16 желто?сан – Т?уелсіздік мерекесіне байланысты ат?арылатын іс-шара сценарийі «Т?уелсіздік – елдігімні? бастауы»


16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне байланысты атқарылатын
іс-шара сценарийі «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы»
Жүргізушілер: 1-Амангелдин Ақжол, 2-Қайроллаева Индира, 3-Төлеуғазин Елжан, 4-Мұхтарова Назерке.
1.Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім
Ел іргесі берік болсын – ұраным
Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
2.Тәуелсіздік!
Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік – ар-ожданың, кісілік
Адамға адам жолдас, бауыр - туыс боп
Ел-жұртыңның алма құнын түсіріп.
3.Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік – ақ батасы атаның.
4.Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті Құраным!
1.Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
2.Қазақ жері- қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері- қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған- жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
3.Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.
4.Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк тумыз.
1.Қымбатты қонақтар, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы» - атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы»-деп атап көрсеткен егемендігіміздің туы желбіреп, тәуелсіз ел атанғанымызға биыл 24 жыл толып отыр.
3.Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау сөз сөйлеу үшін ортаға мектеп директоры Б.К.Тілеубайға беріледі.
4.О, кең дала!Ен қызыққа батқаныңШалқып толқып, бақытты боп жатқаның.Халқымыздың қуанышын молайтқанЕгемендік сенің алып жатқаның.3.Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім,Өз қолыма берген ерік тізгінін.Ие болған әлем ілтипатына,Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.2.Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,Бастағандай көгім бүгін ашыла.Еңсесі тік, егеменді ел болып,Бақыт қонды қазағымның басына.1.Ұмытпаймыз біздер әрқашанТағдырдың берген бұл сыйынЕліміз болып тойлаймызТәуелсіздік мейрамы күнін!
Тәуелсіздік мерекесіне арналған әдеби монтаж. Дайындаған мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Азамат Бауыржанұлы Қабиденов.
2.Үлгі – өнеге ұлтына ұлағаты,
Бәрі бауыр,
Жоқ жанның сірә, жаты.
Алты құрлық, төрт мұхит ар жағына
Алашымды әйгілеп тұрады аты.
3.Туын тікті Азаттық тұңғыш рет,
Кеудесіне ұя сап Күн кішірек.
Симпозиумда, саммитте салиқалы
Күллі әлемге ұсынған үлгісі көп.
4.Асқақтатқан Ақордам көкке айдарын,
Төле бидей төрінде төкті ойларын.
Тұңғыш рет БҰҰ-да желбіретті,
Қазағымның әнекей көк байрағын.
1.Арманымның алысқа көші кеткен,
Ақыл – ойын халқына несібе еткен.
Мұратына мына елді жеткізеді,
Ақ кемедей мұхитты кесіп өткен.
Тәуелсіздік – атты қасиетті ұғымның алты құрлықта қалай қабылданып, осы күнге жеткен шет елдегі қандастарымыздың шаттыққа толы қуаныштарын бейнелейтін бейнебаянға назар аударуларыңыз сұралады.
4.Өнерпаздар жарысып сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі мерекенің құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән «Көк тудың желбірегені». Орындайтын Әбдікәрім Серік.
1.Тәуелсіздік – сан ғасырлардың жеңіс пен жеңіліске, қайғы мен қуанышқа, арман мен ниетке толы тарих парақтарының нәтижесі, қаншама жылдардың аса зор қуанышы екені бүгінгі күні баршамызға белгілі.
2.Тәуелсіздіктің алғашқы бастауы осыдан 550 жыл бұрын Қозыбасыда туы тігілген Қазақ хандығынан бастау алғаны баршамызға белгілі. Олай болса, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың өмірін насихаттап көрсек қайтеді?!
3.Керей менен Жәнібек –
Қазақ атты ұлыстың
Шаңырағын көтеріп,
Уықтарын шаншыған.
Тақыр белді тау қылып,
Теңіз құрап тамшыдан
Күрей соққан дауылдай
Күннің көзін аршыған!
4.Керей менен Жәнібек –
Қос өзеннің арнасы.
Айға басқан белгісін,
Күнге салған таңбасын.
Тоныкөк пен Білгенің
Алтын арқау жалғасы!
