?дебиеттік о?у Саба?ты? та?ырыбы:Т?манбай Молда?алиев.Г?лдер.


Әдебиеттік оқу 4 сыныпСабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев.Гүлдер.
Мақсаты:
1.Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып,өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.
2.Өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға,өз ойын қорытындылай алуға мүмкіндік ашу.
3.Гүлдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қорытындысын жасау,ойын әдісі.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Гүлдің суреттері,гүл аттары жазылған қағаздар,
Сабақтың барысы:
1.Ұймдастыру кезеңі:
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Тақтада жайқалған гүлдер суреті ілінеді.
-Балалар біздің тақтадағы суретке қарап ой қорытыңдар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ.
Сабағымыздың тақырыбын өзіміз шығарып көрелік.
-Әрине бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Тұманбай Молдағалиевтің өлеңі Гүлдер.Ендеше біз бүгінгі сабағымызда не туралы білімімізді толықтырады екенбіз ?
-Гүлдер туралы.
-Қазір мен сендерге гүлдердің суретін беремін сол суреттердің ішінен қай гүл саған ұнайды соны таңдап ала ғойыңдар.(Гүлдер таңдап алып жұптарға бөлінеді)
-Кімге қандай бірдей гүл келді сол оқушы бірге жұптасып отыра қойыңдар.
Оқушылар жұптасып отырады.Қандай гүлді алдыңдар сол гүлдің аты бойынша өз жұптарыңның атын атаңдар.Түймедақ,Раушангүл,Қызғалдақ
Оқушыларға мынадай кесте таратылып беріледі ,әрбір бала сол кестеге екі бөлігі бойынша жауап береді.
Мен не білемін ?Нені білгім келеді ?Бүгінгі сабақта не үйрендім ?-Қандай гүлдерді білесіңдер ?
-Гүлдің қандай пайдасы бар ?
-Гүлдерді кімге сыйлаймыз ?
Гүлдер туралы мәлімет.
Бізді ең көп шабыттандырып, жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз. Рас, рас, гүл қуаныштың күлкісін шақыра алады. Өзіңіз гүлге қарап жылаған жанды көріп пе едіңіз, әрине, ол тек бір кездері жақын жаныңыз сыйлап сақтап жүрген гүліңіз болмаса тек. Соның өзінде жылаудан соң әдемі, жүректі жайлы қылатындай күлкі келері анық. Жүрекке жайлылық сыйлайтындай гүлдің қандай қасиеті бар сонда? Бұл сұраққа адамзат баласы сан ғасырлар бұрын жауап іздей бастаған. Олар әр гүл адамға сыйлануы арқылы сан қилы мағынаны, түрлі ойды жеткізе алады деп ойлаған.
Тұманбай Молдағалиев туралы мәлімет беру.
Тұманбай Молдағалиев-қазақтың белгілі ақыны.Ол табиғат сұлулығын суреттеудің шебері.Сондай өлеңдердің бірі-«Гүлдер».Өлеңде ақын өз сезімін қалай жеткізгенін байқаңдар.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Тізбектей басынан аяғына дейін оқыту.
Өлеңді оқып біткеннен кейін әрбір жұптарға тапсырма беріледі.
1-тапсырма оқушылар сызылған гүл күлтесіне гүлге қатысты сипаттау сөздерін өлеңнен тауып жазады.
2 –тапсырма өлеңнен қайталанған сөздерді тауып,қайталану себебіне мән беріңдер.Ақын не үшін бұл тәсілді қолданды деп ойлайсыңдар ?
Ережемен жұмыс .Ережені оқыту.
-Не үшін ақындар қайталау әдісін қолданады ?Қайталау-сөз әсерін күшейту.Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады.
3-тапсырма
«Шатасқан шумақтар ойыны» әрбір жұпқа өлең жолдарының орындары ауысып кеткен өлеңдер беріледі.Сол өлең жолдарын мағынасына,ұйқасына қарап,қайта жазып шығу тапсырылады.
Гүлдер,гүлдер не түрлі
Бастады той думанын жазық дала,
Құлпырды да жетілді.
Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.
Барлық дала өртеніпМалшылар өрісінен қозы терсе,
Бара жатқан секілді.
Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.
4-тапсырма
Ұйқас сөздерді пайдаланып ,гүл туралы бір шумақ өлең құрастырыңдар (Әрбір бала жеке құрастырады.)
-Ал сбақтың соңында кестеміздің соңғы бөлігін толтырайық Бүгінгі сабақта не үйрендім ?бөлігін толтырады.
Рефлексия
Оқушыларға гүл күлтелері таратылып беріледі.
-Балалар бүгінгі сабағымызда гүл туралы не білдік ? Гүлдер өлеңінің авторы туралы не білгенімізді гүл күлтесіне жазып жіберейік .Жазған соң оқушылар өздері айтып,гүл күлтесінен гүл құрастырады.
Қорытындылау :-Гүлдердің пайдасы қандай ?-Кімдерге гүл сыйлаймыз ?Үйге тапсырма беру :Өлеңді мәнерлеп оқу ,өзіңе ұнайтын гүлдің суретін салып келу.Гүлге байланысты мақал-мәтелдер жинастырып жазып келу.