Со??ы ?о?ырау мерекесі


Ақжал негізгі мектебі
Мектеп бітірушілерге арналған
салтанатты жиынның өту барысы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Оспанова Меруерт Муратканкызы
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,бүгінгі мерекенің 
қонақтары !
2-жүргізуші: Бүгін,шуақты мамыр айының күнінде,барша оқушылар қауымы асыға күткен мереке де келіп жетті.
1-жүргізуші:
Бұл мереке – дүрліктірген ел ішін,
Бұл мереке – жас түлектер сен үшін.
Кең болсынщы қанат жаяр кеңісің,
Көрсін ұстаздар еңбегінің жемісін.
2- жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан ұшқалы отырған мектебіміздің бесінші түлектерін құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Оқушыларды қарcы алу)
1-жүргізуші:
Күміс апай.
Ұстазым неткен асыл жан,
Тілегім сол үмітіңіз ақталған.
Жүзіңізді мұң шалмасын ешқашан,
Қызметіңізге талай ұрпақ таңдансын.
2-жүргізуші:
Біртоға мінезімен бізге жаққан,
Үн-түнсіз сабағына ынта қойған
Нұрасылдай талапты оқушымыз,
Орындалсын мақсатың алға қойған
1-жүргізуші:
Анадан қызы ұғыпты,
Әкелген әз деп қуаныш.
Ақпейілдей ұяң, ұқыпты.
Білімді қыздар мақтаныш.
2- жүргізуші:
Сабаққа белсене қатысқан,
Мұғаліммен таласқан.
Сынып беделін көтерген,
Әділдікті шешетін,
Әділ біздің осындай
1-жүргізуші:
Жарасар нәзік гүл десем,
Гүлнұрға бәрін балаймыз.
Сымбатты бойшаң кім десең?
Гүлнұрды біз атаймыз.
2-жүргізуші:
Жүлделері аз емес Сағдаттың
Жеңімпазы намысты Ақжалдың.
Ақтайды деп сенеміз, сенімдерді,
Бокстан чемпион болады енді.
2-жүргізуші:
Жаттап өскен жырларын алыптардың,
Қуат алып, сол жырлардан талаптанды.
Поэзия әлеміне қанат жайған,
Әнеліміз ақындыққа самғаған.
1-жүргізуші:
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің Дархан осындай.
Өлеңді де айтады,
Спортты да сүйеді.
Білімне деген ынтасын,
Ұдайы жетілдіріп келеді.
2-жүргізуші:
Ылғи мәз болып жүреді,
Адал ғой оның жүрегі.
Тоғжан сынды аруды,
Мектеп жақсы біледі.
1-жүргізуші:
Армандай ақ сезімнен жаралған,
Аққудай айдындағы таранған.
Сүйсініп сендерге қарасын,
Гүлден атты қыздарың.
2-жүргізуші:
Білімсіз ойы толмаған,
Біледі өршіл ұл ғана.
Оқушымыз Аманбол,
Ат-жарыстан қалмаған.
1-жүргізуші:
Жаз күніндей жайнаған,
Мың бұрала билейтін.
Айгерімнің бал өнерін,
Адам бар ма білмейтін
2- жүргізуші:
Жымиып қана жүреді,
Ұстазды сонымен меңгерді.
Ақырын жүріп анық жүрген,
Ерғанат біздің осындай.
1жүргізуші:
Нәзік те әсем қимылмен,
Балауса, балғын тілімен.
Терең ойды жеткізген,
Құралай қыз биімен
2-жүргізуші:
Зуылдап келіп сөйлейді,
Ешкімге зиян келтірмейді.
Қуантады біздерді Ернар ұлан,
Әжіл-қалжың сөзбенен алдандырған
1-жүргізуші:
Тыңғылықты сабағың,
Ашық-жарқын қабағың.
Күмістай сынды аруды,
Сыныптастар ардақтар.
2-жүргізуші:
Өнерің бар жан-жақты,
Мінезің де салмақты.
Тиянақты ісіне,
Ажарды қарсы алайық
1-жүргізуші:
Тірлігіңді тербетеді сан арман,
Көңіл-айдын ақ тілекпен тазарған.
Ақыл-ойдың жетегіне жете бер,
Арай атты алғырымыз сыныптың.
2-жүргізуші:
Бақ болар бәлкім қазаққа,
Жанында жалын бар алау.
Перизат атты арудың,
Сыныпта орны өзгеше.
1-жүргізуші:
Аруақ дәйім қолдасын,
Қабылдар халқы мақұл деп.
Үндемес ару Аяулым,
Инабатты қыз еді.
2-жүргізуші:
Ойлары күмбір күй сынды,
Ұнайды бізге Дархан-ай
Айтқаныңды екі етпей,
Жүреді ылғи орындай.
1-жүргізуші:
Жымиып күлген күлкісі,
Мөлдір жанның тұрысы.
Өзіне тартып ортасын,
Жарасымды қылығы.