1.Керей менен Жәнібек –
Бірі семсер болғанда,
Бірі болат қалқанымғ
Бірі дария болғанда,
Бірі теңіз шалқарым.
Бірі асқар заңғарым,
Бірі байтақ дарханым!
2.Керей менен Жәнібек –
Оң жағымда орманым.
Сол жағымда қорғаным,
Шаңырағын көтердің
Қазақ атты орданың.
Қоңыр малға толтырдың,
Қозыбасы жондарын.
Сар даланы бауырлап,
Жосылып жатыр жолдарың!
Көрермен қауым! Осы жырларымызға арқау болған Қазақ хандығы жайлы көріністі тамашалауға шақырамыз.

3.Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне кездестік біз, ағайын,
Әр жүрегінде соғып тұр.
«Аққу» биі. Орындайтын Мұхтарова Назерке.
2.Ауыл десе ақ жаулықты көремін,
Ауыл десе –өрекпиді өлеңім.
Өлең жырдан гүл-гүл өрнек өремін,
Ауыл барсам-көнілім жай төремін.
Мерекенің құрметіне келесі ән шашуымызды қабыл алыңыздар. Ән«Туған жер». Орындайтын 4 сыныптың ата-анасы Мұсағалиев Аслан. Қабыл алыңыздар.
1.Әнет бабаң - Арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молда ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы
2.Орта жүз билерінің ішінде шоқтығы биік жандардың бірі Әнет баба. Әнет бабаның туған және өмірден өту уақытына қатысты түрлі болжамдар бар. Соның бірінде Әнет баба Кішікұлы 1628 жылы туып, 1725 жылы тоқсан жеті жасында қайтыс болды деп көрсетіледі.
3.Тарихшы Қарамендиннің дерегінде Әнет баба 1723 жыл Қаратау – Қошқартау деген жерде қайтыс болды. Оның сүйегін Көкенай батыр Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне апарып жерледі дейді.
4.Ал Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанында:
Қалқаман сол бетімен қалды ізденбей,
Іздеймін деген жоқ, шама келмей.
Ол түгіл Әнет баба көшке ере алмай
Тірідей көш басында қалған ермей – деп жырланған.
1.Не десек те Әнет баба Кішікұлы тек бір рудың қамын жемей, қазақтың үш биі атанған атақты Төле, Әйтеке,Қазбек билердің рухани ұстазы болған жан. Сондықтан қасиетті бабамыздың тағылымды өмірінен көрініс тамашалауға шақырамыз.
№1 /Сахна төрінде Әнет баба малдас құрып, отырады/
Үш би кіріп, бабаға сәлем береді.
Әнет баба: Армысыңдар, бармысыңдар, бауырлар. Ия, құлағым сендерде, не сауал, не сұрақ, не қалаумен келдіңдер? Мән-жайларыңды айта отырыңдар!
Төле би: Уа, баба! Алаштың бас биі Үйсін жақында маған, Уа Төле, біз адассақ, сізден ақл сұраймыз, сіз адассаңыз кімнен ақыл сұрайсыз?-деп сұрады. Мен ойланбастан Әнет бабаң бар емес пе?!-деп жауап қайтардым. Олай болса, маған сіздің сыныңыз қажет болып келіп отырмын.
Әнет: А, солай ма? Олай болса, маған қорамсаптан бір жебе суыршы.
Төле: Мінеки, жебеңіз баба
Әнет: Жо-жоқ, маған жебенің қажеті жоқ, оны өзің ал да сындырып көр.
Төле: Айтқаныңыз болсын /жебені екіге бөледі/ Бар сыныңыз осы ма, баба?!
Әнет: Енді алтауын алып, сындырып көрші /Төле би сындыра алмайды да, жебені Әнеттің алдына әкеледі/
Төле: Ал баба, осы сыныңның жауабын айтайын рұқсат етіңіз. Мен бәрін ұқтым: жалғыз жебені сындыртқаның – егер кімде кім жалғыз болса, ол жаудың құрбаны; ал алтауды сындыр дегеніңіз – басың бір, ауызбіршілігің бір, тобың бір болса, алты алаштың баласына ешқандай жаудың тісі батпасы анық дегеніңіз. Айтқан жауабын көңіліңізге қонды ма, баба?
Әнет: Өркенің өссін, Төле қарағым! Айтқаныңның бәрі шындық. Ал Қазбек бауырым сені не мазалайды?
