открытый урок по матиматике на тему ?ш та?балы санды бір та?балы сан?а ауызша к?бейту(3 класс)


Тақырыбы : Үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту.
Мақсаты: 1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді бекіту,жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру;
2.Оқушылардың ой-өрісін,логикалық ойлау қабілеттерін,математикалық тілін,шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
3.Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа және жарысу арқылы тез,дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
Түрі : «Ақшақар мен 7 ергежейлі» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ
Әдісі: түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап,практикалық,ойын.
Көрнекілігі: Инт.тақта,сабақ барысы слайдтар,ертегі кейіпкерлері
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығу арқылы сабаққа аудару «Алақан жаттығуы»
Балалар сабағымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңе алақандарыңды біріктіріп,жүрек жылуын бір-бірлеріңе беріңдер.
Балалар хормен: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Мұғалім: - Балалар,айтқан тілектерің қабыл болсын!Енді ,барлығымыз жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық! Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазып қояйық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: -Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-Үйге 230 беттегі № 2 тапсырма берілген болатын.Қане,оқып жіберейік:
16:5=3(қалд.1) 28:3=9(қалд.1) 57:6=9(қалд.1)
5·3=15+1=16 3·9=27+1=29 9·6=54+3=57
- Тамаша,балалар,сонымен біз өткен сабақтарда екі таңбалы санға бір таңбалы санды бөлуді,және үш таңбалы санға бір таңбалы санды ауызша көбейтуді үйрендік.
ІІІ. Өткен материалды пысқтау :- Ендеше,балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бүгінгі сабағымызды «Ақшақар мен 7 ергежейлі» ертегісі кейіпкерлерінің қатысуымен жүргіземіз.Ол ертегі естеріңде ме?Жақсы, тақтаға назар аударайық,бүгінгі тақырып «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту».Бүгін біз үш таңбалы санға бір таңбалы санды ауызша көбейтуге байланысты есептер шығарамыз;
Өзіміздің алғырлық,тапқырлық қасиеттерімізді көрсетеміз.
Олай болса балалар ергежейлі әлеміне қош келдіңдер! -Мына суретте ертегі кейіпкерлері берілген,олардың әрқайсысының тапсырмалары бар екен.
1салайд: Бірінші ергежейлі тапсырмасы:
«Ойлан тап»ойыны .Ауызша.
423·2=846 421•2=842 43·2=86 424·2=848
433·2=866 413·2=826 134·2=268 334·2=668
Жарайсыңдар ,балалар, тапсырманы орындап шықтық,мұндай тапсырмаларды өткен сабақтарда орындадық, келесі сабақтарда да орындаймыз,Бірінші ергежейлінің тапсырмасынан өттік.
-Жарайсыңдар ,балалар!
2слайд:Екінші ергежейлі тапсырмасы: : Ергежейлінің тапсырмасын тыңдайық:Математикақ диктант. №3.Өрнектер құрып,мәндерін тап.
24·2=48 244·2=488 23·3=69
112·2=224 31·3=93 322·3=966
36·2=72 132·3=396
-Жарайсыңдар, балалар!Екінші ергежейлінің тапсырмасынан өттік.
3 слайд: Үшінші ергежейлі тапсырмасы: Оқулығымыздағы 232 беттегі №5тапсырма.Мәтіндік есеп берілген.
Сүт фермасында таңертеңгілік сауымда сауыншының көмекшісі 124л сүт,ал сауыншы одан 2 есе көп сүт сауды.Сауыншы көмекшісімен бірге неше литр сүт сауды?
С2425065412750021678904127500.көмекшісі-124 л Ш:124+(124·2)=372л
Сауыншы-?,2есе көп ? Ж: 372л сүт сауды.
-Жарайсыңдар ,балалар,өздеріңнің шапшаңдықтарыңды,тапқырлықтарыңды көрсетіп жатырсыңдар.
4 слайд: Төртінші ергежейлі тапсырмасы: Жарайсыңдар ,балалар,шамалы сергіп алайық.Сергіту сәті. Жарайсыңдар ,балалар,ергежейлінің
келесі тапсырмасына назар аударайық.
5 слайд: Бесінші ергежейлі тапсырмасы: Енді келесі тапсырмада оқулықтан № 6 тапсырманы орында дейді.Теңдеулерді шеш:
1оқушы: 900-х=241• 2 2 оқушы: х+166=322·3
900-x=482 х+166=966
x=900-482 х=966-166
x=418 х=800
900-418=241•2 800+166=322·3
484=484 966=966
6 слайд: Алтыншы ергежейлі тапсырмасы:№8 тапсырма
Ұзындығы 8см,ал ені одан 4 есе кем болатын тік төртбұрыш сыз.Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.
9963157620000а-8см Ш: 8:4=2( b) S=a·b
b-?,4есе кем P=(а+b) S=8см·2см
P-? P=(8см+2см) ·2 S=16см.кв
S-? P=12см
Қортынды :Алма теру ойыны арқылы сабақты бекіту.
7 слайд:Жетінші ергежейлінің тапсырмасы:
Ақшақарға алма теруге көмектесу: «Алма теру »ойыны
240·2=480 721·1=721 309·3=927 209·4=836
823·0=0 108·4=432 320·3=960 308·2=616
-Жарайсыңдар ,балалар,сонымен ергежейлілердің тапсырмаларынан сүрінбей өте алдыңдар.Жарайсыңдар,балалар!
-Сонымен сендерге бүгінгі сабақта не қиын болды? Не ұнады? Несімен қызық болды?
Бағалау: Ендеше ,ергежейлілер сендерді қалай бағалады екен қарайық. Кім көп ергежейлі жинады? Тамаша!
Үйге тапсырма : №2  231бет.
№ 132 орта мектебі
Т а қ ы р ы б ы:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту
3 «А» сынып
(математика пәнінен ашық сабақ)


Жүргізген: бастауыш сынып мұғалімі: Омарова П.М
2015жыл