Саба? жоспары : Шатты??а толы ж?рекпен


Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.Сабақтың мақсаты: 1. Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.2. Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.3. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта,тестСабақтың түрі: араласПәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетануӘдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіруФормасы: жеке, жұптық.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. Көршілеріңнің аттарының бірінші әрпіне байланысты сын есім айту. Рамазан- рақымды …Дәптерді ашып, күн ретін жазу.Көркем жазу минуты. Ж жЖақсы сөз –сүйіндіреді.Жаман сөз – күйіндіреді.ІІ. Өткенді қайталау сұрақтары.1. Сын есім дегеніміз не?2. Қандай сұраққа жауап береді?3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?4. Дара сын есім дегеніміз не?5. Күрделі сын есім дегеніміз не?6. Негізгі сын есім дегеніміз не?7. Туынды сын есім дегеніміз не?8. Сын есім сөйлем мүшесінде ненің қызметін атқарады?9. Сын қай сөз таптарынан жасалады?Өткен материалды бекіту.1. Сын есім дегеніміз не?2. Қандай сұраққа жауап береді?3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?4. Дара сын есім дегеніміз не?5. Күрделі сын есім дегеніміз не?6. Негізгі сын есім дегеніміз не?7. Туынды сын есім дегеніміз не?8. Сын есім сөйлем мүшесінде ненің қызметін атқарады?9. Сын қай сөз таптарынан жасалады?
Өткен материалды бекіту.Семантикалық картамен жұмыс. №1
1-қатарСемантикалық картамен жұмыс. №1
1-қатар
  Түсі Салмағы Көлемі Сапасы Дәмі
қызыл          
үлкен          
ауыр          
жақсы          
қышқыл          
 
2-қатар
  көкқара көктұщы шұбар алаүлкен-кіші
Дара сын есім          
Күрделі сын есім          
 
