Зе? са?ырау??ла?тар: мукор, пеницилл


Сабақ № биология 6 сынып күні
Сабақтың тақырыбы Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқы саңырауқұлағы
Сілтеме Жоспар, «Жануартану оқулығы» (Қ.Қайым), арнайы суреттер, «Биология» оқулығы, желідегі видео, Power Point, үлестірме материал, «Биология» жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Ресурстар: Мазмұнды сызба (постер), түрлі-түсті маркерлер, микроскоп, микропрепараттар, саңырауқұлақтардың көптүрлілігі суреттері, карточкалар, ақ зең (мукор) саңырауқұлағы, ашытқы (дрожжи)
Негізгі мақсаты Зең саңырауқұлақтарының тіршілігін, түрлерін, құрылысын, бір - бірінен айырмашылығын, биологиялық маңызын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тәуелсіз ойлауына, өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету
Түйінді идеялары Зең саңырауқұлақтардың адам өміріндегі маңызымен таныстыру, зияндыларымен күресу
Нәтиже: Саңырауқұлақтардың тіршілігімен танысады, түрлерін, құрылысын ажырата біледі. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады
Ұйымдастыру
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Ынтымақтастық атмосферасын құру Көшбасшы болу, топқа бөлу, амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, топтық)
Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз. Сәлем бердік сіздерге, Басымызды иіп бәріміз
Психологиялық сәт (бір-біріне тілектер айту)
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық!
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық!


Қолданылған модульдер Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыт
Білу
«Қаламсап ортада» әдісі
СТО


Түсіну
АКТ
бейнефильм Топқа бөліп, ой қозғайды
Үй тапсырмасын қайталау
Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән қандай қасиеті бар?
Саңырауқұлақтардың жануарларға тән қандай қасиеті бар?
Саңырауқұлақтар қалай көбейеді?
Спора дегеніміз не?
Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесі неден тұрады?
Қандай пайдалы саңырауқұлақты білесің?
Саңырауқұлақтардың қандай түрлері улы?
Саңырауқұлақтарды зерттейтін қандай ғылым?
Неміс ботанигі Де Бари қандай әдіс ұсынды?
Саңырауқұлақтарды өсірумен шұғылданатын қандай институттар бар?
І. Қызығушылықты ояту
«Зең саңырауқұлағы» туралы бейнефильм көрсетеді
Түрлі түсті саңырауқұлақтар арқылы 5 шағын топтарға бөлінеді:
І топ: «Мукор»
ІІ топ: «Пеницилл»
ІІІ топ: «Аспергилл»
ІV топ: «Ашытқы»
V топ: «Спора»
Қаламсаптың иесі сұрақтарға жауап береді

Бірін-бірі қолдайды
Бейнефильмді тамашалай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады 5 мин
10 мин
АКТ Сергіту сәті «Қамажай» биі
Жаттығу жасап, билейді 1мин

Ақ зең (мукор) Аспергилл

Пеницилл Ашытқы саңырауқұлағы
Қолдану
Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
СТО

Мазмұнды сызбамен (постер) топтық жұмыс, № 33 зерт. жұм
Мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу және ашытқы (дрожжи) саңырауқұлаққа тәжірибе жасау ІІ. Мағынаны ажырату
Әр топтың атына сай тапсырма: І топқа: «Мукор» - зең саңырауқұлағы туралы жалпы сипаттама беру; ІІ топқа: «Пенициллдің» құрылысы, маңызы туралы сипаттама беру; ІІІ топқа: «Аспергилл» құрылысы, маңызы туралы сипаттау; ІV топқа: «Ашытқы» - құрылысы, тұрмыста пайдасы туралы сипаттау; V топқа: «Спора» деген не? Оның қандай түрлері бар?
№ 33 зертханалық жұмысын орындауды тапсырады
Әр тапсырмадан соң ынталандырады, басбармақ арқылы «Жарайсың», «Өте жақсы»
Мазмұнды сызбаға ізденген мәліметтерін түсіреді, қорғайды, кластер құрады


Бірін-бірі қолдайды, зерттейді, тәжірибе жасайды, дәптерге орындайды, белсенді қатысқандарды бағалайды 15 мин
Талдау ІІІ. Ой тоғаныс Семантикалық картамен жұмыс «Саңырауқұлақтар әлемі» СТО 3 мин
ӨкілдеріҚалпақ түбіртектен тұрадыБіржасушалыКөп жасушалыБүршіктеніп көбеюЖынысты көбеюМедицинадаЖеуге жарамдыПаразиттіулыПинициллАспергилл Ақ саңыр. ШыбынжұтАшытқы саңыр. Жинақтау
Қорытынды
СТО «Білім торы» әдісі
Әр топтан бір оқушыдан шығарады
Тапсырма:
Медицинада пенициллин дәрісін қандай ауруларды емдеуге пайдаланады?
Зең саңырауқұлақтарынан сақтану үшін қандай ережелерді ескеру қажет?
Әр тапсырмадан соң ынталандырады, басбармақ арқылы «Жарайсың», «Өте жақсы»
Сұрақтарға жауап бере отырып, білім торын құрайды

Бірін-бірі қолдайды, бағалайды 7 мин
Бағалау ОүБ Топ жетекшілерінің бағаларын негізге ала отырып, бағалар қойылады Бағалау парағына қойған бағаларын өткізеді
2 мин
№ Критериилер Баға
1 Топ ережесіне бағынуы (тәртіп) 2 «Қаламсап ортада» сұрақтарға жауап беруі 3 Постермен жұмыс, жаңа сабаққа қатысуы 4 Семантикалық картамен жұмыс 5 «Білім торына» қатысуы Қорытынды баға Үй тапсырмасы Зең саңырауқұлақтары тақырыбына эссе жазу, тұрмыста пайда болуын бақылау Бағаларын қойғызады 1 мин
Кері байланыс Оқушылар сабақта не сәтті өтті, нені жақсы меңгерді, соларды стикерлер арқылы үш түрлі смайликтерге жапсырады 1 мин