Қазбек: Баба, өткен жолы сәлем беріп келгенде, бір кітапты әрі-бері аударып отырдыңыз. Айтыңызшы, сол кітапты сонша ақтарып, не іздедіңіз?
Әнет: Өзімді іздедім.
Қазбек: Өзіңізді іздегеніңіз қалай, түсінбедім.
Әнет: Түсінбегеніңді біліп тұрмын. Өзімді іздеп жүрмін деуімнің мәнісі мынау, шырағым: Адам баласы жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза күйінде келеді. Өсе келе әрнені көреді, әрнені естиді, жақсыға да, жаманға да бой ұрады. Мен қазір қартайдым, су жорғаны мініп кқрдік, өзен-судай ағып-тасып көрдік, өткел бермес асудан асып көрдік. Енді маған ештеңе керек емес, тек күнәдан адал жүрегім қажет. Өзімді іздеп жүрмін дегенім содан, шырағым.
Қазбек: Әнет баба, айтқаныңның бәрі шындық, бәрі дұрыс. Кеңес сұрар ұстазымның көзімді ашқаны деп қабылдаймын, осы сөзіңді.
Әйтеке: Уа, баба. Сізге қояр бір сауалым бар: Осы дүниеде неше жетім бар?
Әнет: Дүниеде жеті жетім бар. Олар:
Сөз жетім – ынтаменен тыңдамаса,
Бөз жетім – киілместен тозған болса,
Жер жетім – иесі жоқ қалған болса,
Ел жетім – жақсы басшы арман болса,
Көл жетім – қаз қонбаса, құстар ұшып,
Ер жетім – жеке қалса тізе құшып,
Болмаса замандасың тойға барма,
Басыңа жалғыздықтың торы түсіп.
Үш Би: Ал, баба, батаңды бер!
Әнет баба: Жорытқанда жол болсын!
Қыдыр болсын тек жолдас!
Елге адал жөн-жосық
Көрсете жүріп, ұмытпа,
Бірліктің түбі – береке,
Уайым-қайғы жоқ елде
Болар әркез мереке, АУМИН!
4. Желтоқсанда ақиқатты іздедік,
Қорлығына бодандықтың төзбедік.
Басшы таппай қазағымның бірінен,
Кәне, айтшы, олардан біз кем бе едік.
1.Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік –Қайрат , Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде талқан болып өлгені.
Тәуелсіздік ұғымы Желтоқсан оқиғасымен тікелей байланысты, осыған орай Әнуарбек Тіналиевтің сөзіне жазылған «Желтоқсан желі» әнін мектебіміздің қызметкері Қалиев Зейнолла ағамыз ұсынады. Қабыл алыңыздар.
1.Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
2.Біз қазақпыз қастерлеп баба салтын,
Аман бол, айналайын дана халқым!
Күн туса атқа қонам бір сен үшін,
Міне жаным, міне қаным, міне антым.
3.Тәуба , тәуба жаратқанға мың тәуба
Біреу болса қайтер едім , жан сауға
Қара бастың қамы үшін жегілмей ,
Ұлтшыл уыт бергеніне мың тәуба
4.Бесігімді әні тербеп үлтымның ,
Ұлы –ұлы биіктерге ұмтылдым
Ұлылығын қаным, жаным ұлықтап
Құлдығынан азатпын мен құлқынның.
1.Қымбатты көрермен! Ел басына күн туып, қазақтың қыршын жастарының ащы үнін жеткізген оқиға – Желтоқсан оқиғасы. Осы қыршын жастар жайлы, оқиға барысы туралы бейнеүзіндіге назар аударайық!
2. Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында ортаға 10 сыныптың ата – анасы Мұсағалиев Мұхтарды «Біздің елдің жігіттері» термесімен ортаға шақырамыз. Қазақтың қара домбырасына, тау тасындай азаматтарына қол соғып, қошеметтеп отырыңыздар.
4.Тәуелсіздік мерекесі алдында аудан бойынша «Айгөлек» жас әншілер байқауы өткен болатын. Міне сол байқау барысында мектебіміздің жас өнерпазы Серікжанова Тоғжан қатысып, І орынды иеленді. Аталған оқушыны дайындаған музыка пәні мұғалімі Қымбат Төлепқазықызы. Олай болса ортаға «Жалқаубек» әнімен Тоғжанды шақырамыз.