3-қатар
  таза киім сыйлас дос көк аспан гүлді көйлек терең көлНегізгі  сын есім          
Туынды сын есім          
ІІІ.  Жаңа сабақ.Ой қозғау.
Заттарды көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндіру.
Қарсы мәндес сын есім дегенді қалай түсінесіңдер?Оқушылар өз ойларын айтады. Ереже шығару.Мағыналары бір – біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.Жарық-қараңғы,ыстық-суық т.б Оқулықпен жұмыс.1 – жаттығуҰйқасын тап. Қарсы мағыналы сын есімдерге мақал табу.
Қара өрік пен сары өрік,
Ақ өрікті көріп пе ең?
Білсең, кәне айта ғой,
Не жасайды…?   (өріктен)
Өлеңнен сын есімдерді тап.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тауып, олардың қай сөз табы екенін анықта.
2-жаттығу.  «Сыңарын тап» ойыны   №2Әр топқа жеке жұмыс беріледі. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз1-қатар: қатты, ірі, жарық ,оңай, қара2-қатар: биік, ауыр, жақсы, жуан,Осы сөздерге сөйлем құратып, сөйлем мүшесіне талдату.
Сергіту сәті.
Аяқпенен топ-топ-топ,Алақанды соқ-соқ-соқ,Бір оңға, бір солғаАйналайық кел мұнда.Қолымызды бір сілтеп,Басымызды шайқайық,Бір оңға, бір солғаАйналайық кел мұнда.Секіреміз жоғары,Қиын емес секіру,Бір оңға, бір соға,Айналайық кел мұнда.Бір оңға, бір солғаАйналайық кел мұнда.
4-жаттығу.  Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Қарсы мәндес сын есімдерге мысал келтір.6- жаттығу. Ауызша .    Ойын «Менің орным қайда?»
Адал – арам
Терең – таяз
Таза –лас
Ауыр –жеңіл
Әдепті –әдепсіз
Қымбат –арзан
Сөз мерген  (мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)3 топқа тапсырма. 2 минут ішінде 10 сөз жазу  (5,6, 7 +30 сек)  №3
1-қатар: күрделі сын есімге сөздер жазу.
2-қатар: қарсы мәндес сөздерге мысалдар жазу
Жазған сөздерін қатыстырып 3 сөйлем құрату.
Бекіту. 
Сын есім бойынша тест. (2 минут)  №41. Сын есімдерді тап.а) менің, сенің
ә) қалың, жұқаб) оқыған, тоқыған
в) жанында
2. Туынды сын есімді тап.
а) жақсы, жаман
ә) жылы, суықб) ақылды, айлалы
в) ұзын, ұшқыр
3. Зат есімнен болған туынды сын есімді тап.
а) өнерлі, тасты
ә) жарық, қымбат
б) қатты, қою
в) тұнық, жұмсақ
4. Етістіктен болған сын есімді тап.
а) көмірлі, нулы
ә) парасатты, қымбатб) атақты, күшті
в) сенгіш, білгіш
5. Қарсы мәндес сын есімді тап.а) жақсы-жаман
ә) биік- жоғары
б) сұлу-әдемі
в) көк-көгілдірДұрыс жауабын оқушылар өздері тауып балл бойынша бағалайды.
Сабақты қорытындылау.
Данышпандар кітабыБіз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе, надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. (мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тапқызу)– Не білдік?
– Не үйрендік?
– Не ұнады?
Үйге тапсырма:  3 –жаттығу.
Сын есім бойынша тест. (2 минут)  №41. Сын есімдерді тап.а) менің, сеніңә) қалың, жұқаб) оқыған, тоқыған
в) жанында
2. Туынды сын есімді тап.
а) жақсы, жаман
ә) жылы, суықб) ақылды, айлалы
в) ұзын, ұшқыр
3. Зат есімнен болған туынды сын есімді тап.
а) өнерлі, тасты
ә) жарық, қымбат
б) қатты, қою
в) тұнық, жұмсақ
4. Етістіктен болған сын есімді тап.
а) көмірлі, нулы
ә) парасатты, қымбатб) атақты, күшті
в) сенгіш, білгіш
5. Қарсы мәндес сын есімді тап.а) жақсы-жаман
ә) биік- жоғары
б) сұлу-әдемі
в) көк-көгілдірСын есім бойынша тест. (2 минут)  №41. Сын есімдерді тап.а) менің, сеніңә) қалың, жұқаб) оқыған, тоқыған
в) жанында
2. Туынды сын есімді тап.
а) жақсы, жаман
ә) жылы, суықб) ақылды, айлалы
в) ұзын, ұшқыр
3. Зат есімнен болған туынды сын есімді тап.
а) өнерлі, тасты
ә) жарық, қымбат
б) қатты, қою
в) тұнық, жұмсақ
4. Етістіктен болған сын есімді тап.
а) көмірлі, нулы
ә) парасатты, қымбатб) атақты, күшті
в) сенгіш, білгіш
5. Қарсы мәндес сын есімді тап.а) жақсы-жаман
ә) биік- жоғары
б) сұлу-әдемі
в) көк-көгілдірТақырыбы: Дара және күрделі сан есім Мақсаты: Сан есімнің дара, күрделі түрлерімен таныстыру; күрделі сан есімнің емлесін меңгерту;Міндеттері: сан есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету;оқушылардың тіл байлықтарын дамыту;тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу;Күтілетін нәтиже: жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады; сан есімді ажырата біледі; сауатты жаза біледі;Түйінді түсініктер: Дара сан есімді күрделіге айналдыруСАБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫІ. Қызығушылықты оятуМұғалімнің іс - әрекеті: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау. Сабаққа даярланады, жинақталады, топқа бөлінедіМұғалімнің іс - әрекеті: Оқушылардың қолдарына сөздер жазылған карточкалар таратылады. Сол бойынша 2 топқа бөлінеді.Жеті ата, жеті күн тобы«Ойлан, тап» ойыныМұғалім ойынның шартымен таныстырады. Оқушылар өрнектердің мәнін есептеп, тақырыптың атын шығарады. 9+5=15 (е) 24+20=44 (і)27: 3=9 (н) 18: 9=2 (с)13+26=39(а) 420: 6=70 (м) (3 слайд)Сандарды әріптермен алмастыру2 39 9 15 2 4000 70Сан есімТоптастыру. Сан есім туралы білетіндерін сұрайды. Оқушылар білгендерін айтады.Сан есім ІІ. Мағынаны тану Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Оқушылар тапсырма орындай отырып ережені қорытындылайды. Тақтаға екі бағанға сан есімдер жазылады.бес жүз тоқсан тоғызалтыншы он бестоғыз бір мың тоғыз жүз он алтыншыЕкі бағандағы сөздерді салыстырыңдар?Айырмашылықтарын табыңдар.Ережені оқу Көркем жазу Ауызша сұрау Дәптерге көркем жазу. С с сексенОқулықпен жұмыс:Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қадағалайды, жетекшілік жасайды. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады. Ережені оқып талдайды.Шығармашылық тапсырма: Топпен жұмысІ топ. 1 - жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді теріп жазып, олардың неше сөзден құралғанына көңіл бөл.ІІ топ. 2 жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Дара және күрделі сан есімдерді жаз.екі топқа. 3 - жаттығу. Сан есімдерді тап, оны санмен жаз. Дара және күрделі сан есімдерді ажырат.Сауаттылық минутыМұғалім тапсырма береді. Оқушылар сан есімдерді дара және күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жазады. 9, 28, 645, 2, 60, 2004, 100 1996.Тоғыз, екі, алпыс, жүз.Жиырма сегіз, алты жүз қырық бес, екі мың төрт, мың тоғыз жүз тоқсан алты. (7 слайд)Топпен жұмысІ топРеттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып жаз.отыз екінші үй –оныншы аудан –төртінші кітап –жиырма үшінші орын –сегізінші қабат –үшінші қатар –бірінші бала –ІІ топЕсептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз.Жүз жетпіс екі... мектеп, он екі... сынып, екі... қабат, он төрт... орын, жиырма сегіз... оқушы, сегіз... үй.Шығармашылық тапсырма: Мұғалім оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды. Оқушылардың жұмыстарын қадағалайды, жетекшілік жасайды. Оқушылар топтық жұмысқа даярланады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетедіІ топ. Санмен өрнектелген мақалдарды оқы.(8 слайд)Еңб2, адамның 2 - нші анасы.Ерінш2, тің ертеңі 1, тп, 5.Өм, 1, адам б,, асын еңб2, ке үйр, 7, ті.4еу түгел болса, төбедегі келер,6ау ала болса, ауыздағы кетер.ІІ топ. Көңілді шумақтар (9 слайд)Же1 екен 1қазан:Кей1 жемді 1қазан1 – ақ сәтте қойды жеп.Кү1 етті,«Тойдым», - деп..Естіп 1 кез дү1ді,Жағадағы тү1діПаналауға жүгірді.ІІІ. Ой толғанысМұғалім жетекшілік жасайды, қадағалайды. Оқушылар өздері орындайды.5 - жаттығу. Өрнектерді оқы, олардың мәнін тауып, Сөйлем түрінде жаз. Олардың қандай сан есім екенін айт.20 - 5 50+18 9*910*5 90 - 20 200: 4Жиырма мен бестің айырмасы он беске тең. Он мен бестің көбейтіндісі елуге тең. Елу мен он сегіздің қосындысы алпыс сегізге тең. Тоқсан мен жиырманың айырмасы жетпіске тең. Тоғыз бен тоғыздың көбейтіндісі сексен бірге тең. Екі жүз бен төрттің бөліндісі елуге тең.Дара: 20, 5, 10, 90, 50, 70, 9, 4Күрделі: 15, 18, 068, 81, 200Әр топтан 2 бала орындайды.Тест алу«Иә, жоқ» ойыны Мұғалім тапсырманы түсіндіреді. Әр тапсырманың тұсына иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер. Оқушылар орындайды. Тақтада тексереді1. Сан есім заттың санын білдіреді. Иә жоқ2. «30»- дара сан есім. Иә, жоқ3. «Төртінші» - есептік сан есім. Иә, жоқ4. Күрделі сан есім бір сөзден жасалады. иә, жоқ5. Күрделі сан есімнің құрамындағы сөздер бөлек жазылады. Иә, жоқ6. Дара сан есім бір сөзден құралады. Иә, жоқ7. «264»- күрделі сан есім. Иә, жоқ8. «600» - дара сан есім. Иә, жоқ9. Реттік сан есім есептік сан есімге – нші, ншы, - інші, - ыншы жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Иә, жоқ 10. «Бесінші» - реттік сан есім. Иә, жоқ (11 слайд)Тексеру Мұғалім дұрыс жауабын оқып отырады,. Оқушылар тақтадан көріп тексереді1 - 4 - «2»5 - 6 -«3»7 - 8 -«4»9 - 10 -«5»(12 слайд) Өзін - өзі тексередіҚорытындыБағалауКері байланыс(оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады?Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...Үйге: 4 - жаттығу, 137 бет
Өзіндік білім көтеру жоспары
Білімі:   жоғары,  1988 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық  институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады 
Квалификациялық категориясы-жоғары; разряд - 14.
Біліктілікті көтеру:
2001–Математикаға оқытудың жаңа технологиясы және мемлекеттік стандарт,48с 
2008ж.–«Қиындығы жоғары есептерді шешудің әдістері мен тәсілдері»,36 с 
Өзіндік білім көтеру жұмысының тақырыбы:
Мектеп ұжымының тақырыбы: "Заман талабына сай оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту " 
 
Өзіндік білім көтеру тақырыбы: "Математика сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру". 
 
Жұмыс 2011 жылы басталды. 
Жұмысты 2014 жылы аяқтауға болжам жасалды. 
 
Өзіндік білім көтерудің мақсаттары мен міндеттері:
 
Негізгі тәрбиелік мақсаты – оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру
Міндеттері: 
• Ойын элементтері, стандартты емес сабақтар, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру. 
• Оқушы білімін тексерудің барлық түрлерінде оқушыларға жекелейжәне дифференциалды тапсырмалар беру
• Оқушы білімін тексерудің диагностикасын және мониторингсін жасау. 
     
Педагогикалық іс-әректтің негізгі идеясы :
 
• Әр оқушыға тұлға ретінде қарау
• Білім мен тәрбие беру;
• Ғылымға құштарлығын арттыру
• Дифференциалданған және жекелей тапсырмалар беру;
• Оқушы мен педагогтың ынтымақтастығын жүзеге асыру;
• Дамыта оқыту теориясын қолдану (Л. В. Занков );
• Танымдық қызығушылығын дамыту теориясын қолдану (И. Гальперина, Щукина ).
 
Өзіндік білім көтерудің мақсаттары:
 
• Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену. 
• Математикалық білімді тереңдету. 
• Педагогика ғылымының жетістіктерін,озат тәжірибені оқып-үйрену. 
• Жалпы мәдени деңгейді көтеру. 
Іс-шараның тақырыбы мерзімі
 
1
"Оқушылардың танымдық қызығушылығын және сабақтың тиімділігін арттыру жолдары" тақырыбы бойынша әдебиеттер оқу ӘБ отырысында оқып- үйрену қорытындысы туралы есеп беру (ӘБ жоспары бойынша)
2 Кабинеттің материалдық-техникалық базасын жақсарту . 2014жылға қарай
3 Математика сабақтарында модульдік технологияны және Қараевтің технологиясын қолдану
2012-2013оқу жылы.
4 5-сыныптың математикасына үлестірме материалдар дайындау 2011-2012 оқу жылы
5 Л. В. Занковтың, Давыдовтың,газет-журналдадағы жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқып-үйрену
Кезең ішінде
6 Аудандағы және мектептегі сыныптан тыс шараларға, сондай-ақ физика, математика, география, биология сабақтарына қатысып озат тәжірибені үйрену. Жыл бойы
7 Өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша тәжірибе тарату (Аудандық ӘБ-тегі сараптама есебі) 2014ж
 
 
Білім беру процесіндегі бағдарламалық-әдістемелік құралдар жасау: 
 
Іс-шара Мерзімі
1 5-11 сыныптардың математика оқулықтары бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасау Оқу жылдары бойынша
2 11-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары оқулығы бойынша сабақ жоспарларын жасау Тамыз-қыркүйек 2012ж
3 Математикадан тақырыптық тест құрау Тамыз-қыркүйек 2013
4 5-сынып математикасы бойынша бақылау жұмыстарын құрау Тамыз-қыркүйек 2011
5 Математиканың негізгі тақырыптары бойынша жаттығу жұмыстарын жасау Жыл бойы
6 «Математика және бизнес» қолданбалы курстың бағдарламасын жасау Тамыз-қыркүйек 2011
7 Авторлық бағдарлама Қиындығы жоғары есептерді шешу тәсілдері» Тамыз-қыркүйек 2012
8 ҰБТ –ді талдау және сараптау парағы бойынша оқушы біліміне диагностика жасау (интернетті пайдалану) Жыл бойы
 
Әдебиеттер тізімі:       
• Журнал "Математика в школе" 2005 - 2013 жылдар
• "Математика және физика" журналы 2009 – 2013ж. 
• Интернеттегі әдістемелік материалдар. 
• Кітаптар:
"Мастерская учителя", мақалалар жинағы "5 за знания "баспасы, М. 2005 жыл;
"Нестандартные формы внеклассной работы в 7-11 классах", изд. "Учитель - АСТ", Волгоград, 2006 жылы.
Математика 5-11 сынып  практикум (Дрофа)
Электронды оқулық11 -сынып
 
Білімді практикада қолдану
 
Іс-шара Мерзімі
1 Аудандық ӘБ отырыстарындағы,мектептегі пән бірлестігіндегіндегі баяндамалар,рефераттар, ӘБжоспары бойынша
2 Іс-тәжірибе тарату 2014жыл
3 Тақырып бойынша өзіндік талдау жасау Қаңтар-сәуір2014.
4 Аудандық,аймақтық конкурстарға қатысу
 
Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесіне қатысу:
• Математикадан олимпиада материалдарын дайындау. Мектепішілік олимпиада өткізу. Қорытындысын шығару. 
• Математика пәні бойынша аудандық олимпиадаға қатысатын команданы дайындау. 
• Математика апталығын дайындау және өткізу.
• Ашық сабақтар өткізу 
  Білім көтеруде мұғалімдерге өзара көмек көрсету:
• С.Ж. Ибраев пен Қ.А. Қанапияноваға 2010 жылғы стандарт бойынша 5-9 сыныптардағы математика бағдарламасын пайдалана отырып күнтізбелік жоспар құруға көмектесу. 
• Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу 
• Жылына 1-2 рет қиынды бақылау өткізіп, өзара дәптер тексеру.
• Нормативтік құжаттарды оқып-үйрену және оны ӘБ отырыстарында талдау
• Математиканың қиын тарауларын оқып-үйрену
• Электронды оқулықтарды пайдалануда мұғалімдерге көмек көрсету