Асты? т??ымдастарыны? морфо-анатомиялы? ??рылысына минералды ты?айт?ыштарды? ?сері


КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ
Тағай Ербол Давлетұлы
9 «В» сынып
Тақырыбы: «Астық тұқымдастардың морфо-анатомиялық көрсеткіштеріне минералды тыңайтқыштардың әсері»
Ғылыми жетекші:
Жакенова Жанаргуль Жетписбаевна
Көкшетау 2014

Мазмұны:
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..................................................................................5
1.1 Жаздық бидайдың морфологиялық сипаттамасы....................................... 5
1.2 Жаздық бидайдың өсіп -жетілу кезеңдері.....................................................8
1.3Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері............................................9
1.4Бидайдың тарихи маңызы…...........................................................................10
2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
2.1Зерттелген аймақтың физико- географиялық анықтамасы........................13
2.2Жаздық бидай сорттарына сипаттама..........................................................14
2.3 Зерттеу әдістері..............................................................................................14
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ
3.1Жаздық бидайдың сорттарын морфо-структуралық талдау......................16
3.2Жаздық бидай сорттарының анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.........16
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР..................................................20
ТҰЖЫРЫМДАР..................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................22

КIPICПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кездегі қарқынды технология бойынша өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударылып, агротехникалык шараларды календарлы мерзім бойынша емес, бидайдың даму ерекшеліктеріне байланысты жүргізу керек екендігі белгілі болды.
Бидай өнімділігі энергия және масса алмасу процестерімен де тығыз байланысты. Ал, өсімдіктің морфогенез ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық тәсілдер аркылы антогенездегі, яғни барлық мүшелердің қалыптасу кезеніндегі өзара байланысты білу кажет.
Қазақстанның солтүстік өңірінде жаздық бидайдың алатын орны ерекше, сондықтан мол өнім алу үшін жаздық бидайдын морфо-анатомиялық құрылысын зерттеудің маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлікмектебінің зерттеу алаңы жағдайында жаздық бидай сорттарының морфо-анатомиялық ерекшеліктерін аныктау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер.
Жаздықбидайсорттарынаструктуралық анализ жасау;
Жаздық бидай сорттарының анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау;
Жаздық бидайдың өнімділігіне тікелей әсер ететін негізгі морфологиялық және анатомиялық белгілерді айқындау;
Бидайдың алғашқы даму кезеңінде анатомиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы алдын-ала қандай болжам жасауға болатынын анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаналығы.
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу алаңында бірінші рет, жаздық бидай сорттарыныңанатомиялықкұрылыс ерекшеліктері анықталды.
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу алаңында бірінші рет, жаздық бидайдың алғашқы даму кезеңінде анатомиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы алдын-ала қандай болжам жасауға болатыны анықталды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Өнімділікті арттыруға ықпалын тигізетін негізгі анатомилық және морфологиялық көрсеткіштер белгіленіп алынды. Зерттелген сорттарды салыстыра отырып, жоғары өнімді сорттардың анатомиялық көрсеткіштері ерекше болатындығы анықталды. Бидай сабағының анатомиялық көрсеткіштері ерекше болатындығы анықталды. Бидай сабағының анатомиялық көрсеткіштерін саны мен ауданы/селекция саласына маркерлік белгі ретінде ұсынуға болады
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
I Жаздық бидайдың морфологиялық сипаттамасы
Астық немесе қонырбастар тұкымдасы (Gramineae, Роасеае) даражарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7-10 мың түр және 700- дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері кұрлыктардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұкымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейі жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамакка пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халык шаруашылығындағы манызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тұкымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді /1/.Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонактың, сабағынын буын аралығының іші қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған болып келеді. Мұндай сабақты сабан деп атайды.Жапырактары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұкымдасынын жапырақтары, әдетте жінішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың кынапшасы болады.
Астық тұкымдасының ұсак, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын - масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын - күрделі масак , сыпырткы түзеді. Гүлінің формуласы: газ Р(2)+2A:,G(2) Астық тұқымдасының жемісі дәнек деп аталынады 2-3.Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал кен мөлшерде тонналап немесе нептнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды /4/.
Бидай өсімдігінде тамырлардың екі түрі кездеседі. Бірінші түрі бидай өсе бастаған кезде пайда болады. Оны ұрықтық немесе колеоптильдық тамыр деп атайды. Ал екінші - кейінірек, бидай сабағының топырақ бетімен деңгейлес жеріндегі түйіншеден тарамдалған косалкы тамырлар. Ұрыктық Тамырлардың саны әдетте бестен келеді, ал кейде бидайдың сортына байланысты одан да артық немесе кем болуы мүмкін. Олар жіңішке , тарамдаған жанама тамыршалары бар біркелкі жіңішке тамырлар жүйесінен тұрады. Қосалқы тамырлар жүйесі тамыр мойыншасынан немесе бидай сабағының төменгі түйіншесінен, болмаса сабақтану түйіншесінен тарайтын тамырлар тұрады /4-10/.
