Сыныптан тыс іс-шара. Та?ырыбы: Аялайы? ??старды (мектепалды даярлы? топ)


Тақырыбы: «Аялайық құстарды»Мақсаты: Құстардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы туралы балалардың білімдерін тиянақтау.Көрнекіліктер: қыстап қалатын құстардың суреттері, интерактивті тақта, ағаш, табиғи құралдар.
Балалар серігіп алайықҚырғауыл боп ұшамыз,ұшамыз
Түлкі болып қашамыз,қашамыз
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп
Орнымызға қонамыз.
- Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешесіңдер ме?ЖұмбақҚанаты бар талмағанАспанда ұшып самғағанЖауы шыбын - шіркейдейТабиғатты ол қорғаған(құс)- Балалар қараңдаршы мұнда не жасырылған екен?- Дұрыс жыл құсы қарлығаш, ол жылы жаққа ұшып кетті, бірақта суыққа төзімді құстарда бар.- Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай құстар қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді.- Қазір жұмбақ жасырамын сендер шешіп көріңдер ЖұмбақҚонып алып жарға,Қарқылдайды(қарға)Өзі сақ, өзі ұзын,Шықылықтап тұрмайды.Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,Бұл қандай құс (сауысқан)- Сендер даладан қандай құстарды көресіңдер?- Дұрыс ендеше құс туралы кім жаңылтпаш біледі- Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз. Слайд көрсету.Балалар бейнетаспадан шымшықтың әрекеті мен тіршілігін мұқият қарап, бақылайды. шымшықтың дене бөліктері мен түсі туралы айтып береді. сауысқанға ұқсайтын жақтары мен айырмашылығын айтып береді.- Қыстап қалатын құстар: Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшықпен таныстыру. Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ұясына — жұмыртқа салып, балапан басып шығарып оларды қауіп - қатерден сақтайды. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады. Суық торғай – кеудесі қызыл, қанаттары көкшіл болып келген, ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.Қара қарға – басы, қанаты, құйрығы, арқасы мен бауыры бәрі қара болып келеді, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.Торғай –- сүйір тұмсықты кіп – кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Олар ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен, тамақ қалдықтарымен қоректенеді; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді.Сары шымшықтың кеудесі сары, қауырсындары көкшіл болып келеді. Ол үйдің қасында жүредішиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі - қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.Күн суытқан кездері оларға күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады. Сары шымшықтарға сүйекте қалған ет қалдықтары мен тұздалмаған еттің майлары да қатты ұнайды.- Балалар қыстап қалатын құстармен таныстық.- Енді математикалық есеп шығарып көрейік.- Ағаштың оң жағына қарға келіп қонды, қане Нариман қарғаны көрсет енді оны ағаштың оң жағына қондыр.- Ағаштың жоғарғы жағына торғай келіп қонды. Қане Саяжанторғайды тауып оны ағаштың жоғарғы жағына қондыр.- Ағаштың сол жағына суық торғай келіп қонды. Қане Нұрислам суық торғайды тауып оны ағаштың сол жағына қондыр- Ағаштың ортасына сары шымшық келіп қонды. Қане Аружан сары шымшықты тауып оны ағаштың ортасына қондыр- Ағаштың төменгі жағына сауысқан келіп қонды. Қане Мұрагер сауысқанды тауып оны ағаштың төмен жағына қондыр- Балалар ағаш нешеу?- Құс нешеу?- Көрдіңдер ме балалар олар бір ағашқа сыйып тату - тәтті өмір сүруде.Есік қағылады топқа қарға ұшып келеді.- Сәлеметсіңдер ме балалар, менің көңіл күйім жоқ, өзіме дос іздеп жүрмін менің достарым жылы жаққа ұшып кетті.- Сәлеметсің бе қарға, сен қам жеме біздің балалар саған жаңа достар тауып береді.Жұмыс үлгісін көрсетуБалалардың дербес жұмыстары: табиғи материалдардан, киндрдан құстарды құрастырадыСергіту сәті:(Саусақ жаттығуы)Екі қарға кезікті ән айтты қар - қар - қарЕкі сауысқан кезікті ән айтты сақ - сақ - сақЕкі торғай кезікті ән айтты шиқ - шиқ - шиқЕкі көкек кезікті ән айтты көкек - көкек - көкекПедагог жұмыстарын қадағалап, сұрайдыҚарға балаларға ризалығын білдіріп, рахмет айтып қоштасып ұшып кетеді.Рефлекциялық – түзетушілікТәрбиеші балаларға «Артығын тап»ойының ойнатадыОл балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрап сабақты бекітеді.ҚоштасуБіз қарлығаш тобымызДоспыз бәрімізҚұстай қанат қағамызБиікке біз самғаймыз.Келгендеріңізге рахметСау болыңыздар!