10 сынып, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ — МАТЕМАТИКАЛЫ? БА?ЫТ Моногибридті будандастыруда?ы т??ым ?уалау за?дылы?тары


45сабақ.10 сынып
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТ
Сабақтың тақырыбы 37.Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары
Сілтеме МАН кітабы , оқулық 159-163 беттер, 10 сыныптың әдістемелік нұсқауы, интернет.
Сабақтың мақсаты 1.Оқушылар моногибридті будандастырудағы Мендельдің І, ІІ заңдарымен өз бетінше таныстыру.
2.Алған білімдерін практика жүзінде, яғни есептер шығару арқылы қолдана білуге дағдыландыру, жер бетіндегі тірі организмдердің таралуындағы негізгі заңдылыққа байланысты екендігін ажырата білуді үйрету.
3.Қазақ халқының жеті ата туралы,генетика негізіне байланысты сөздерінің мәнін ашып, айта білу, негізгі ұғымдарды түсінуге тәрбиелеу .
Күтілетін нәтиже Генетика ғылымындағы ғалымдардың сіңірген еңбектері, Мендельдің І, ІІ заңдары, негізгі ғылыми теориясынан хабардар болады, алған білімдерін практика арқылы пысықтай отырып, «жеті атаға толмай туыс туысқа қыз беріп, туыстан қыз алып, отау құрмаған» деген сөздің негізі күрделі ұғым екендігін түсінеді. Ген тек бүгінгі ұрпақтың негізі емес мәңгі жазу екендігі жайында толық түсінік қалыптасады .
Сабақта қолданылатын әдістер Сыни тұрғыдан ойлануды үйрету.
АКТ
Дарынды оқушылармен жұмыс
Түйінді идея Болашақ бүгіннен басталады. Генетиканың негізгі заңдылықтарын білу, ұрпақ қамқорлығын білу, дені сау ұрпақтың негізгі қағидалары.
Сабақ кезеңдері Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Бекіту тапсырмасы
Бағалау
Рефлексия
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға бұршақ өсімдігінің гүлі, жемісі, дәні салынған фотосуреттерді тарату арқылы оқушыларды үш топқа жіктеп бөлу .
Үй тапсырмасы Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Білу
Түсіну 1.Генетика ғылымының дамуындағы үш кезеңі деп неге бөлінген ?
Сендер сол кезеңдерді қалай бөліп айтар едіңдер ?
2.Голландиялық Гуго Де Фриз, неміс ғалымы Корренс, Аустралиялық Чермак – Зейзенегг әртүрлі объектілермен тәжірибе жүргізіп, нәтижесінде нені дәлелдеді ?
3.Енді сендерге келесі оқылым ретінде берілген тақырып негізі және идеясы неде деп ойлайсыңдар? 1.Берілген материялда генетиканың алғашқы екеуі 1865-1953 жылдар аралығын , яғни классикалық генетика дәуірін қамтиды, Генетика тарихындағы үшінші кезең 1953 жылдан басталады. Ол – химия, физика, математика, кибернетика сияқты нақты ғылымдардың зерттеу әдістері мен электрондық микроскоп , рентгеноқұрылымдық анализ, т.б. Қолданудың нәтижесінде молекулалық генетика негізінің қалануы .
Біз ол кезеңдерді ерте кездегі генетика , яғни оған Аристотель, Демокрит, Гиппократ , Платон сынды ұлы философтар еңбектерін кіргізуге болады. Екінші кезең Мендель кезеңі деп атауға болады, үшінші кезең қазіргі таңдағы генетика деп бөлуге болады.
2. Голландиялық Гуго Де Фриз, неміс ғалымы Корренс, Аустралиялық Чермак – Зейзенегг әртүрлі объектілермен тәжірибе жүргізіп, нәтижесінде 1900жылы Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарын дәлелдеді .
-Бұл тақырыптың негізі және идеясы Грегор Мендель заңдылықтарында .
Жаңа тақырып материялымен танысу
(Қолдану) Оқушылардың алдына арнайы суреттерді таратып бере отырып, жаңа материял негіздерін айқындау
1-топ

2-топ

3-топ

Тапсырмалары :
1. Бұл әдіс гибридологиялық әдіс екендігін дәлелде .
2. Моногибридті будандастыру әдісі арқылы Г. Мендельдің І заңын түсіндір .
3. Моногибридті будандастыру арқылы Г. Мендельдің ІІзаңын жүзеге асыру кезінде сендердің алған белгілерін қандай нәтиже көрсетеді .
Анализ (Бекіту) «Қазақта жеті атаға толмай туыстар бір – біріне қыз бермейді, бір – бірінен қыз алмайды, туыстар отау тікпейді » деген сөздің генетикалық мағынасын түсіндіріп бер
(Бағалау)
1 Гибридологиялық әдістің негізін түсіндім – 0,5
2 Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтарын түсіндім- 0,5
3 Мендельдің бірінші заңын білемін , айтып бере аламын – 1
4 Мендельдің екінші заңын білемін , айтып бере аламын – 1
5 Мендель заңдылықтарына есептер шығара аламын . 2
6 Генетика есептерінің символдарын меңгердім- 0,5
7 Генетика терминдерін білемін - 0,5
8 Кез келген Мендель заңдылығына есептер шығара аламын 2
9 Барлық генетик ғалымдардың жасаған жұмыстарын жатқа айта аламын 1
Өздік бағалау
7-9 ұпай жинағандарға «5»деген баға
4-6 ұпай жинағандарға «4»деген баға
1,5-3 ұпай жинағандарға «3»деген баға
(Жинақтау,
синтез ) «Г. Мендельге хат»
Оқушылар өздерінің пікірлерін, ойға түйгендерін, өлең жолы, хат ретінде параққа түсіреді.
Үйге тапсырма 163-беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
Келесі оқылым: 38 - тақырыпты оқып келу
Рефлексия Өздерінің сабақтан алған әсерімен, сабақтың өтілу барысы туралы пікірін білдіру .
Сабақ барысынан көрініс