Бидайдың сабағы сырты тегіс, іші қуыс немесе толық келген түйін аралық сабақшалар мен түйіншілерден тұрады. Толық жетілген сабақта әдетте 6 түйінше болады, кейде 5 немесе 7 түйіншеге дейін жетеді. Бидай сабағының төменгі, әсіресе, жоғарғы түйінаралық өте қысқа болады. Қосалқы сабақтар негізгі сабақтың ең төменгі түйіншесінде пайда болатын бүршіктерден дамиды /11-16/.
Бүршішені толық жауап тұратын бірінші жапырақты колеотиль деп атайды. Оның ұшында кішкене тесік болады. Колеотопольдің әдеттегі түсі ашық жасыл немесе ақшыл, ал кейде күлгін антоциан түстес. Онда аздап фотосинтез жүреді. /4-10/.
Бидайдың жапырағы сабақты бойлай кезекпен екі қатарға орналасқан. Ол жапырақ бетінен, қынаптан, тілшеден және жапырақ бетінің негізіне орналасқан қос құлақшадан тұрады. Бидайдың жапырақ бетінде ұзына боцвна қатарласа орналасқан жіп тәрізді талшықтары болады. Жапырақтың жоғарғы бетінде өткізгіш шоқтардың үстіңгі жағына орналасқан талшықтар кездеседі. Жапырақтың төменгі бетінде ондай талшықтар жоқ, көбіне тегіс келеді. Оның екі жақ бетінде де тыныс алу саңылаулары болады. Олар әдетте жоғарғы бетте жиірек, шамамен 10:7 қатынасында кездескенмен, бидайдың сортына байланысты өзгеріп отырады. /14-16/
Бидайдың гүл шоғыры- масақ, ол қысқарған түйінаралықтар мен түйіндерден тұратын өзекшелерден және өзгерген сабақ масақшалардан құралған. Бидайдың масақшалары отырыңқы болып келеді. Әрбір масақша қабықшалардан және 2-5 гүлден тұрады. Гүлді қабықшалар қоршап тұрады.
Ал қабықшалар мақсашаның орталық белдегіне екі қатарға кезектесе орналасқан. Бидай масақтарын бір бірінен пішініне, ұзындығына, жалпақтығына, тығыздығына,қылқаның түсіне және тағы басқа көптеген белгеілеріне қарай ажыратуға болады. /6-11/
6
Бидайдың дәні майда (1000 дәннің салмағы сортына байланысты 24-28 граммнан 48-50 граммға дейін тартады.) Әрі құрғақ болады. Сыртын жарылмайтын өте жұқа, дәнге жабыса біткен қабық қоршап тұрады. Дән ұрықтан, эндосперм және қабықтан құралған. Дәннің пішіні сопақ немесе элипс тәрізді. Далалық дәнді бидайлар да кездесіп отырады. Дәннің түсі көбінесе қызғылт қоңыр немесе ақ болады, сонымен қатар екі түстің аралығында әр-түрлі түстер де кездесіп отырады (сүрет-2). Дәннің түсіне эндоспермінің әсері мол. Дәннің эндоспермі алейрон қабатынан және ұнтақтан тұрады. Алейрон қабаты дәннің салмағының 6-8 процентіне тең болады. Эндосперменің ұнтақ бөлігі негізінен крахмалдан, азотты заттардан құралған. Қатты және жұмсақ бидайдың күшті сорттарының эндоспермі шыны тәрізді болады. Дәннің ұрығына өсу нүктесі, жапырақ және калканшадан тұратын бүршік жатады /11-16/.

Сурет-1. Бидай дәннің көлденең кестесі.
Дән қабықшасы;
Тұқым қабықшасы;
Алейрон қабаты;
Эндосперм;
Қалақанша;
Ұрық;
Түкше.
1.2 Жаздық бидайдың өсіп-жетілу кезеңдері
Бидайдың өсіп жетілуі, яғни онтогенезі екі кезеңнен тұрады. Оның біріншісі вегативтік кезең. Бұл уакытта қоректену, тыныс алу, су алмасу, синтездеу және заттардың қозғалысы жүзеге асыратын тамыр, сабак және жапырақтар пайда болады.Екіншісі - генеративтік кезең. Мұнда көбею органдары - масақ. Масақшалар,гүлдер жәнс дәндер капыптасады /17/.
Бидайдың жалпы өсіп, даму уақытын (онтогенезін) бес кезеңге бөлуге болады.
Эмбрионалдық кезеңге гүл ұрыктанғаннан бастап өсуге қабілетті ұрық ұрық дән пайда болғанға дейінгі аралық жатады.
Себілген тұкымнын өніп, одан өскіннің пайда болатын уақытын қамтитын көктеу кезеңі.
Көктеуден бастап жеміс бергенге дейінгі уақытты алып жататын вегетативтік органдар калыптасатын ювенильдік кезең.
Гүлдер және ұрықтануға дейін созылатын жетілу кезеңі.
Дәннің толысып пісуі мен сол дән пайда болған аналық өсімдіктің курап бітетін уакыттарын қамтитын пicy және курау кезеңі /17/.