2жүргізуші:
Ата-ана тұңғышы үміт күтер,
Ашық мінез,жайдары, күліп жүрер.
Толғанай атты аруымыз,
Жақсы оқы біздің ақ тілегіміз.
1-жүргізуші:
Күлкіден аузы жиылмайды,
КВН-нан шаршамайды.
Ерасылдай талапты оқушымыз,
Орындалсын мақсатың деп тілейміз.
2-жүргізуші:
Айман апайға.
Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз ғалым толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын Айман апай аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің сәлемін.
1-жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Туы әкелінсін!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.( Ту әкелінеді.. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
1-жүргізуші:
Ұстаз бен ұрпақ жанын ұға алады,
Қашан да ақ тілектен шыға алады.
Басшымыз тілек айтсын түлектерге,
Тыңдайық ағаның тілек сөзін - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзді «Nova - Цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Қойшанов Сакен Қойшанұлына беріледі.
(Қойшанов келмесе Ауданның кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлім бастығы Мұхтаров Мұхит Сайлауұлына беріледі)
2- жүргізуші:
Арнап келер мерей той, мейрамдарда
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мерекеде тілек айтсын,
Кентіміздің әкімі Нұрмағанбетов Нұрғалы Рақымжанұлына сөз беріледі.
( Әкім келмесе өзіміздің ұстазымыз, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Бакаев Дат Бақтығалиұллына беріледі.)
1-жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
2-жүргізуші:
Өмірде өшпейтін іс- балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Карбозова Шаризат Сағындыққызына сөз беріледі.
1-жүргізуші:
Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан,
Жүректе ешқашан сөнбейді, - дей отырып, алғашқы рет «Мектеп», «Ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім нәрін берген, әріп танытып, достыққа жетелеген алғашқы ұстазы ,әрі мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ибрахимова Куміс Ибрахимқызына сөз беріледі.
2-жүргізуші:
Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп, құлшындырған,
Жүрегімізде әр кез өсиетің, - деп, қанаттарын қатайтып. Бірге жүріп, бірге
күліп, намыстарын бірге түлектеріміздің сынып жетекшісі Ержанова Айман
Рымжанқызына сөз береміз.
Ән. «Ұстазым менің» Күмістай мен Айгерім
1-жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға байсалды,Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
1-жүргізуші: Ортаға 1- сынып оқушыларын шақырайық. (тақпақ)
Хор: «Мұғалім ол біздің» орындайтындар 1- сынып оқушылары
Түлектер мен 1-сынып оқушыларының естелік сыйлық тапсыру рәсімі.
2- жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,Халқынан ата-анадан бата алады.Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Күмістайдың, Аяулымның, Гүлнұрдың әжелеріне беріледі.
1-жүргізуші:Биылғы жылы мектебімізде, «Үздік аттестатқа»- 4 оқушы ұсынылуда. Олар 9 жыл бойы, өз білімдерін тек биіктен көрсете білді.. Әр жыл сайын мектебімізден осындай белгілерге үміткер оқушылар ұшып шыға берсін, ақ жол сіздерге жас түлек деп, келесі сөз кезегін 9- сынып оқушыларына береміз
1-оқушы Әділ: Құрметті бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына жиналған қадірлі ұстаздарымыз!
2-оқушы Күмістай: Ата-аналарымыз!
3-оқушы Дархан: Сыныптас достарымыз!
4-оқушы Тоғжан: Міне, біз бүгін « тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя мектебімізбен,
5-оқушы Дархан .Р: бізді 9 жыл оқытып, білім нәрін сіңірген, аяулы да, ардақты ұстаздарымызбен,
6-оқушы Ернар: Құлын-тайдай тебіскен, бірге оқыған достарымызбен қоштасқалы отырмыз.
7-оқушы Ерасыл: Енді біз, ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау- мектеп ауласында жарыса жүгіріп, сынып парталарына таласа-тармаса отырмаймыз.
8- оқушы Перизат: Енді біз тоғыз жыл бойы еркелігімізбен, тентектігімізді көтерген ұстаздарымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз.
9-оқушы Гүлнұр: Біз осы мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашағымыздың іргетасын қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық
сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі келешегімізді ойлап, жүрегіміз лүпіл қағып тұр.
10 –оқушы Нұрасыл: Сыныптас достар! Барлығымыз күш- жігерімізді аянбай салып, білімнің шыңына шығуға, Ұстаздарымыз бен ата-аналарымыздың сенімін ақтауға тырысып, мектебіміздің мерейін көтеріп, мақтанышы болайық!
11- оқушы Құралай: Бізге алғаш рет әліппені ұстатып, әріптерді танытқан, алғашқы ұстазымыз-Куміс Ибрахимқызына;
12-оқушы Сағадат: Және біз десе ішкен асын жерге қоятын жанашыр жетекшіміз-Айман Рымжанқызына;
13-оқушы Мөлдір: Осы уақытқа дейін білім мен тәрбие беріп, үлкен өмір жолына дайындаған қымбатты ұстаздар қауымына, ата-аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!