3.Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда –дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпаныма бермеген.
Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай еліміз сан асуды бағындырып, сан белестерді бағындырды. Сол алған асу, жеткен жетістіктерге тіл бітіріп көрейік.
Жылдар сөйлейді:
БІРЖАН: 1991 жылы –КСРО тарап, ТМД құрылды . “Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңы қабылданды. 1 желтоқсанда Бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті. Семей ядролық полигоны жабылды. 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Ел тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет – Түркия.
МӘДИ: 1992 жылы Қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайы болды. 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік нышандарының қабылдануы- Ту мен Елтаңба. Қазақстан БҰҰ мүше болды.
НҰРДӘУЛЕТ: 1993 жылы, 15-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік наградалары қабылданды.
БАҚЫТЖАН: 1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
НҰРДӘУЛЕТ М.: 1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
ӘНЕТ: 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді, ал 1998 жылы 10 маусымда Астананың ресми ашылу тұсаукесер тойы болды.
  ЕРНҰР: 2000 жылы Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық саммиті өткізіліп, Қазақстан мүшелікке өтті.
   ЕДІГЕ:2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімедденов пен Нұрсұлтан Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
    НҰРАСЫЛ: 2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
БЕКЕТ: 2011 жылы –Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президентіне Елбасы деген атақ берілді. Қысқы Азия ойындары өтті.
СЕРІК:2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан-2050” стратегиясы қабылданды.
ОЛЖАС: 2015 жылы еліміз Қазақ Хандығының -550 жылдығын, Ұлы Абайдың -170 жылдық мерейтойын, Ұлы Жеңістің -70 жылдығын, Конституцияның -20 жылдығын және Қазақстан Халқы Ассамблеясының -20 жылдықтарын атап өтті. 30 қараша күні Елбасы өзінің кезекті жолдауын ұсынды. Бұл Елбасымыздың -20-шы жолдауы болды.
АҚНҰР:Ақиық дүниені алаңдаттың,
Толғанып, сол бір дәуір далам жаттың.
Жиырма бірінші ғасырдан сәлем саған,
Он бесінші ғасыры Адамзаттың!
Елім, халқым осы бір күнін күткен,
Күй шалқиды балбырап буын біткен,
Он бесінші ғасырға бас иемін,
Қазақ деген халықтың туын тіккен!
АЯУЛЫМ: Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне.
Шапағат боп-шым алтын шұғыладан,
Махаббат боп –тұнып арай.
Өлең –жырға жөн сілтеп мәңгілікке,
Парасатын сыйлап тұр бүгін Абай
АЙША: 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл шуақты күн таратты әнін!
Елімде сонан бері 70 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.
Отанның бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
ЖАНСАЯ: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық - мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан - бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
АНИСА:Ата Заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін.
Әділетті қолдайды,
Арқа тұтып ел бүгін.
Ол баршаға жөн нұсқап,
Жетелейді жарыққа.
Елбасы оны қолға ұстап,
Ант береді халыққа.
4.Қазақстан бүгінгі күні шет елдермен дипломатиялық қарым қатынас орнатқан бейбіт ел. Сол бейбіт те мамыражай еліміздің мақтан тұтар өз Астанасы бар. Ел Тәуелсіздігімен қатар естілетін еліміздің жүрегі Астанаға арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Ән «Астана». Орындайтын Әкімбаева Қаламқас.
1.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің «Жаңа дәуір басталды!» толғауынан жыр шумақтарын сіздерге ұсынатын ұстаздар қауымы.
1-ЖАДЫРА: Ақиық дүниені алаңдаттың,
Толғанып сол бір дәурен далам жаттың.
Жиырма бірінші ғасырдан сәлем саған,
Он бесінші ғасыры Адамзаттың.
Елім халқым осы бір күнін күткен,
Күй шалқиды балбырап буын біткен.
Он бесінші ғасырға бас иемін,
Қазақ деген халықтың туын тіккен.
Шалқытып әрбір қазақ жан мерейін,
Елдігіме жырыммен сән берейін,
Он жыл бойы тұғырлы таққа отырды,
Жәнібек хан, әуелі хан Керейім!
Босамаған болатын төр сайыстан,
Аққаңқасы кепкен күтіп жол майысқан.
