Ал?аш?ы ?стазыма шы?армашылы? ж?мыс. Жетекшісі: Ж?маг?л Мия?ызы Д?рменова


Алғашқы ұстазыма
( Дәрменова Жұмагүл Мияқызына арналады)
Білімнің жаққан шырағын,
Кездессе қайда мұғалім.
Беремін сәлем ізетпен
Басымды иіп тұрамын.
Санамның ашып бұлағын,
Жаттаған үнін құлағым.
Жақсылық жолын үйреткен,
Қадірлі адам – мұғалім.
Өмірлік қымбат анамдай,
Қадірлі жан деп ұғамын.
Атанып жақсы ұланың,
Жолыңды жарқын қуамын.
Күлімдеп маған қараған
Жанарыңнан ұғамын.
Сенімін ақтап қырандай
Биікке талай самғармын.