Эссе на тему Жеке т?л?аны ?алыптастыруда сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йретуді? тиімділігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ»
тақырыбындағы эссе жұмысы
Тақырыбы «Жеке тұлғаны қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тиімділігі»Орындаған: Михайловка жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дагубаева Еркежан Каримбековна
Шемонайха, 2016
Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды.
Ж. Аймауытов

Кіріспе.
Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Негізгі бөлім.
Осы тәжірибемді ортаға саламын.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту
Алға қойған мақсатым:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі 25.
Күнделікті сабақта қолданатыным мына стратегиялар:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Эссе жазу
4. Блум жүйесі
5. ЖИГСО - 1
6. ЖИГСО - 2
7. Инсерт
8. Венн диаграмма
9. Кубизм
10. Авторға сұрақ қою
11. Ой қозғау
12. Оқиға желісі
Қорытынды.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні сабақтарындағы жеке тұлғаны қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тиімді жолдарын қолданған кезеңдері:
«ЖИГСО» әдісі

«Кубизм» әдісі