Дәнді астыктың өсіп жегілуінің мынадай негізгі кезеңдері бар:
Көктеу -алғашкы жапырақтардың шыға бастауы /18/.
Жаздық бидайдың тұқымы 1-2 градус жылылықта өнеді де 4-5 градус жылылықта көктеп шыға бастайды. Алайда дәл осындай жылылықта өте баяу өніп, көктеп шығады. 5 см тереңдікте сіңірілген тұқым топырақтың жылылығы 10-12 градус болғанда 5 күнде, ал 20-22 градус болғанда 2-3 күнде көктеп шығады /17:20/ .
Жұмсақ бидай дәнінің көктеуі үшін құрғақ дәнінің масағының 50-60 процентіне дейін су, ал қатты бидайдың дәні үшін оның белогы көп болуына байланысты 5-7 % су көп болу керек /19/.
Түптену - сабақтар мен тамыртораптарыныңтарауы. Ошләдеттекөктеуден 10-20 күнненкейінболады. Жаздықбидай 10-20 градус жылылықта жақсытүптенеді /17; 20/.
Түтікшешығуытөменгібуынаралықтыңнемесесабақтыңөсе бастауы. Түтікшешыққаннанкейінөсімдік тез өсебастайды /5; 18/.
Масақтану (шашақтану) - сабақұшынагүлшоғырыныппайдаболуы (8) сабақтану және масақтанукезеніндежаздықбидайбүкілөсіп - жетілукезеңіндепайдаланғанжалпысуының 50-60% пайдаланады. Бұл кездесудыңжетіспеуібилайдыңтүптенуіннашарлатады/I 7; 20/.
Гүлашу -гул aшy сипатынақарай өздігінентозаңданатын, алмасатозаңданатындепайыруғаболады /18/. Бидайгүлденукезеңінде аңызаққа төзеалмайды/I 7/.
Дәннің сүттенуі (думбілдену) жағдайы. Егердәндіқысса, сүттүстес сұйыктықшығады. Бұл кезеңде дәнде 50% - тенастамылғалжинақталады/18/.
Дәнніңқамырлануы. Сүттенуденкейіндән 10-15 күндеқамырланабастайды. Дән сарғыштартып, тырнақпен жеңілжарылады. Ылғал 35%-кедейін кеміп, жапырақтанқоректікзаткелуі тоқтайды. Бұл астықты бөлектепоратын сәткелді деген сөз /18/. Судыңмөлшері дәннінсүттенгенкезінде 20- 30% болукерек /19/.
Толықпісуі. Дән кұрғапқатайған соң толықпіседі. Дән бойындағыылғал 18 проценттен кем болады. Толықпісубасталғандаастықты комбайынмен ору мүмкіндігітуады /18/.
1.3 Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
Жаздық бидайдың піскен және зақымданған дәні көктеп шығу сапасын 10 жыл бойына, ал жеке дәндері 20 жылға сактайды. Жылтыр дән ұнтакты дәнге қарағанда көктеп шығу сапасын неғұрлым ұзак уакыт сақтайды /18/.Жаздық бидайдың тұкымы 1-2 градус жылылықта көктеп шығады. Алайда дән осындай жылылықта өте баяу өніп, көктеп шығады. 5см. тереңдікте сіңірілген тұқым топырақтың жылылығы 10-12 градус болғанда 5 күнде, ал 20-22 градус болғанда 2-3 көктеп шығады.Тұқым өнетін кезде топырақ пен ауаның темперагурасын қосып есептегендегі өзара айырмашылық әр уақыт 20 градус шамасында болатыны анықталды. Сондықтан тұкымның көктеп шығу мерзімін төмендегі формула бойынша аныктауға болады:
X - (50 + 10 n + 20) : t
Мұндағы: X - тұқым себілгеннен көктеп шыққанға дейінгі күн саны. n- тұқымның сіңірілу тереңдігі. I - ауаның орта тәуліктік жылдамдығы.50-орта тәуліктік жылудың мөлшері.
Көктеп шығу уақытын білу арқылы тұқым себу мерзімін аңықтауға болады. Сонда өркен қолайсыз жағдайға душар болмайды. Жаздық бидайдың көгі оқта-текте 10 градус суыққа төтеп береді. Жаздық бидай жаңадан өсіп, өркен жая бастаған кезінде суыққа неғұрлым төзімді келеді. Жаздық бидай 10-20 градус жылылықта жақсы түптенеді. Ал, оның өсуі үшін ең коп дегенде 16-22 градус жылылық керек.Эндоспермасы жылтыр жаздық бидай, сорттары дәнінің өнер қарсаңында бөртуі үшін топырақта ылғал мол болуы керек /4/.