Қасым хан-қазағымда тарихқа енді,
Үш жүз мың қолды бастап жер қайысқан.
Шертпеген ешқашан да жатқа зарын,
Түсірмеген ешқашан бақ назарын
Еділ мен Жайығыма жеткізгенді
Қасым ханның перзенті Хақназарым!
Не жетсін бұл дүниені ой баққанға,
Қазақ қаны –егені-ді бойлап қанға.
Башқұрттың бір бөлігін басып, алып,
Хақназар соққы берді ойраттарға!
2 – ЖАЗИРА:Тағатынын кеудеге қай тұмарды,
Әр қазаққа намыс пен айтып арды.
Түркістан, Сауран, Сайран, Таразды елге,
Жауларынан тазартып қайтып алды.
Сыйынып кие кітап Құран атты,
Жауларын жаншып басып тұралатты.
Қырғыздың бір бөлігі хан деп танып,
Дұшпанынан тазартты Сығанақты.
Құдайым өзі күшті беді ме екен,
Еңіреп қалмау үшін елді мекен.
Бес жылдай хандық құрды-Тәуекел хан,
Қазақ үшін буды да белі бекем.
Киелі тартқан қазақ асыл күйді
Елдікке елдің басын ғасыр жиды,
Тәшкенттің әміршісі Баба сұлтан,
Тәуекел хан алдыңда басын да иді.
Елестетіп жанарын пайғамбардың,
Тәуекел ханға елі қайран қалды.
Молалы Мауренахрға бойлай еніп,
Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрамды алды.
Тағы да , тағы да атып келесің таң,
Түрекелетін орнынан өре сұлтан,
Еңсегей бойлы деген елде аты бар,
Көк жиектен көрінді Ер Есім хан!
3 – НУР: Қазақтың таңы атты деп таңды ұқтырған,
Елімнің елдігі үшін барлық құбан қалды.
Еңсегей бойлы дейтін Ер Есім хан,
Талай жыл қазағымда хандық құрған.
Шырайланып тау менен гүл-құстарын,
Қандай жақсы өзіңмен бірге ұшқаным.
Қазақтың хандығының астанасы,-
Ол кезде аты аты мәшһүр Түркістаным.
Қазағым сенген ақыл, білегіне,
Сай болып ұл туғасын тілегіне,
Осылай Есім ханның ескі жолы,
Жол салды ұлы тарих жүрегіне!
Бастағандай барша бұл түрік елді,
Қазақтың хандығының үніне енді.
Тарихқа әз Тәуке хан атыменен,
Хан болып Жәңгір ханның ұлы келді
Бақ қонар қасиетті халқым да асыл,
Киелі, киесі бар салтым да асыл,
Әз Тәуке ханмен бірге орнағанды,
Бұл қазақ хандығына “Алтын ғасыр!”
4 – ЖАМБЫ: Жылытып бар қазақты оты қалды,
Ханның да ханға лайық беті барды,
Жеті керемет ұғымменен,
Әз Тәуке хан енгізді “Жеті жарғы”
Әлі де сан ұрпақты жанғыртар күн,
Қолдайтын қалауы бар әрбір таңның
Қазақтың ханы болды Абылай хан,
Бесінші ұрпағы еді Жәңгір ханның.
Тәңір берген патшаны тағы да айтам,
Бақ қонған құдай берген бағын айтам,
Он жетінші ғасырдан аса беріп,
Үш жүздің ханы болды –Абылай хан.
Оза шабар бәйге салған елі,
Тұлпарлар тұяғы отпен жанған еді,
Мұсылман елдерінің басын қосу-
Абылай, Ер Абылай арманы еді.
5 – АЙЖАН: Алда еді бұл қазаққа белес әлі,
Жүріп жатқан алуан кеңес әлі,
Көкжиектен көрінді атқа қонып,
Қазақтың соңғы ханы –Кеңесары!
Қайығын тағдырының шебер есіп,
Замана кемесінде кемел өсіп,
Көшпелі Кеңесары Қасымұлы
Кәдімгі Абылай хан немересі!
Болар жұмбақ әр ханның сыры тағы,
Үзілмей үкілеген үміті әлі
Соңғы хан боп тарихта қала берді,
Қазақтың Кеңекеңдей Ұлы ханы.
