Моногибридті ж?не дигибридті будандастыруда?ы т??ым ?уалау


Сабақтың тақырыбы: Моногибридті және дигибридті будандастырудағы тұқым
қуалау заңдылықтары.
Сабақтың мақсаттары:
1. Г. Мендельдің моногибридті және дигибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары, Мендельдің бірініші және екінші заңдары, толымсыз доминанттылық туралы түсінік беру.
2. Генетикалық есептер шығару арқылы теорияны практикада қолданып, ойлау қабілеттілігін арттыру.
3. Белсенділікке, ұжымдаса және өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру және практикалық сабағы.
Сабақ әдістері: Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, түсіндіру, есептер
шығару, рефлексия «бес саусақ».
Көрнекілігі: слайдтар, тапсырмалар конверттері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Студенттердің сабаққа дайындығын, қатысын тексеру.
Топқа бөлу. Сабақтың барысымен таныстыру.
Құрметті студенттер бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, өйткені бүгінгі сабағымызда біз әлемнің жеті кереметі орналасқан елдеріне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта мен сендердің саяхат бастаушыларын (гид) боламын. Ең алдымен бұл ұшаққа отыру үшін, ұшақ билеттерін алуымыз керек, ол үшін 1-деңгейлік тапсырмалар ұсынылып отыр. Осы тапсырмаларды орындап саяхатты бастай аламыз.
1-деңгей тапсырмасы:
(үй тапсырмасын бекіту мақсатында, әр топқа терминдер мен белгілер жазылған парақшалар беріліп, әр сөздің мағынасын анықтап беру)
Генетика. Генотип. Фенотип. Г.Мендель. У.Бэтсон. х. Р. ♂. ♀. Доминантты. Рецессивті. Гомозиготалы. Гетерезиготалы.
Мінекей біз әлемдегі ең ұзын қорған ұлы Қытай қорғанына келдік.
Ұлы Қытай қорғаны
 Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус  арқылы қатынауға болады.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастыру үшін жаңа мәліметтермен білімімізді толықтырып алайық.
ІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелерінде гибридологиялық әдісті қолданды. Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар:
1) будандастыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары алынады;
2) зерттелетін белгілер тұрақты, яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отырады;
3) әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып, нақтылы сандық есептеулер жүргізілді. 
Ата-аналары бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды будандастыруды моногибридті деп атайды. Мендель өз тәжірибелерінде бұршақтың сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған. Будандастыру нйтижесінде бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып, жасыл түс көрінбеген. Тұқым қуалауын зерттеуде әрдайым бірінші ұрпақта әр жұп белгінің біреуі ғана көрініс беріп отырған, бұл құбылысты Мендель бірінші ұрпақ будандарының біркелкі ережесі немесе Мендельдің бірінші заңы деп атаған.
Мендель тәжірибені одан әрі жалғастырып, осы бірінші ұрпақтың сары тұқымдарын келесі жылы қайта егіп, келесі ұрпақта, бірінші ұрпақта көрінбей қалған жасыл белгі жойылып кетпей, екінші ұрпақта жарыққа шыққан. Есептеу нәтижесінде барлық тұқымның 3 бөлігі сары, 1 бөлігі жасыл түсті екенін көрсеткен. Яғни, доминантты және рецессивті белгілер 3:1 арақатынасындай жиілікте көрініс берген. Екінші ұрпақта байқалатын бұл жағдай белгілердің ажырау заңы немесе Мендельдің екінші заңы деп аталады.
Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелерінде байқалған доминанттылық құбылысы толық доминанттылыққа жатады. Кей жағдайларда F1-дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминаттылық белгі толық байқалмай аралық сипатта болады. Мұндай құбылысыты толымсыз доминанттылық дейді.
Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды. Екі жұп белгісі бар гомозиготалы дараларды будандастырғанда, F1-дегі ұрпақтың генотипі (АаВв) дигетерозиготалы болды. Дигетерозиготалы генотиптен 4 сортты гаметалар түзіледі. Осы төрт сортты ата-аналық гаметалардың өзара тәуелсіз таралуының нәтижесінде 16 генотип және 4 фенотип түзіледі.