Сондықтан да ол эндоспермасы ұнтақты немесе ұнтақтылау жұмсақ бидайдың дәніне қарағанда баяуырақ өнеді. Егер жұмсақ бидай тұқымының өнуі ушін, оның өз салмағының 50 % шамасында су керек болса, қатты бидай өнуі үшін су 5-7 % көп керек болады. Біркелкі және жаппай көктеп шығуы үшін жаздык бидай неғұрлым ерте мерзімде, яғни топырақта ылғал жеткілікті кезінде себу қажет. Сабақтану және масақтану кезеңінде жаздық бидай өсіп- жетілуі кезенінде пайдаланған жалпы суының 50-60% пайдаланады. Бұл кезде судың жетіспеуі бидайдың түптенуін нашарлатады, түптенуден кейін өсу мерзімін қысқартады, мұның өзі оның өнімін төмендетеді. Топырақтың ылғалы егістік жерінің жалпы ылғалының 70-75% жеткен кезде өсімдік үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасалады.Яровизациялану сатысынан өту үшін жұмсақ бидайға 5-8 күн бойы 9- 12 градус жылылық пен 48% ылғал керек қатты бидай неғұрлым төменгі температураның 3-5%, неғұрлым ұзак мерзімді 8-14 күн және ылғалдың мол болуын талап етеді /5/ .Республикада аудандастырылған жаздық бидай сорттарының жарықты керек етуі мерзімі сорттарына қарай Солтүстік аудандарда 20-25, оңтүстік аудандарда 15-20 күнге созылады. Бұл кезеңде бидай жылылықты көбірек 15- 20 керек етеді.Жаздық бидай топырақта тез сіңетін коректік заттардың болуын көп керек еттеді және тыңайтқыш берілгенде жақсы өседі. Жаздық бидайдың 25ц дәнімен 35ц сабанында шамамен 95кг азот (N), 30кг фосфор (Р) және 45кг калий (К) болады. Соның ішінде өсімдік кейбір коректік элементтерді әр түрлі мөлшсрде тұтынады /5/ .Жаздық бидай көктеп шыққыннан кейін екінші және үшінші жапырақтары пайда болғанға дейін азот және фосфор корегін көбірек етеді. Түптену кезінде минерал заттарды бойына бұрынғыдан да мол сіңіреді. Жаздық бидай сабақтану кезеңінде корегінің көп болуын талап етеді. Егер пicy кезеңінде температураның төмендеуі 0°С жетсе, ондай салқынға шалынып аяз ұрған дәннің технологиялық және себу сапасы төмен болады 19-20/.Жаздық бидайдың вегетациялық кезеңі 75-120 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл бидай сортына ауа райына т.б. жағдайларға байланысты болады /19-21/.
1.4 Бидайдын тарихи маңызы.
Бұдан 1ООО жыл бұрын адамзат бидай өсіріп, оны өз мұқтажына жаратқаны жайлы көптеген деректер келтіруге болады. Осы кезде бидайды, әсіресе солтүстік жарты шарда өсірмейтін ел мен жер жоқ десек кателеспейміз. Жер шарын мекендейтін адамдардың жартысынанкөбі бидай нанымен коректенеді. Дүниежүзілік кұрлықтың 1/8 бөлігінде бидай етіледі. Бұл барлық егістіктің 1/5, оны гектарға айналдырсақ 137 млн. га болады екен, басқа деректер бойынша 210 млн. га. жерге бидай өсіретін көрінеді.Одақ ыдырамай тұрғанда, бізде бидайды 65млн. гектарға себетін еді. Соның үштен біріне жуығы Қазақстанның үлесіне тиеді /1/.
Бидайды негізінен далалар мен орманды далаларда өсіреді. Көптеген ғасырлар бойы ауа райы әр түрлі жерлерге өсіру тәжірибесі негізінде бидайдың бірнеше түрлері мен сорттарының шығуына осы жұмыстар едәуір ықпал етті. Бүгінде бидайдың 22-27 түрі белгілі. Оларды генетикалық қасиеттеріне қарай үлкен 4 топка бөледі. Бұл де, - тетра, -гекса және октоплоидты, яғни – екі, алты, сегіз хромосомалар жиынтығы бар бидайлар /1/.