Елбасымыз хандардың бәрін талғап,
Елі үшін ары мен жанын жалғап,
Есілдің жағасына салды ескерткіш,
Қазақтың Кеңесары ханына арнап.
Жеті арман ұрпақтарға алыс үні,
Қалғымай қазағымда намыс үні,
Тірілткен Кеңекемді қайта оятып,
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы!
Кеудемізге қуаныштан жасы тамды,
Тәуелсіздік ашты көкті, аспанды.
Хандық дәуір аяқталып елімде,
Нартәуекел!
Жаңа дәуір,
Жаңа дәуір басталды.
3. Мектептегі бастауыш буын оқушыларының мерекелік тартуын қабыл алыңыздар. Ән «Айгөлек».
1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Егеменді ел болашағы – білімді ұрпақ қолында» - деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда егемендік алған жылдардан бастап, еліміздің түкпір түкпірінен білімге құштар жандар «Болашақ» стипендиясының иегерлері болып, дүние жүзінің іргелі оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатқаны баршамызға мәлім.
2. Бұл Тәуелсіздік жемісі емес пе?! Сол жемісті еңбек нәтижесінде біздің мектебіміздің мақтаныштары болып жүрген түлектеріміз де шет қалған емес. Біздің мектеп осы түлектерімен мақтанады, ұстаздарымыз осы шәкірттерінің есімін мақтанышпен айтады.
3. Олар: Абылайхан Ақерке Абылайханқызы –Германияда өз білімін жетілдіріп, бүгінгі күні білім және ғылым министрлігінде абыройлы қызмет атқарады. Ақерке апайымыздың алғашқы ұстазы: Әйтімова Бақыт Нұрсапақызы болса, жетекшісі болған Шаянбай Үмітхан Ақтайлаққызы.

4.Келесі мақтанышпен айтар түлегіміз : Мұхтарғалиева Айнұр Тоқтасынқызы – Англиядағы Куин Мэри университетін тамамдап, Астана қаласындағы Назарбаев университетінде бүгінгі күні еңбек етуде. Айнұр апайымыздың алғашқы ұстазы:Тайтөлеуова Бақыт Кадірқызы, сынып жетекшісі:Әзімбаева Нұрпан Мұсабайқызы.
1. Келесі мақтан тұтар түлектеріміз Минск қаласында өз білімдерін шыңдап жатыр. Олар:Мұхтарғали Әлинұр Тоқтасынұлы мен Құрманғалиев Дәулет Сияхбайұлы. Аталған түлектеріміздің алғашқы ұстаздары Медеуова Меңсұлу Төлебалдықызы мен Әмірханова Атлас Медеуқызы болса, сынып жетекшілері Абишева Жадыра Құрметжанқызы мен Күмісхан Меруерт Тоқтарқызы.
2. Келесі мақтан тұтар түлегіміз, алтын белгі иегері болған Бейбітханқызы Жұлдыз. Жұлдыз Еуразия ұлттық университетін қызыл дипломмен тамамдап, бүгінгі күні Бейжің қаласындағы Қытай мұнай университетінде білімін жалғастыруда.Жұлдыздың мұғалімдері Атлас ұстаз бен Самжанқызы Арай мұғалім.
3. Қазақстанның бүгінгі күні шекарасы бекіп, өзінің әскери күші дамыған мемлекеттер қатарында екендігін білеміз. Міне осы орайда еліміздегі ең үздік «Ұлан» ұлттық гвардиясы қатарында өз қызметін атқарып жүрген Ибраев Болатбек Әбілжанұлын мақтанышпен айтамыз.
Аталған түлектеріміздің, мұғалімдерімі мен ата-аналарының құрметіне аудандық «Айгөлек» байқауының жүлдегері Алпысбеков Ернұрдың орындауындағы «Қос бәйтерек» әнін ұсынамыз.
4.Мектеп қашанда өзінің шәкірттерімен мақтанады, ұстаздар қауымы өз еңбектерінің өлшемін шәкірт жетістігімен бағалайды. Осы орайда бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ең үздік жоғары оқу орындары арасында отыздыққа кірген іргелі оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
1.Осы университет қабырғасында білім алған Алтын белгі иегерлері Күмісханова Балауса, Байбұланқызы Іңкәр, Бейбітханқызы Жұлдыз, Сембаева Айжан сынды апайларымыз біз үшін қашанда үлгі, өнеге.
