?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары ?ожанасыр мен Алдарк?се.?ш сом (2сынып)








Күні: 23.10.2015
Тақырыбы: Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом Сабақтың мақсаты: Оқушылардың аңыз туралы, Қожанасыр туралы алған білімдерін дамыта отырып, мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.Сабақтың міндеті:1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі тағы бір аңыз кейіпкері Алдар Көсемен таныстыру.2. Аңыздың мазмұнын айта отырып, өз ойларын қосуға, пікір айтуға дағдыландыру.3. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болу, өтірік айтпау, адамдарды алдамау сияқты жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру.Көрнекіліктер: аңыз туралы жазылған анықтама,суреттер.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Әдісі: сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, проблемалық жағдаятты шешуСабақтың жоспары мен барысыҰйымдастыру кезеңіҚайырлы күн достарымҚайырлы күн болсын.Жұма күннің сәті,Сәттілікке толсынБіздің алар бағамызКілең бестік болсынҮй тапсырмасын тексеруа) Қожанасыр мен Алдар Көсе әңгімесі бойынша түсінгенін сұрау.- Осының алдында қандай мәтін оқыдық? Бұл екі әңгімені не нәрсеге жатқызуға болады? Аңыз дегеніміз не? Балалар біз оқып жатқан бөлім қалай аталады? Өмірде болған адам басына құралған әңгіме қалай аталады?Атадан қалған асыл мұраЕртегі, аңыз, төрт түлік туралы жырКіріспе бөлімЕндеше, біз бүгін сендермен тағыда бір аңыз әңгімемен танысамыз. Бұл әңгіменің атын мына сөзжұмбақ шешу арқылы білеміз.түлкіашқарақсақинақойҚылмойынБалалар, біздің қазақ халқында үш қасиетті сан болып саналады.Үш санына байланысты не білесіңдер?Үш жұрт(нағашы, өз жұрты, қайын жұрты)Үш арсыз(ұйқы, күлкі, тамақ)Сом деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?Біз егемендік алғанға дейін біздің ақшамыз сом болған. Қазіргі кезде қырғыз халқының ақшасы сом деп аталады.Сергіту сәтіАғаштар да тербеліп,Жерге түсті жапырақАл, қанекей жинайықСебеттерге молырақЖаңа сабақа) мұғалімнің оқуыә) оқушылардың оқуыМәтінмен жұмысМәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу арқылы шығармашылық тапсырма орындату.Дәптермен жұмысСенің ойыңша Алдар Көсенің қылығы дұрыс па?Дұрыс болса несімен дұрыс?Қате болса несімен қате?Бір - екі сөйлеммен өз ойларын білдіру.ҚорытындыСабақты сахналық көрініспен қорытындылау.Мәтінді өткен сабақтағы мәтінмен салыстыруҚожанасыр мен Алдар КөсеҮш сомЕкі мәтіннің ұқсастығын айырмашылығын сұрақтар қою арқылы оқушы ойымен тақтаға жазу.Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы оларды салыстыру.♦ Қожанасыр – алдайды, күлкілі♦ Алдар Көсе - алдайды, кедейге көмектеседі♦ Екеуі де тапқырҮйге тапсырмаМәтінді мазмұндап келуге дайындалып келу. Алдар Көсе мен Қожанасыр туралы қосымша мағлұмат жинау.Оқушылардың білімдерін бағалау