11
Бидай конырбастар Роасеае тұкымдасына, Triticum тегіне жатады /4/. Дәнді дақылдар тұқымдастар 500-ге жақын тектерді біріктіреді. Олар 3 тұқымдасқа 10
бөлінеді - Бамбук тұқымдасы, Қонырбас тұкымдасы – бидай, қара бидай, арпа, күріш, және басқалар, тары, қонақ жүгері, жүгерітағы басқалар/ 4/.Бидай қонырбас тұқымдастардың ішінде арпа трибасына жатады, кейде бидай трибасы деп атап та жүр. Халыкаралық ботаникалық номенклатурада аталған. Бұл триба 2 кіші текке бөлінеді. Бидай I теккежатады.Бидайды морфологиялық құрылысына қарай 2 топка бөлінеді. Олар- нағыз бидай немесе жалаңаш дәнді және қабықты бидайлар. Жалаңаш дәнді бидайларды өңдеу жеңіл болғандықтан, ол өндірісте кең тараған. Жұмсақ бидай қоршаған ортаның кұбылмалы факторларына бейімлелгіш. Сол себепті онын таралу ауданы қатты бидайға қарағанда әлдеқайда кең. Бірақ,қатты бидайдыңтұтыну және технологиялық сапасы жоғары. Ол әртүрлі ауруларға төзімді және иіскенде аз төгіледі.Бидайларды тағы да күздік, жаздық және екі тарамды деп те бөледі. Екі тарамды деп айтатын себебі бұл бидайды күзде де, көктемде де себе беруге болады. Тек ерте көктемде сeyiп, дәнді біраз суыққа шалдырғанда ол жақсы өсіп дамиды да,едәуірөнім береді.Бидайдын барлық бізге аян түрлері - біржылдықөсімдік. Ғалымдардың көп жылдық бидай шығарудағы еңбектері әлі өзінің нәтижесін бере қойған жок. Олар бір-бірінен түсімі, сапасы, ауруларға және колайсыз жағдайларға төзімділігі, т.б. қасиеттерімен ерекшеленеді. Оныңқылтанақты, қылтанақсыз және дәні кызыл, ақ түсті болып келетін, масағы да алуан түсті түрлерібаршылық / 4-5/.Ғалымдар археологиялық деректерге жүгіне отырып, бидайдың отаны оңтүсітік-батыс Азияның сусыз жазық далал ары деп тұжырымдайды. Біздін дәуірдін 6500 жыл бұрын казіргі Иранда, Палестинада, Сирия мен Иорданияда,сондай-ақТүркияда бидай өсіре білгендігі белгілі болды. ІІІамамен осы уакыт аралығында Тигр мен Евфрат өзендерінін ортасында бидайдыңқосдәндітүрін өсіру қолға алынған екен. Ол жайында ескі далалардың арасынан табылған бидайдыңқалдықтары дәлел болды. Бұл тұжырымды қуаттай келе Г.И.Танфильев бидайды Месопатамияның кұнарлы жазықтарында ертедегі Шумерлер мәденилендірген деп түйеді /1/.Біздің жыл санауымыздан 4241 жылдар бұрын, египеттіктер әлі жұлдызды күн тізбектікті пайдалынбай тұрып, бидай өсіру сырларымен таныс болған. Осы кездерде бидайды бүгінгі Украина, Армения, Грузия және Туркмения жерлерінде де өсіре бастаған. Бұдан 4000 жыл бұрын Қазакстан жеріндегі андрон мәдениетінің өкілдері де бидаймен жақсы таныс болғандығын Қостанай ауданында жүргізілген қазба жұмыстары дәлелдейді. Бүгінгі де бидай біздің елде ең басты дақыл. Осы 12,0 млн. га-дан астам жерге салады. Егер солтүстікті облыстарда негізінен жаздық бидай егілсе, онтүстікте күздікі көбірек егеді. Себебі ол қыс пен көктемдегі ылғалды тиімді пайдаланып, мол өнім береді. Оның үстіне күздік ерте пісіп, егістіктерді сол жылдыңөзінде қайтадан жыртуға және жаңа дақыл үшін пайдалануға мүмкіндік туады.Бидай дақылы Америка кұрлығына тек 1598ж. әкелінсе керек. Алғашқыол Онтүстік Америка, сонан соң араға 74 ж салық Солтүстік Америкаға жеткізген. Ең кызығы,қазіргі кезде өте кем таран, мол өнім алатын Канадаға бидай небары 1812 ж келіп жеткен /1-4; 5/.
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттелген аймақтың физико-географиялық сипаттамасы
Кең байтақ Қазақстанның географикалық кұрылымы және агроклиматтық жағдайлары барынша әр түрлі, климаты континентальді, ауа кұбылмалы болып келеді /5/ .
Солтүстік Қазақстан облысы 4495 мың га жерді алып жатыр. Мұндағы климат қатаң әрі өте континентальді /22/.
Солтүстік Қазақстан облысы қара топырақты зонада орналасқан. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екіге бөлінеді :
ылғалдылығы жеткілікті дала;
ылғалдылығы жеткіліксіз дала.
Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде айларында біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты кұрғақшылық бұл аймақта 8-10 жылда бір ретқ айталанады /23/.
Орташа жылдық температура +0.4С, каңтардағы орташа температура -9С",шілдедегі орташа температура +19С' болғанда орташа жылдық жауын – шашын түсімі 315 мм. /22/. Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі/23/.Солтүстік Қазақстан облысы қарапайым орташа гумусты қарашірік зонаға жатқызылады.Қарашіріктің көбі дерлік азды-көпті тұзды топырақ болыпта былады. Карбонатты, карбонатты –тұзды топырақтар кездеседі /22-24/.
Далалық аймақта топырақ біршама біркелкі, ал орманда жерлерде топырақ қабаты комплексті болып келеді/22-24/.Солтүстік Қазақстанның қарашірік топырағының классификациясы былайша сипатталады:
А) Орташа гумусты қарашірік тип асты. гумус 6-9 %)
Түрлері: қарашірік орташа гумусты типті.
қарашірік орташа гумусты 18карбонатты,
қарашірік орташа гумусты тұзды, қарашірік орташа гумусты карбонатты -тұзды.
