Разработка Со??ы ?о?ырау 25-мая


С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп


Қызылқоғам ауылы
Соңғы қонырау (Барлық оқушы сапқа тұрғызылады).
Фанфары.
Жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Басталсын бүінгі күннің салтанаты
Тойлайды бар ел, кәрі де жас.
Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер!
(Ортаға 4, 9, 11 сыныптар шақырылады).
Жүргізуші:
Мейірге толы мектебі
Айқара ашқан құшағын
Балапаның боп мен сенің
Бастауыштан ұшамын – деп ортаға бастауыш 4 сынып түлектерін сынып жетекшісі Агинбаева Райса Дүйсенбаевнаны ортаға шақырамыз.
(Әуенімен бастауыш түлектер келеді).
Жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық,
Биылғы 9-сынып түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық – 9 сынып түлектері сынып жетекшісі Кунафина Бахыт Ехсановнаны, даярлық тобының бүлдіршіндерімен ортаға шақырамыз.
(Әуенімен негізгі мектеп бітіруші түлектер келеді).
Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді – деп ортаға 11 сынып түлектерін сынып жетекшісі Магзумов Талгатбек Уахитовичті, 1 сынып оқушыларымен ортаға шақырамыз, қарсалайық!
(Әуенімен мектеп бітіруші түлектер келеді).
Жүргізуші: 
Назар аудар!
2015-2016 оқу жылына арналған «Сыңғырла соңғы қоңырау!» мерекесіне Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін!
(Ту енгізіледі, Әнұран орындалады).
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен "Сыңғырла - соңғы қоңырау!” мерекесімен құттықтаймыз.
Жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық.
1.
2.
3.
4.
5.
Жүргізуші: 2015-2016 оқу жылының "Сыңғырла соңғы қоңырау!” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Ән шашу _______________________________________________________
Жүргізуші:
Жолдайды мектеп мүдірі,
Түлектерге ақ   тілек. 
Өмір деген үлкен жолда,
Ақ жол тілеп, бақ тілеп – деп алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Айтжанова Гүлзия Молдағалиевнаға беріледі.
(Құттықтау, жетістіктер).
(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек).
Жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Барлығына арналсын тілегіңіз. 
Тілек сөз ........................................................................... беріледі.
Жүргізуші:
Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ –Еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,
Бастауыштың «Мен» деген әр түлегі – деп ортаға бастауыш сынып түлектерін 4-сыныпты сынып жетекшісі Агинбаева Райса Дүйсенбаевнаны ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Алдарыңызда аудандық «Бүлдіршін» фестивалінің жеңімпаздары, облыс жеңімпаздары Галоконцертке жолдама алған «Балауса» шағын орталығының бүлдіршіндерін «Қазақ биі» биімен ортаға шақырамыз, қарсалыңыздар!
Жүргізуші:
Өтті бізден бабалық,
Өтті бізден шалалық.
Тезге салды ұстаздар,
Текті мінез-даналық.
Ұсынғалы адалдық,
Үйреткені адамдық,
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық – деп 9-сынып түлектері, сынып жетекшісі Кунафина Бахыт Ехсановнаны ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп – ата-аналар атынан тілек сөз ......................................................................................... беріледі.
Жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ортаға 11 сынып түлектерін ортаға шақырамыз, қарсалыңыздар!
Жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Барлығына арналсын тілегіңіз - деп – ата-аналар атынан тілек сөз ......................................................................................... беріледі.
Жүргізуші:
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! (Шашу шашылады).
Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
«Қоштасу вальсі» - ортаға 11, 9 сынып оқушыларын шақырамыз, вальс билейді.
Жүргізуші: Ашық аспан, алтын күн,
Төбеңнен әркез таймасын.
Жанарда шаттық жарқылдап,
Қоңырау үні жаңғырсын!
2015-2016 оқу жылының соңғы қоңырауын соғуға 11 сынып бітіруші түлектерімізді ортаға шақырамыз!
(Қоңырау соғылады).
Аяқтап бүгін мектепті,
Тебірендің, толғандың.
Болашағың жарқын боп,
Сәт-сапар болсын жолдарың!
Жүргізуші:
Құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Тогтасын Жанаргүлге беріледі.
Жүргізуші: Құттықтаймын деушілерге ашық микрофон.
Жүргізуші: Ән шашу ___________________________________________________
Жүргізуші: Назар аудар!
2015-2016 оқу жылына арналған соңғы қоңырау мерекесінен Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын!
(Ту шығарылады).
Жүргізуші: 
«Жаз-2016» - көңілді де шаттыққа толы өтсін!
Қош сау болыңыздар!