Сан есімнен ?ткенді ?айталау


Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,Глубокое ауданы
«Опытное поле орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шакенова Динара Канабековна
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімділігі: оқушылардың сан есім туралы білік, білімдерін пысықтай отырып, түсініктерін молайту. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыруға жағдай жасау
Дамытушылық: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру; Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Тәрбиелік: Топта бір-бірімен қарым-қатынас жасауға,ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, ой бөлісу, бағалау әдістері, шығармашылық тапсырма, топпен жұмыс, ізденіс.Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер, семантикалық карта, бағалау парағы, рефлексия парағы,Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үзіліс кезінде оқушыларды 3 топқа бөлу. Сан есім түрлеріне байланысты бөлу.
1. Бірлік -1-топ
2. Ондық -2-топ
3. Жүздік- 3 - топ
1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?
2. Психологиялық ахуал.Шаттық шеңбері. Бір-біріне тілек айту.
3.Мұғалімнің сөзі.
Бүгін біз сендермен сан есім тақырыбы бойынша алған білімдеріңді қортындылаймыз.
4.Үй жұмысын тексеру:
Сан есімдері бар мақал – мәтелдерді,жұмбақтар,жаңылтпашатар жазып, жаттап келу.5.Жаңа сабақ:
Дәптерге күнді жазғызу.Сабақтың тақырыбын жазу.
Сан есім туралы шолу жасап өту.6.Кім жылдам?
Алтын сандық ішіндегі сұрақтар. Оқушылар сандықтың ішінен сұрақтарды алып тез жауап берулері тиіс.
Бірлік тобына
1.Сан есім құрылысына қарай неше түрге бөлінеді? Мысал келтір.
2. Сан есім тұлғасына қарай неше түрге бөлінеді ?Мысал келтір
3. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? Түрлерін ата
4.Жеті атасын білмеген....
5.Жігіттің неше жұрты бар?
6.Алтау ала болса, ауыздағы ...
Төртеу түгел болса,төбедегі ...
7.Бір жылда неше ай бар?
Ондықтар тобы
1. Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір Жасалу жолын түсіндір
2. Реттік сан есім дегеніміз не?Сұрағы, жасалу жолы Мысал келтір
3. Болжалдық сан есім дегеніміз не?Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
4. Үш арсыз …
5.Білгенің бір …
Білмегенің тоқсан …
6.Бір аптада неше күн бар?
7.Жеті атаңды ата.
Жүздіктер тобы 1. Топтау сан есім дегеніміз не? Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
2. Бөлшектік сан есім дегеніміз не? Сұрағы, жасалу жолын түсіндір Мысал келтір
3. Жинақтық сан есім дегеніміз не? Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
4.Үш байлық...
5. Үш жүз...
6.Аптаның төртінші күні.
7. Үш дана ...7.Мәтінмен жұмыс. «Елші»
Шарты: Берілген мәтінді топтарға тарату. Оқып болған соң өзара талдап, қарсы отырған басқа мәтін оқыған топ мүшелеріне айтып береді.
( Сұрақ қойып қортындылау)
Бірліктер тобына
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына сыйлаған. Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.олардың арасында он екі үлкен шүмектері бар. Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.
Ондықтар тобына
Мүшел жас
Мүшел жас -  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B" \o "Қазақ" қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D3%99%D1%81%D1%82%D2%AF%D1%80" \o "Дәстүр" Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі делінеді, одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екінші HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%AF%D1%88%D0%B5%D0%BB" \o "Мүшел"мүшел, 37-ге толғанда үшінші мүшел, 49-ға келгенде төрт мүшел, 61-ге келгенде бес мүшел деп есептеледіЖүздіктер тобына
Шаңырақ
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады.
8.Логикалық сұрақтар
Бірліктер тобына
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 
Шешімі: Жанат - ұзын
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 
Жауабы: Медет3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үшОндықтар тобына
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? 
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
Жүздіктер тобына
1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 
Жауабы: екі сағат
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 
Жауабы: шырпы
4. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? 
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса 9.Джигсо әдісі. Қиылған суреттерді құрап, сол бойынша шағын мәтін құрастыру,сан есімдермен байланыстырып.
10.Жүгірпе диктант.
Мың тоғыз жүз он сегізінші жылы жиырма бірінші мамырда Сабыр Омбыға келді.
Облыста тоғыз жүз қырық мың халық тұрады.
Мың кісінің түсін білгенше,бір кісінің атын біл.
11. Берілген сан есімдерді сәйкестіндіру.
Мысалдар. Сан есімдер
Он-оннан есептік
Бесеу реттік
Екінің бір бөлігі жинақтық
Елу-алпыстай топтау
Екі болжалдық
Тоғызыншы бөлшектік
12.Қортындылау
«Киелі сандардың адам өмірі мен санасында атқарар рөлі» тақырыбында пікіралмасу.
12.Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сан есімдер кездесетін үзінділерді тауып жазып, сан есімдердің астын сызып келу. 13.Бағалау