Келесі аялдамамыз Рим қаласында орналасқан ең үлкен амфитеатр Колизейгеде жеттік
Колизей
 Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін сақталмаған. Рим қаласында болған жандардың барлығы Колизейге назар аударады. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің көрікті жеріне айналды. Колизей - Еуропада орналасқан жалғыз жаңа кереметтің бірі.
ІІІ Жаңа сабақты бекіту
Міне студенттер білігенімізді жаңа мәліметтермен толықтырып, саяхатымызды жалғастырудамыз. Келесі Петра қаласына жету үшін, келесі тапсырмаларды шапшаңдықпен орындайық
2-деңгей тапсырмасы:
(әр топқа тапсырмалар жазылған, конверттер таратылады. Конвертте монгибридті будандастыруға байланысты есептер берілген, ондағы есептерді топпен бірлесе отырып шығару)
1-топ: Дрозофила шыбынының денесінің сұр түсі, қарасынан басым. Денесі сұр түсті екі
шыбынды бір-бірімен шағылыстырғанда 1200 қара түсті және 4000 сұр түсті даралар болды. Аталық және аналық шыбынының генотипін анықтаңдар.
2-топ: Үй шошқаларында кездесетін біріккен тұяқты белгіні анықтайтын ген, жұптұяқты
белгіні бақылайтын геннен басым. Жұптұяқты мегежінді осындай қабанмен шағылыстырғанда қандай торайлар алуға болады?
3-топ: Қаракөл қойларында жүнінің сұр түсін бақылайтын ген, қара түсін анықтайтын
геннен басымдылық көрсетеді. Қара жүнді қойларды сұр қошқармен шағылыстыру нәтижесінде 8 сұр және 7 қара қошақан алынған. Қошақандардың генотипін анықтаңдар.
 
Петра
 Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген.
Ендиги кезекте әлемдегі жети кереметтин бірі Тадж-Махалға аттану үшін келесі тапсырманы орындайық
3-деңгей тапсырмасы:
(әр топқа дигибридті будандастыруға байланысты есептер беріледі. Топпен ұжымдаса шығару)
1-топ: Асқабақ өсімдігінің жемісінің ақ түсін А гені, сары түсін а гені, дөңгелек тәрізді
пішінін В гені, шар тәрізді пішінін b гені айқындайды. Екі жұп белгілері бойынша гетерозиготалы екі асқабақ өсімдігін бір-бірімен будандастырғанда алынған өсімдіктердің генотиптері мен фенотиптерін ажырайды.
2-топ: Қызыл масақты, мұртшасыз бидай өсімдігін, ақ масақты, мұртшалы бидаймен
будандастырғанда, бірінші ұрпақта барлық өсімдіктер қызыл масақты, мұртшасыз болған. Ал екінші ұрпақта белгілердің ажырауы мынадай: 159 қызыл масақты, мұртшасыз; 48 қызыл масақты, мұртшалы; 57 ақ масақты, мұртшасыз; 16 ақ масақты, мұртшалы. Ата-аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.
3-топ: Шабдалыда түкті С жемісі, тегіске с қарағанда доминатты. Ал жұмсақ жемісінің ақ
түсі D сарыдан d доминантты. Шабдалының екі гомозиготалы өсімдіктерін будандастырады: біреуінде жұмсақ жемісті, ақ түсті тегіс, екіншісінде түкті сары жемісті, F1 және F2 фенотипі қандай болады?
Тадж-Махал
 Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол - Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған «Алтын үшбұрышы» саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады.  Сондай-ақ, Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра қаласына барып,  Тадж-Махалды көруге болады.
ІV Қорытындылау
Құрметті студенттер бүгінгі күніміз аяқталуда. Ертеңгі күні саяхатымызды жалғастырамыз
V Рефлексия «Бес саусақ»
Не білдім?
Не түсіндім?
Нені жасау қиын болды?
Нені жасау оңай болды?
Алда не жасаймын?
VІ Үйге тапсырма.
Моногибирдті және дигибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары дәрісін оқу. №2,3 есептер шығару.
VІІ Бағалау