2.Осы университет қабырғасында білім алған үздік аттестат иегері Ебін Мақпал мен еліміздегі ең байырғы университет Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, үздік аттестат иегері Қуанышбек Балнұр сынды мектеп түлектері өз отбасының ғана емес, бүкіл ауылдың атын шығарып, өз биіктерін бағындыруда.
3. Болмасаңда ұқсап, бақ деген қазақ халқының ұрпағы ретінде, осы аға апайларымызды қашанда мақтаныш етеміз. Олай болса ортаға «Қазақ елі» әнімен Берікжанов Бақытжан мен Төлеуғазиев Олжасты шақыруға рұқсат етіңіздер.
4.Біз, осы сахнада тұрып, талай мектепішілік, аудандық шараларды жүргізіп, өздерінің мектептегі қоғамдық жұмыстарға ат салысып, талай кештер мен шараларды жүргізген Нұғманбекова Алуа, марқұм Мұхтарғалиев Абзал, Мырзаханова Мақпал, Советжанов Асқар, Бейбітханқызы Жұлдыз, Мұратханов Мирас,Советжанов Мұхтар сынды аға – апайларымызға ұқсап, қазақтың қара сөзіне деген құлшынысымыз артқанын жасырмаймыз.
1.Сол ағаларымыз бен апайларымыз біз сияқты мектеп сахнасында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін баршаңызға насихаттап, өз үлестерін қосқанына баршаңыз куә болып келдіңіздер.
Ән «Туған жер». Орындайтын Әбдікәрім Серік.
2.Мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Слайд шоу» сырттай конкурсы шаралар өткізілген болатын. Осы орайда ортаға аталған шаралар бойынша марапат жұмыстарын жүргізу үшін және Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық кәсіподақ ұйымының мадақтамасын тапсыру үшін директор орынбасары Жанпеисова Айжан Нығметқалиқызы және кәсіподақ ұйымының төрайымы Айман Қабдиқызы шақырылады.
3.МАДАҚТАМА: Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ бойынша ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласып, өзінің еңбегімен көзге түскен ұжым мүшесі марапатталады.
Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ бойынша педагогикалық шеберлігімен, жауапкершілігімен көзге түсіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген марапатталады.
4. Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай мектепте 5-10 сынып жетекшілері арасында өткен «Слайд шоу» сырттай байқауында бас жүлдеге ие болған 9 сынып жетекшісі Ибраева Жамбы марапатталады.
1. Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай мектепте 5-10 сынып жетекшілері арасында өткен «Слайд шоу» сырттай байқауында І орынға ие болған 6 сынып жетекшісі Абишева Жадыра Курметжановна марапатталады.
2. Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай мектепте 5-10 сынып жетекшілері арасында өткен «Слайд шоу» сырттай байқауында ІІ орынға ие болған 10 сынып жетекшісі Қойбасарова Нұр Берікқанқызы марапатталады.
3. Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай мектепте 5-10 сынып жетекшілері арасында өткен «Слайд шоу» сырттай байқауында ІІІ орынға ие болған 7 сынып жетекшісі Елубаева Гульмира Ахановна марапатталады.
4.
1.Тәуелсіздік мәртебесі даламның, Тәуелсіздік ту көтерген тұғырым,
Шартарапқа жетті сенің дүбірің.
Байтақ елдің желбіреген байрағы,
Ұзақ болсын ұрандаған ғұмырың.
Орындалған арманымсың бабамның.
Егемендік мәңгі болсын, ағайын,
Қорғанысың мынау байтақ даламның
2.Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
3.Мерекенің, Тәуелсіздіктің құрметіне келесі ән шашу тарту етіледі.
1.Менің ұлтым - даналықтын даласы
Арғы ,бергі тарихына қарашы
Тауқыметті тарихына қарамай
Жүрегінде сызаты жоқ, жарасы
2.Менің ұлтым қасиетті киелі,
Жасық емес , асыл оның сүйегі
Қаным барда қадіріне жетпесем,
Рухыма қайдан табам иені
3.Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген
Сонда –дағы қасиетті қазағым
Төл байрағын дұшпаныма бермеген.
4.Бабалардың ғасыр бойғы арманы
Өткені мен келешегі жалғады
Желбіреп тұр тұл байрағы қазақтың
Егемендік, тәуелсіздік алғалы