Б) Аз гумусты қарашірік тип асты.
( гумус 4-6 % )
Түрлері: аз гумусты қарашірік типті.
аз гумусты қарашірік карбонатты,
аз гумусты қарашірік тұзды,
аз гумусты қарашірік карбонат - тұзды /22/.
Топырақ құрылымына,тазалығына, кұнарлығына сезімтал, қажет ететін қатты бидай, ол көбінесе қарашірікті және қаштанды топырақта өседі. Топырақтың қышқылдық ортасы бидайдың өсуін тежейді. Бейтарап немесе өлсіз қышқыл жағдайда (pН 6,0- 7.5) бидай өсімдігі қатты өседі /21/.
Топырақтың қарашірік қабаты едәуір терең болғанмен (60-70 см) топырақ структурасы айтарлықтай жақсы емес. Мұнын негізгі айырмашылығы қарашірік қабағының түсі кәдімгі қара топырақтағыдай анық қара емес, жоғарғы қабатының беті жарылған , ал механикалық кұрамы көбінесе ауыр саздақты болып келеді /24/ .
2.2Жаздық бидай сорттарына сипаттама
Жаздық бидайдың морфо-структуралық көрсеткіштерін талдау үшін зерттеу жумыстары 2013-14 жылдары Көкшетау қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу алаңының террриториясында өсірілген жаздық бидайдың іріктемесіне жүргізілді.
Эритроспермум - 35
Қостанай ауыршаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған. Эритроспермум түршесіне жатады. Сорт ортадан кеш мерзімде 70-96 күнде піседі. Құрғақшылыққ төзімділігі өте жоғары. 1000 дәннің массасы 30-38 г. Нандық сапасы жақсы, күшті бидай қатарына жатады. Қостанай облысында аудандастырылған /25/.
2.3Зерттеу әдістері
Жаздық бидайдың морфо-структуралық корсеткіштерін талдау үшін зерттеу жұмыстары 2013-14 жылдары Көкшетау қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу алаңының террриториясында өсірілген жаздық бидайдың сорттарына жүргізілді. Себу мерзімі осы ауданга қолайлы уақытында егілді (мамырдың екінші - үшінші жартысы).
Морфологиялық анализ Куперман Ф.М. (1952) әдісімен жүргізілді.Жаздық бидайдың биологиялық өнімділігі мына формула бойынша есептелді.
Биологиялық өнімділік = өнімді сабақ саны* масақтағы дән саны *m,1ooo 10000Зерттеуге толық пісіп жетілген кездегі сабақ алынады. І5-тен өсімдік өлшенілді. Фиксация: спирт, су, глицерин (1:1:1 мөлшерде) алынды.
Жаздық бидай сабағының анатомиялық кұрылысын зерттеу толық пісіп, жетілу кезеңінде жүргізілді. Материал Страсбургер-Флемминг әдісі (спирт, глицерин, су (l:l:l ) бойынша фиксацияланды. Анатомиялық кесінділер үшінші буынаралыққа жүргізілді. Арнайы сүрет салатын құрал (РА-4) қолданылды. Кесінділер тоңазытқыш микротомда даярланды.Анатомиялық құрылысын зерттеуде және сипаттауда мынандай еңбектер қолданылды /28-30/.
Эксперименттік жұмыс нәтижелерін өңдеуде Р.Н.Зайцев /31/ және Р.Ф.Лакин /32/ еңбектері пайдаланылды.
3.ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ
3.1 Жаздық бидай сорттарын морфо-структуралық талдау
Зерттелген сорттарға морфологиялық талдау жүргізілді.Біздің зерттеуіміз бойынша Эритроспермум-35 сортында – 64,53±1,9 см болды.
Эритросперум- 35 сортында өнімді өркендер саны (1 м2 ) - масақтың ұзындығы 6,693 ± 0,28см., масақтағы масақшалар саны – 12,26 ± 0,42 дана, масақтағы дән саны 27,2 ± 0,78 дана, кесілген бау салмағы – 83,1 г, бау салмағы – 88,9 г. 1000 дәннің салмағы – 35,2 г, биологиялық өнімділігі -3 1,78 ц/га болды.