14-оқушы Толғанай: Білесің бе, уақыттың зулайтынын,
15-оқушы Ажар: Уақыт шіркін, бір орнында тұрмайтынын,
16-оқушы Аманбол: тоғыз жыл бойы сіңірдік білім нәрін,
Бірге: Қош бол мектеп, аяулы ұстаздарым!
/Ұстаздарды құттықтау: тақпақ айту/
1.Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асылд жан,
Баласындай шын жүрекпен тең көрді.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым.
«А» әрпін алғаш сенен жаттадым,
Күміс апай естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.
2. Ұстаз бізге білі берді,
Бар кітаптан шырын берді.
Білсін,көрсін, өссін деді,
Бар оқушым «гүлім» деді.
Талпын әр кез өзің деді,
Күні-түні көз ілмеді.
Сонша бала оқытқан,
Ұстаз неткен төзімді еді.
Орыс тілін үйреткен,
Пушкиндей бізді сөйлеткен.
Қымбатты біздің Айман апай,
Көріне берсін тым көктен.
3. Қазақ тілі -өз тілім, бабам тілі,
Деп үйреткен ұстазым қандай мықты!
Махамбет пен Абайдан сусын алып,
Өз білімін біздерге талмай төкті.
Терең ойлы, сабырлы,
Түсіндірген тақырыпты.
Мүгілсім апай қашанда,
Болсын осындай көрікті.
4. Бізге материк , аралдарды үйретуден,
Жалықпаған ұстазым білім берген.
Гоеграфия маманы Гүлнәр апай
Жемісті болсын ісіңіз.
Бойдағы қуат жалынмен,
Жарқырап жайнай түсіңіз.
5. Ойланып есеп шығаратын,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғалымдардың патшасы,
Математика данасы.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Шаризат апай сабағы.
6. Ағылшын тілі жаңа заман талабы,
Көп тіл білу артық емес бұл күні.
Гүлнәр апай сол саланың маманы,
Қиын тілдің үйретіпті қыр мен сырын.
7. Жаратылыстың сырын бізге ұқтырған,
Химия мен биология қызық пән.
Бағлан апай сізге де мың алғыс,
Элементтерін қасиетін жаттатқан.
8. Интернеттен ақпаратты қарайды,
Мүшел апай сайыстардан қалмайды.
Еңбегіңіз жана берсін әрқашан,
Сусындатып біліміңмен талайды.
9.Оқушының сүйікті бір пәндері,
Сызу , еңбек, суреттің өнері.
Гүлбаршын апай сізге де,
Шәкірттерің мол табыс тілейді.
10.Шынықтырып денені,
Сау болсын деп денеміз.
Гуля ,Диас ұстаздар,
Талап қоя біледі.
Шаңғы тепкен күндерді,
Әркез еске алады.
11.Тез үйрендік әділ менен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар бабалар өсиетін балаларға,
Әлия апай әрқашан ойға салған.
12.Физика күрделі пән мектепте,
Ұстазымыз үйретеді еңбекпен.
Ом заңын жалықпастай сездірген,
Дина апай әрқашанда бізбенен.
13.Мектебіме келді міне жас маман,
Би мен әнді үйрететін шаршамай.
Гүлзат апайға жемісті еңбек тілейміз,
Биылғы шәкірттердің атынан.
14.Тәрбие мен білім егіз қашанда,
Мықты тірек керек әрбір ұжымға.
Шәкірттерің мектеп атын шығарар,
Меруерт апай алдыңыздан атсын аппақ таң!
1-жүргізуші: /Хор «Мектебім »/ 9-сынып оқушылары.
2-жүргізуші:Алдарыңнан арман жолы ашылады.Түлектерге бақыт гүлі шашылады.Қимастықпен білімнің алтын кілтінІзін басар сыныпқа тапсырады, - деп,білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, «Үздік куәлік» үміткері Амангелді Күмістай8-сынып оқушысы, оқу озаты Амантай Ләззатқа тапсырады.(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші:Жиын назар аудар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін !( Ту шығарылады)
2- жүргізуші: Тоғыз жыл бойы мектеп өміріне атсалысып, өздерінің жақсы жақтарымен көріне білген мектеп бітіруші түлектерді және түлектеріміздің ата-аналарын марапаттау. Марапаттау рәсімі түлектеріміздің жетекшісі Айман апайға беріледі.
1жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері бірнеше мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.Гүлдерге толы омырау,Өмірде жоқ қой тоқырау
Қимастық сезім оятып,Соғылсын соңғы қоңырау.2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушылары «Үздік куәлік» үміткерлері Хасенов Әділ мен Баубек Гүлнұр және 1- сынып оқушылары ------------------------------------------------------------------------------------------------------тапсырылады.
1-сыныптан 2 оқушы/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұра
1-жүргізуші:
«Қоштасу вальсі» би .
Хор «Ұстазым»
2-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебіңМаңдайыңнан сипап өтер көкте күн.«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәрімізТілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапартілейміз!