Конспект урока на тему: Шеміршекті балы?тар: акулалар ж?не скаттар. Балы?тарды? ма?ызы ж?не оларды ?алпына келтіру шаралары. ?остынысты балы?тар. Сауса??анатты балы?тар, оларды? ??рлы?ты? омырт?алы жануарларды? шы?у тегіндегі ма?ызы


Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылы
Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп
Пән мұғалімі: Есембекова Калампыр Батыровна
Пәні Биология.
Сыныбы 7а
Сабақтың тақырыбы Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Балықтардың маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы.
Мақсаты Шеміршекті балықтардың түрлері, маңызы, қорғау шаралары, шығу тегіндегі маңызы туралы оқып үйрену.
Күтілетін нәтижелері Шеміршекті балықтар туралы түсініктерін кеңейтеді; Шеміршекті балықтарды сүйекті балықтармен ерекшеліктерін салыстырып, ажыратады; Балықтардың маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары туралы қорытынды жасайды.
Керекті жабдықтар Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева «Биология» 7-сынып Алматы «Атамұра» 2012ж, флипчат, маркер, слайд, жіп, стикер,интербелсенді тақта, суреттер,плакаттар,қағаздар, рефлексия парағы
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, сыныптын сабаққа дайындығын қадағалау.
*Топқа бөлу:«Судағы балықтар» әдісімен топқа бөлу.
*Үй тапсырмасын тексеру: «Балықтарға ау тоқу» тәсілімен тексеру. Мұғалім оқушыларды шеңбер қылып тұрғызады, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындайды.Жіптін бір ұшын бір оқушыға беріп, сұрақ қойып, екінші ,үшінші оқушыларға жіп өргізіп сұраққа жауап алады. Амандасады.
«Судағы балықтар»әдісінде оқушылар тақтадағы балық суреттерін алып, балық түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды.
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды.
Тұсаукесер Қызығушылықты ояту.
*Категориялық ассосация» әдісі арқылы оқушылар «Балықтар» сөзіне сипаттама беру.Және жаңа тақырыпты ашу.
Интербелсенді тақта арқылы электронды оқулықтан « шеміршекті балықтар» туралы мағлұмат беріледі. Дарынды және талантты оқушыларға топтастыру жұмысы жүргізіледі.
Оқушылар бұрыннан білетінін естеріне түсіріп топтастыру жұмысын жүргізеді.Интербелсенді тақта арқылы бейне фильм қарап, өз ойларын айтады.
Негізгі бөлім Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
*«Ойлан, жұптас, бөліс » әдісі арқылы жүзеге асырылады.
І-топ: «Шеміршекті балықтарға тән белгілер»
ІІ-топ: «Акулалар»
ІІІ-топ: «Скаттар»
ІҮ-топ: «Балықтардың маңызы, қалпына келтіру шаралары»
1)Тақырыпты өздігінен оқуға тапсыру.
2)Әр топқа тапсырма беру.
3)Тақырып бойынша постер құру.
4)Термин сөздерді дәптерге жаздыру.
Әрбір топ кезектесіп постерлерін қорғау.
Формативті бағалау:
І топ: «Бармақ бағыты»
ІІ топ: «Бармақ бағыты»
ІІІ топ: «Смайлик
ІҮ топ: «Смайлик»
Оқушылар мәтінмен жеке мәтінді оқып, жұпта бөлісіп, топта талқылайды.
Оқулықпен жұмыстана отырып термин сөздерді дәптерге жазып алады.
Топта талдап, ең үздік жазылған мәліметті атап көрсетеді.Сосын постер құрады.
Әрбір топтын мүшелері кезектесіп басқа топ мүшелеріне постер қорғайды.
Топтар бір-бірінің жұмысына «Бармақ бағыты», «Смайлик» арқылы бағалайды.
Қорытынды
Сабақ соңындағы рефлексия:
Үйге тапсырма: І топ: « 5 жолды өлең»
ІІ топ: «Венн диаграммасы»
ІІІ топ «Кесте толтыру»
ІҮ топ: «Топтастыру»
әдістері арқылы сабақты бекіту.
Слайд арқылы сабақ қорытындыланады.
«Бағалау парағы» арқылы топ басшылары бағалайды.
«Мен үшін бүгінгі сабақ» атты рефлексия қалдырады.
§51 тақырыптарын оқу, мәлімет жинау. Әрбір топ оқушыларына бүгінгі сабақты қалай меңгергендерін анықтау үшін бекіту тапсырмалары беріледі. Топ басшылары бағалайды
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін рефлексия қағазына жапсырады.
Күнделіктеріне жазу.
Топ басшысының бағалау парағы
Р/с Топ мүшелерінің аты-жөні Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Қорытынды баға
Балықтарға ау тоқу Категория
лық топтас
тыру Постер құру
Постер қорғау
Бекіту тапсырмалары 1 2 3 4 5 6 7
Сұрақтар:
1.Сүйекті балықтардың қазіргі кезде қанша түрі бар? (20000)
2.Денесі қандай бөліктен тұрады? (бас, тұлға, құйрық)
3. Терісі немен қапталған? (қабыршақпен)
4.Іші ауаға толы ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінетін бөлігі? (торсылдақ)
5.Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатынмүшесі не пайда болған? (қуық)
6.Аталық безден бөлінген сұйықтық қалай аталады? (шоғал)
7.Бекірелер, албырттар уылдырықтарын қайда шашады? (теңізден өзенге өрістеп уылдырық шашады)
8.Кәсіптік мәні зор, дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланатын балық? (бекіре)
9.Бекіре балықтарының бір тобы-Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген балықтар ? (Сібір бекіресі, пілмай)
10.Саусаққанатты балық-кейбір түрлері ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен? (латимерия)