Сыныптан тыс іс-шара Логика ?лемі (2 сынып)


Тақырыбы: Логика әлемі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, алған білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденістерін ұштау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеу. Оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: ребустар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Топтық сайысСабақ типі: Ойын түріндеЖоспары:
1-кезең. Ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
- Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Логика әлемі» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. 1-топ «Тапқырлар», 2- топ «Алғырлар»)Білеймін деп қысылма,Талабың болса бойыңда.Өнерлінің ырысы,Жарқырап жатыр жолында.Математика сырлары,Қызықтырды біздерді.Ойынға бірге қатысуғаШақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.Мықты болсаң – алдағыны басып оз,Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымыз ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
1-топ «Тапқырлар»
Үстел үстіндегі балықтардың үйі –аквариум
Онсыз тамақтың дәмі жоқ – тұз
Қыс мезгілінің үшінші айы – ақпан
4 тышқанның құлағы нешеу – 8
Ұшатын көлік қалай аталады – ұшақ
1 жылда неше ай бар – 12 ай
2- топ «Алғырлар»
Ас атасы – нан
Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны 8. Аулада неше қаз жүр – 4 қаз
Аяқ киімнен жолда қалған таңба – із
Пияз аршысаң көзіңнен не ағады – жас
Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн – бейсенбі
Екі пілдің құлағы нешеу – 4
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
1-топ «Тапқырлар»
Қ О С Ы М Ш А Т Ұ С Б А Ғ А Р
Қ А Й Қ А У С
Ш А Р Ш Ы Ғ А Р Ы Ш А Б А Й
Б І Р Л І К Т Е Н К Ө К Ж И Е К Түбір сөзге жалғанған бөлік?
Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал?
«Ата-ананы құрметтеу туралы» әңгімесінің авторы?
Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура?
Аспан әлемі?
«Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?
Есептеу қай саннан басталады?
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік?
2-топ «Алғырлар»
М Ұ З
А З А Й Т У
Ж Ұ Р Н А Қ Ф А Р И З А Т О П Ы Р А Қ
С Ұ Р А У Л Ы К Е С І Н Д І С М А Қ О В Судың қатты күйі?
Қосуға кері амал?
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?
«Жылу» кімнің өлеңі?
Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат?
«Сенің атың кім» - бұл қандай сөйлем?
Екі ұшы шектелген (түйінделген) түзу сызық?
«Апаның тілін алса егер...» өлеңінің авторы?
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
М.Мақатаев кім?
Ол қай жылдар арасында өмір сүрді? (1931-1976 жж)
Анасының есімі – Нағима
Әкесінің есімі – Сүлеймен
Мұқағали Мақатаевтің қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
(Оқушылар жатқа білетін өлеңдерін айтады)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
1-топ «Алғырлар»
Анар сорпаны тұзбен тұздады.
Жомарттың жас күшігі бар.
Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр.
Жазира қорыққанынан сыбырмен сыбырлап сөйлейді.
2-топ «Тапқырлар»
Раушан жазумен хат жазды.
Айдын күшігінің атын атап атымен шақырды.
Аян апасымен әңгімелесіп әңгіме айтты.
Айдана шайға қасықпен қант қосты.
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
25+15 (А) 38+18(Н) 54+37(Ш) 100-33(Д)
70-16(Ы) 80-41(Қ) 65-18(Р) 24+28 (А)
39 40 47 54 56 67 72 91
Қ А Р Ы Н Д А Ш
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)



Жауабы: дуниетану
Қорытынды: Әділ қазы алқаларының шешімі жарияланып, оқушыларға мақтау грамоталары таратылады.