Сабак жоспары “Кош бол,суйіктідаярлык!”


“Қош бол,сүйіктідаярлық!”
Мақсаты: балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып,оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып,Отанын,елін құрметтеуге баулып ,адамгершіліккке сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастырылу кезеңі.
Мұғалім:- Армысыздар, қонақтар,ата-аналар,ұстаздар және даярлықпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерім! Бүгінүлкенмереке, кешеғанатұлымшақтарыжелбірепкелгенбүлдіршіндер,ендіоқушыатанады.Олардыңқалайөсіп,мектепқабырғасында не үйренгендерініңкуәсіболыңдар!
-Ендеше ,зерек те алғыр, ұтқыр да тапқыр, ақылды да ұқыпты, кішіпейілұл-қыздардыортағашақырайық!
Әнұранхормен
Мұғалім:-Бүлдіршіндерге сәт-сапар тілей отырып, “Қош бол, сүйікті даярлық!“атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ақтілектіағытыпбіртастайық,
Қоштасатынкешіміздібастайық,
Жүздеріңненкөремшаттықарайды,
Өткізіңізсолайәркүн, әрайды.
Мұғалім:-Сөз кезегін балалардың өздеріне берейік.
1-бала Айкөркем:Шашу,шашу,шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұлмереке,бұлтойдың
Мерекесінбастайық.
2-бала Әлібек:Өсті міне, бойымыз,
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа жиналған
Құтты болсын тойымыз!
Мұғалім:Айналайынбалалар,
Алдамектеп-ана бар.
Өздеріңненөседі,
Өнерпаздар,даналар.
3-бала Ахмедияр:Нағыз білім ырыс, бақ,
Дүниенітұрұстап.
Ендібіздерсабаққа,
Кірісеміздұрыстап.
4-бала Думан:Әнсаламыз бас қоса,
Даярлықпенқоштаса.
Күнімізтұрсынкүлімдеп,
Жүрейікшідостаса.
5-бала Сәбира:Көңілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Ән де айта аламыз.
1-музыкалық нөмер: “Қошақаным” орындайтындар: Сәбира, Ғибрат, Гүлфара, Жангүл
6-бала Шоқан:Мектепқамқоранамыз,
Оқып, білімаламыз.
Өнерпазбопөсетін,
Бізоқушыболамыз.
7-бала Жиренше:Алтығатолдымбиыл мен,
Оқушыболыпкиінем.
Арқамасөмкеасына,
Мектепке барам асыға.
8-бала Дильназ:Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой-санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.
9-бала Нұрдәулет:Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз бағамыз.
Сендер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
2-музыкалық нөмер: “Ақ мамам” орындайтындар: Дильназ, Әсет, Әйкерім
10-бала Жангүл: Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Ертегіні бастаймыз.
Мұғалім:- Енді ертеңгілігімізді «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісімен жалғастырайық.
Мұғалім:-Бір күні Мақта қыз үй жинап жүрсе,жылап отырған баланың дауысын естиді.Қараса бала жылап отыр екен.Жанына келіп жөн сұрайды.
Мақта қыз:-Атың кім?Сен неге жылайсың?
Әлібек:-Менің атым Әлібек.Мен алты жастамын.Менің сабақ оқығым келеді,бірақ ешқандай оқу құралым жоқ.
Мақта қыз:-Ендеше,сен жылама.Қазір мысық екеуміз саған құралдарды табуға көмектесеміз.
Мұғалім:-Мақта қыз мысығын шақырады.
Мақта қыз:-Мысығым,мысығым, тарғылым келе ғой!-3 рет
Мысық:-Мақта қыз неге шақырыдың? Өй,сол баяғы ертегі ме, мен қатығыңды төгіп, сен құйрығымды кесіп алатын, қойшы, ол ертегіні балалардың бәрі біледі ғой.
Мақта қыз:-Жоқ, мысығым,бүгінгі ертегінің оқиғасы одан бөлек.Біз бүгін Әлібекке мектепке баруға құралдарын тауып көмектесеміз.
Мысық:-Алақай,ендеше мен дайынмын.
Мұғалім:-Үшеуі бірге құралдарды іздеп жолға шығады.Алдарынан қалам шығады.
Мақта қыз:-Біз каламды іздеп жүр едік. Қаламды көрмедіңіз бе?
Қалам: -Мен қаламмын,жазуды үйретемін.
Мақта қыз:- Қалам,сен Әлібекпен дос боласың ба?
Қалам:-Әдемі жазу жазсаң мен сенімен дос боламын.Мағын ана сөзін жазып,дыбыстық талдау жасап бер.
Мұғалім:-Әлібек ана сөзін жазады,дыбыстық талдау жасайды. Қалам қалам береді.Жүріп келеді алдынан дәптер шығады.
Мысық :- біз дәптерді іздеп жүр едік.
Дәптер: - Мен дәптермін, маған әріпті, сандарды жазады.
Мысық : - дәптер сен Әлібекпен дос боласың ба?