Кесте-1 Жаздық бидай сорттары өнімінің құрылымдық көрсеткіштер/2014жыл/
Іріктеме Өнімді өркендер саны Өнімдік биіктігі Масақтың ұзындығы Масақтағы масақшалар саны Масақтың дән саны Кесілген бау салмағы Бау салмағы 1000дәннің салмағы Биологиялық өнімділігі
Эритроспермум35 332 64,53±1,9 6,693±0,28 12,26±0,42 27,2±0,78 83,1 88,9 35,2 31,78
Кесте-2 Tríticum (бидай) Эритроспермум-35 іріктемесінің вегетация кезеңіндегі морфологиялық көрсеткіштер
№ Мерзімі Бидай (см)
ұзындығы Ені
(мм)
1 14.06.2014 18,04 4,12
2 21.06.2014 22 5,36
3 28.06.2014 29,8 7,56
4 5.08.2014 80,52 14,24
Кесте-3 Avéna(сұлы) іріктемесінің вегетация кезеңіндегі морфологиялық көрсеткіштер
№ Мерзімі Бидай (см)
ұзындығы Ені
(мм)
1 14.06.2014 15,92 4,76
2 21.06.2014 21,4 5,2
3 28.06.2014 28,32 7,4
4 5.08.2014 84,08 12,48
Кесте-4 Tríticum (тыңайтқышпен өңделген) Эритроспермум-35 іріктемесінің вегетация кезеңіндегі морфологиялық көрсеткіштер
№ Масақ ұзындығы Дән саны Өсімдік биіктігі
1 8,06 13,12 92,12
Кесте-5 Tríticum (тыңайтқышпен өңделмеген) Эритроспермум-35 іріктемесінің вегетация кезеңіндегі морфологиялық көрсеткіштер
№ Масақ ұзындығы Дән саны Өсімдік биіктігі
1 7,04 12,6 88,88
Кесте-6 Avéna(тыңайтқышпен өңделген) іріктемесінің вегетация кезеңіндегі морфологиялық көрсеткіштер
№ Масақ ұзындығы Дән саны Өсімдік биіктігі
1 7,86 12,8 89,16
Кесте-7 Avéna(тыңайтқышпен өңделмеген) іріктемесінің вегетация кезеңіндегі морфологиялық көрсеткіштер
№ Масақ ұзындығы Дән саны Өсімдік биіктігі
1 6,98 11,48 85,76
3.2 Жаздық бидай мен сұлу сорттарының анатомиялық құрылыс ерекшеліктері
Даражарнақты өсімдіктердін сабағы шоқтық құрылысты, эпидерма, алғашқы қабык және орталық шеңберден тұрады.
Алғашқы қабық құрамында негізінен паренхима болуына байланысты, ол ассимиляциялық қызмет атқарады. Колленхима сирек кездеседі, қабықта көп жағдайда склеренхима дамиды.
Даражарнақтылардың көптеген түрлерінде өзек болмайды. Талшықты өткізгіш шоқтары жабық коллатеральды, яғни камбий болмайды. Барлық өткізгіш шоқтардың шығу тегі прокамбий.
Даражарнақтыларда сабактың соңғы анатомиялық құрылысы аз кездеседі, тек кейбір ағаш түрлерінде кездеседі. Камбийдің болмауына байланысты даражарнақтылардың сабағы клеткалардың бөлінуі нәтижесінде жуандайды /33/.
Жабындық ұлпаны клетка қабықшалары қалыңдаған бір қатар эпидерма клеткалары түзеді. Эпидерма клеткалары қабатының астыңғы жағында арқаулық ұлпа-сүректенген склеренхима талшықтары сақина тәріздес орналасқан. Склеренхима талшықтарында жұқа қабықшалы хлоренхима клеткалары анық байқалады.
Өткізгіш шоқтар- жабық коллатеральды, яғни ксилема және флоэмадан тұрады, камбий болмайды. Өткізгіш шоқтардың орналасуы ерекше орын алады, ауданы бойынша кіші өткізгіш шоқтар склеренхима талшықтары сақинасында орналасқан және шоқ склеренхима қынапшасымен аяқталады. Екінші қатарда, ірі өткізгіш шоқтар паренхима клеткалары арасында орналасқан. Клетка қабыкшалары жұка, паренхима клеткалары 4-5 қатарды кұрайды /33/ .
Сабанның ортанғы бөлігі - ауалы қуыс. Сабақтың ішкі құрылысында арқаулық ұлпаны түзетін клеткалардың қатар саны 4-5, өткізгіш шоқтар саны 26, оның ішінде ірі өткізгіш шоқтар саны 16, кіші өткізгіш шоқтар саны 10, паренхима клеткалары 5-6 қатарды құраған.
Сабақтың анатомиялық құрылысын анықтауда өнімділігі жоғары сорт мынадай ерекшеліктер байқалды.
Биологиялық өнімділігі жоғары Эритроспермум-35 сортының сабағының анатомиялық құрылысында механикалық ұлпа қалыңдығы 48,6+-0.27 мкм, өткізгіш шоқтар саны 20±1,41 болды, өткізгіш шоқ ауданы үлксн 75.2972±2,87х 10"м\г .
Сонымен, зерттеу нәтижелеріміз бойынша Эритроспермум сорттында механикалық ұлпа қалыңдығы қалың болатыны, өткізгіш шоқтар саны аз, алайда ауданы ұлғаятыны анықталды. Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу алаңында бидай мен сұлы өсімдктерге зерттеулер жүргізілді.
