы: Су ішкен құдығыңа түкірме
2) құдық
3) шыбық су
4) тас
Y 1) таға жауабы: Тағаңның күмісіне мақтанба,
2) балта атыңның жүрісіне мақтан
3) орақ күміс
4) қамшы
YІ 1) от жауабы: От-көмір жейді,
2) тот Тот- темір жейді
3) шот темір
4) жас
Жүргізуші:
ІІІ-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінің ұпай сандары беріледі.
Жүргізуші:
ІҮ-ші кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» Берілген тапсырманың жауабын шешу.
Тапсырма:
Ерте – ерте ертеде , ешкі құйрығы келтеде , химияның жерінде, элементтер елінде «Бейорганика» деген шал өмір сүріпті. Оның 4 ұлы болыпты . Бір күні шал балаларын жинап алып өсиет айтыпты : «Балаларым, мен қартайдым , төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертеңгі күнін ойлайды, бір апта уақыт беремін, жан - жақты зерттеп, шарлап , әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер» - депті. Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетті. Уәделі күні сапардан ұлдары олжалы оралыпты. Оның ұлдары кімдер? Олжалары не ?
Жауабы: ұлдары- Оксид , Қышқыл , Негіз және Тұз
Оксид – қышқылдық , негіздік
Негіз - сілтілер , негіздер
Қышқыл - оттекті , оттексіз
Тұз – орта, қышқылдық, негіздік
Жүргізуші:
ІҮ-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. «Жүйрік болсаң шауып көр» кезеңінің ұпай сандары беріледі.
Жүргізуші:
Ү кезең «Зерек болсаң, тауып көр» Берілген есепті шешу.
Есеп. Егер ірбір адам жылына орта есеппен 10 кг ас тұзын пайдаланса, онда күніне қанша ас тұзын пайдаланады?
Жауабы:
10 кг ас тұзы ----- 365 күн
Х кг ас тұзы ----- 1 күн
Х=10*1365=0,027кг немесе 27 г
Ү кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. «Зерек болсаң, шешіп көр» кезеңінің ұпай сандары беріледі.
Жүргізуші:
ҮІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр» берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Жүргізуші:
ҮІ-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінің ұпай сандары беріледі
Жүргізуші:
ҮІI кезең «Химик сараман» кезеңі бойынша лабороториялық жұмыстың нәтижесін жазу.
NaNO3+ H2O=NaOH+HNO3
2) KaNO3+ H2O=KaOH+HNO3
3) Ca(NO3)2+ 2H2O=Ca(OH)2+2HNO3
4) NH4 NO3+ H2O=NH4 OH+HNO3
Жүргізуші:
ҮІI-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. «Химик сараман» кезеңінің ұпай сандары беріледі
Жалпы ұпайлар саны бойынша сайыс сабақ қорытындысы шығарылып, марапаттау.