Дәптер:-Ендеше, маған дыбыстар нешеге бөлінеді ,дауысты дыбыстарды қандай текшемен,дауыссыздарды қандай түсті текшемен белгілейміз?
Әлібек:- Дыбыстар 2-ге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз болып. Дауысты-қызыл, дауыссыз-көк текшемен белгіленеді.
Мұғалім: -Алдарынан кітап шығады.
Мақта қыз: -Біз Әліппені іздеп жүр едік.
Әліппе: - мен әліппемін, барлық кітаптың атасымын.
Мысық: -сен Әлібекпен дос боласың ба?
Әліппе: - менің тапсырмам бар. Сұрағыма дұрыс жауап берсе дос боламын.
Әліппе: -Біз қай елде тұрамыз?Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер?
Әлібек: - Қазақстанда. Туы, Елтаңбасы , Әнұраны бар.
Мұғалім:-Алдарынан математика кітабы шығады
Мысық: - математика кітабын іздеп жүр едік.
Математика: - мен математикамын. Балаларды есептеуге үйретемін.
Мысық: - сен Әлібекпен дос боласың ба?
Математика: - ендеше менің тапсырмамды орындап көрсін: 1-ден 20-ға дейін тура ,кері санап біле ме?
Тез есепте: 3+5=8
10-5=5
Мұғалім:-Сөйтіп, мақта қыз бен мысық Әлібекке қажет оқу құралдарын тауып көмектесті.Әлібек енді біріншіге баруға дайын.
3-Музыкалық нөмер: Зеңгір көктем. Орындайтындар: Жангүл мен Думан
Мұғалім:-Балалар математика пәні бойынша санамақ айтайықшы.
11-бала Ұлбике:1 дегенің- жаман баға
Алады оны жаман бала.
12-балаРамазан:2 дегенің - нашар баға,
Оқушылар нашарлама.
13-балаТолғанай:3 дегенің - орта баға,
Сапасы да орта баға.
14-балаӘсет:4 дегенің - жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
15-балаАрайлым:5 дегенің - үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім: -Сонымен балалар қандай баға алу керек?
Балалар:-4-пен 5-ке
Мұғалім: -Сауат ашу пәні бойынша тақпақтар айтайық.
16-балаГүлфара:А дегенің- ана ғой,
Ана деген- дана ғой.
Б дегенің – бала ғой,
Жұмсаса анаң бара ғой.
17-бала Бақдәулет:Қырларда құр –деші,
Жайылып жүр-деші.
Біреуі қарауыл
Қарап-ақ тұр- деші
Ал енді өзің-ақ
Барлығы хормен:Р-р-р деші.
Мұғалім: Бишілер әсемдікпен бұралғанда,
Жанарың жалын атпай тұра алған ба?
4-Би номері: «Балапан биі» орындайтындар: Дильназ, Сәбира
18-бала Шоқан: Мектеп-үлкен бағдаршам,
Ұстаз-шырақ ұстаушы.
Екеуі де ақтарсаң,
Бақыт жолын нұсқаушы.
19-бала Әділет: Өзіңді-өзің табуға ,
Бағыт- бағдар береді.
Оқып білім алуға,
Күндей нұрын төгеді.
5-Ән «Мен тәтті» орындайтын: Айкөркем
20-бала Сұлтанбейбарыс: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлықпенен,
Біріншіге барамыз.
21-бала Айжамал: Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
22-бала Әйкерім: Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Біріншіге барамын,
Кілең бестік аламын.
Мұғалім: дидактикалық ойын: “Иә,жоқ”
Балалармен:
1.Мектепке біз барамыз ба?
2.Кілең бестік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылды бала боламыз ба?
5.Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6.Таңертең ерте тұрамыз ба?
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9.Екі алғанда жылаймыз ба?
10.Оқушы біз боламыз ба?
Ата-анамен:
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2.Сабақ оқып,есепке жүйріксіз бе?
3.Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.Әр уақытта қиынға төзесіз бе?
5.Мен оқытып шаршадым деп ұрсасыз ба?
6.Бала үшін асулардан асасыз ба?
6-Би флешмоб
Мұғалім:Сүйікті балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
- Құрметті сүйікті балалар, бүгінгі қуанышы мен қимастығы бірдей «Қош бол, сүйікті даярлық» атты тәрбие сағатымыз аяғына жетті. Енді сөз кезегін ата-аналар өздеріңізге береміз.
- Ұстаздар, ата-аналар балалардың білімдерін, өнерлерін тамашаладыңыздар. Уақыттарыңды бөліп келгендеріңе рахмет! Балалар, сендерге біріншіге баруға сәт-сапар тілеймін, сабақтарыңды 5-ке оқып, елміздің өркендеуіне үлес қосатын білімді, ақылды азамат болыңыздар! Сау болыңыздар!
7-хормен: «Әрқашан күн сөнбесін!»
М.Атымов атындағы орта мектеп
«ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ДАЯРЛЫҚ»
Тәрбие сағаты
Дайындаған: К.Ерболатова
МДС «а»
23 мамыр 2016 жыл