Жаздық бидай мен сұлу сабағының анатомиялық көрсеткіштер ерекшеліктері
Кесте-8 Жаздық бидай мен сұлу өсімдіктерінің биологиялық өнімділігі
Өсімдік
Орташа мәні ц/га
Сұлу
21,05
Бидай
29,8
Кесте-9 Жаздық бидай мен сұлу өсімдіктерінің морфологиялық көрсеткіштері
Өсімдік Механикалық ұлпа қалыңдығы(мкм) Өткізгіш шоқ саны
(дана) Өткізгіш шоқ ауданы
х10-3 мм2
Сұлу
30,02±1,25 18,1±1,32 79,1±3,30
Бидай
33,4±0,82 17±1,47 53,38±2,83
ТҰЖЫРЫМДАР
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеу алаңында өсіріліп,тыңайтқышпен өңделген және өңделмеген бидай мен сұлы іріктемелері бір-бірінен ерекшеліктері байқалады.
Жаздық бидайдың алғашқы даму кезінде анатомиялық көрсеткіштері өнімділіктің ерте болжайтын негізгі көрсеткіш ретінде ұсынуға болады.
Өткізгіш шоқтар ауданы неғұрлым үлкен болса,соғұрлым өнімділігі жоғары болады.
Бидай сабағының анатомиялық көрсеткіштерін(өткізгіш шоқтар мен ауданы)селекция саласына маркерлік белгі ретінде ұсынуға болады.
Тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында бидай мен сұлу өсіруге пайдалану тиімді болып табылады.
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
1.Жаздық бидайдың,сұлудың даму кезінде анатомиялық құрылыс көрсеткіштерін өнімділіктің қалыптасуын ерте болжайтын негізгі көрсеткіш ретінде ұсынуға болады.
2.Бидай,сұлу сабағының анатомиялық көрсеткіштерін (өткізгіш шоқтар саны мен ауданы)селекция саласына маркерлік белгі ретінде ұсынуға болады.
3.Өнімділігі жоғары сорттары ауылшаруашылығында қолдануға тиімді.

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Полымбетова Ф.Ә., Әбиев С.Ә, Сәрсенбаев Б.Ә. Пайдалыөсімдіктерәлемінесаяхат. –Алматы: Ғылым 1999 –Б.221.
Еленевский А.Ғ., Соловьева М.П. Тихомиров В.Н Ботаника Системика высших или наземных растений.-Москва.2001-С.374
Әметов.Ә.Ә Ботаника- алматы 2004-Б.364.
Ізтаев.Ә., ОтыншиевАстықтанужәнедиканшылықнегіздері.-Алматы 1994, -Б,325
Полымбетова Ф., Мамонов,ӘбиевҚазақстанныңжаздықбидацы. –Алматы: Ғылым 1991-Б162
Никитенко Биологические основы семеноводства зерновых культур.
Ремесло. Куперман, Животков Агротехника пщеницы интенсивного типа колос с303
Максименко, Кузнецов, Хацевич Пшеница в западной сибири Новособирск1975 б184
Носатовский, Пщеница, биология Колос 1965, 568
Иванов Яровая пщеница Колос 1971 стр328
Полимбетова, Маманов физиология яровой пшеницы в Казахстане, Алматы Наука КАЗ ССР 1980стр288
Коновалов. Фомирование продуктивности колоса яровой пшеницы и ячменя-М:колос1981 стр176
Сулеймено . Агротехника яровой пшеницы. Алматы: Кайнар. 1981 стр104
Яровая пшеница в Серерном Казахстане-Алматы1975 стр232
Әрінов. СолтүстікҚазақстанбидайы-Астана 1998 стр211
Пруцков, Повышение урожайности зерновых культур- Россельхозиздат1982 стр205
Агроном анықтамалығы стр432
Киселев, Степанов, Третьяков. Агроном негіздері- алматы 1982 стр378
Сейітов, Саудабаев, Әбдірвшев, Агрономия негіздері-Алматы 1979 стр457
Полымбетова. Повышение продуктивности и устойчивости зерновых культур. Алматы1979 стр198
Богданова, Каржасова, Махмудова Жұмсақбидайдыңморфологиялықбілгілерініңқоршаған орта факторларыменбайланысты. стр 28-30
Дурасов, Тазабеков, Почвы Казахстана 1981 стр152
Биғалиев, Жамалбеков, Білдебаева, Қазақстантопырағыжәнеоныңэологиясыалматы 1995 стр128
Құспанов. Топырақ, өсімдіктынайтқыш. Алматы 1976 стр184
Можаев, Әрінов, Нұрғалиев, МожаевӨсімдікшаруашылығы. Ақмола 1993 стр360
Проблемы развития аграрного сектора в 21 веке. Материалы международной научно- практической конференции Кокшетау1999 23-25 матра том1
Молодые ученые Сибирского региона- Аграрной науки Выпуск 4. Омск 2004
Прозина Ботаническая миеотехника 1960 стр208
Braune. Leman. Taubert. Pflanzemanatomisches. ZurEinfuhrund in die Anatomie der hoherenPflanzen-Jena 1971 str332
Эзаук Анатомия семенных растений-Мир 1980 стр 558
Зайцев Математика в экспериментальной ботанике- М,1990, стр293
Ленкин Биометрия- М: высшая школа 1990 стр 253
ДүрмекбаеваӨсімдіктерморфологиясы мен анатомиясыныңпрактикумы.- Кокшетау,2004 стр100