«12 жылды? білім беруге к?шу жа?дайында?ы эксперимент сыныбында ЖЕКЕ Т?Л?АНЫ? ?ЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ жобасы аясында ж?ргізілген ж?мыстар


ҚҰРМАНБАЕВА МАЙЯ САМАТҚЫЗЫ
« 12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы
эксперимент сыныбында
"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ"
жобасы аясында жүргізілген жұмыстар
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебі 12 жылдық білім берудің эксперимент алаңы, сондықтан сіздердің назарларыңызға Республикалық 12 жылдық білім беруге көшу эксперимент алаңындағы негізгі саты үшін, яғни 5-9 сыныптарына арналған «Жеке тұлғаның үйлесімді дамуы» жобасын назарларыңызға ұсынамын.
Жоба мына даму пирамидасы арқылы жүзеге асады. Бірінші сатысы – мақсат-міндеттерін, жалпы стратегиясын анықтау.

Жоба мақсаты: Бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан тәні мен жаны сұлу, өз-өзіне сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой-өрісін, зейінін, қиялын, т.б. психологиялық үрдістерін дамыту;
Бала бойына жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл-ой тәрбиесі негіздерін қалау;
Баланы ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу;
Тәрбие ісінде жетілдірілген мазмұнда, жаңа әдістерді пайдалану.
Міндеттерді анықтағаннан кейін жұмыс жоспарын дайындап, жүзеге асыру жолдарын айқындаймыз.

Жобаның әрі қарай дамуы белсенділерге байланысты. Сондықтан оқушылар арасынан топ басшыларын және лидерлерді анықтаймыз.


Осы жүйелі жұмыс нәтижесінде іс-әрекетіміз басталып, «Өзін-өзі басқару» жүйесі қалыптасады. Ол мына орталықтар арқылы іске асады.


Пирамиданың келесі сатысы – іс-әрекеттің жүзеге асырылуы. Жобаның жүзеге асыру жолдарына психологиялық дайындықтың құрылым компоненттері кіреді.

Әр жұмыстың соңында белгілі бір нәтиже болады. «Адам талмай еңбектенген жұмыстың жемісін көреді» дегендей жүйеленген жұмысымыздың нәтижесін рейтингілік динамика арқылы көруге болады.





Жобаның құндылығы:


Әр жылдың соңында әр оқушы өз жетістік папкасын қорғайды.